II. Терең тамырлары
Аяқтың терең тамырлары аттас артерияларымен қосарлана жүреді. Олардың ағыстарына
аяқ ұшының табандық және дорсалды тамырлық доғалары (arcus venosus plantaris et arcus
venosus dorsalis) жатады.
Кіші жіліншік тамырлары (venae fibulares ѕеиperonei) табандық тамырлық доғаның латералды бөлігінен түзіледі. Асықты жіліктің алдыңғы тамырлары (venae tibiales anteriores) дорсалды тамырлық доғадан түзіледі.
Асықты жіліктің артқы тамырлары (venae tibiales posteriores) табандық тамырлық доғаның медиалды болігінен түзіледі. Асықты жіліктің артқы тамырларына кіші жіліншік тамырлары ашылады және асықты жіліктің алдыңғы тамырларымен қосылып, тақым тамырын (vena poplitea) қалыптастырады. Тақым тамырына тізе тамырлары және аяқтың кіші тері асты тамыры ашылады.
Сан тамыры (vena femoralis) тақым тамырының жалғасы, аттас артериямен саnаlis
adductorius-та, кейін trigonum femorale, шап жалғамасының астымен lасита vаsоrum арқы-
лы жүретін тақ тамыр. Ол сан үшбұрышының латералды қабырғасын құрап, сыртқы мықын тамырға өтеді. Сан тамырына санның терең тамыры (vena profundа femoris) және аяқтың үлкен тері асты тамыры ашылады. Сан тамырына тері асты саңылауы тұсында сыртқы жыныстық тамырлар (venae pudendae externae); мықын сүйектің беткей айналма тамыры (vena circumflexa ilium superficialis); беткей құрсақ үсті тамыры (vena epigastrica superficialis);
Достарыңызбен бөлісу: |