1. Жүректің қабырғасының құрылысын жазып беріңіз? Жүректің құрылысы


Жүректің веналары жайында жазыңыз



бет67/143
Дата15.04.2022
өлшемі0,74 Mb.
#31096
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   143
Байланысты:
Анатомия емтихан. толык

38.Жүректің веналары жайында жазыңыз

Жүрек веналарының көп болігі (тек кіші және алдыңғыдан басқа) қанды ерекше резервуар-тәждік қойнауға, sinus coronarius, әкеледі. Тәждік қойнау төменгі қуыс вена тесігі мен оң жүрекше қарынша тесігі арасындағы оң жүрекше қуысының арткы бөліміне ашылады.

1. Тәждік қойнау, sinus coronarius, үлкен венаның жүректің көкеттік бегіне өткен жалғасы болып саналады. Ол артқы тәждік жүлгенің сол бөлігінде, сол жүрекшенің қиғаш венасының оның үстіне құйылған жерінен өзінің құйылысына дейінгі аралықта орналасқан; оның ұзындығы 2-3 см.Тәждік жүлгенің үстінен миокардтың бұлшықеттiк будаларының жіңішке қабаты асылып лақтырылады, соның нәтижесінде оның ортаңғы қабығы, lunica media, пайда болады.Оң жүрекше қуысындағы тәждік қойнау тесігі тәждік қойнау жапқышымен, valvula sinus coronarii, көмкерілген. Екі-үш кішкене жатқыштар қойнаудың өзінде де бар. 2. Жүректің үлкен венасы, v. cоrdіѕ.magna, жүрек ұшының алдыңғы бетінен басталады. Ол алдымен сол тәждік артерияның томендеген тармағымен алдыңғы қарыншааралық жүлгеде жатады.Жоғарыдан тәждік жүлгеге жетілі, жүлгеде жатады және сол жүрекшенің төменгі шекарасымен жүректің сол жиегіне барады.Үлкен вена жүректің сол жиегін айнала қоршап, тәждік жүлгенің көкеттік бөлігінде жатады. Осы жерде айқындалмаған шекарасыз тәждік қойнауға өтеді. Кейбірде жүректің үлкен вснасының тәждік қойнауга өткен жерінде кішкене жапқыш болады.Жүректің үлкен венасына қарыншалардың, қарыншааралық қалқаның алдыңғы қабырғасының веналары,қарыншаның артқы венасы қүйылады.

3. Сол жүрекшенің қиғаш венасы, Р. obligua atrii sinistrii, сол жүрекшенің бүйір қабырғасынан басталып, солдан оңға- төмен,plica nеrvina atrii sinistrii жолымен, өкпеқаптың қатпарында кішкене тармақ түрінде, сол қуыс вена қатпары, plicavenae cavae sinistrae, атауымен жүреді.Ол сол жүрекшенің артқы қабырғасымен төмен және оң бағытталып, тәждік қойнауға өтеді. Бұл венаның құйылысында кішкене жапқыш кездеседі.

4. Сол қарыншаның артқы венасы, Р.posterior ventriculi sinistri, сол карытпалы арткы-бүйір кабыргасынан басталып,жогары багытталады және немесе жүректің үлкен венасына, немесе тікелей тәждік койнауга куйылады.

5. Жүректің ортаңгы венасы, соrdіѕ media, жүрек ұшы аймагынын артқы бетінен басталып, оң тәждік артерияның қарыншааралық тармагымен бірге артқы бойлық жүлгеде жатады және тәждік қойнаудың оң шетіне құйылады. Ортаңғы всна оз жолында қарыншалардың артқы қабыргасынан тармақтарды алады.Жүректің ортаңгы венасы жүрек тілігі тұсында жүректің үлкен ненасымен анастомоз түзеді.

6. Жүректің кіші венасы, v.cordis parva,оң жүрекше мен оң қарыншаның оң жиегінен басталып, тәждік қойнаудың арткы болігінде жатады, сонымен қатар тәждікҚойнаудың оң шетіне, немесе өз бетімен оң жүрекше қуысына, кейде жүректің ортаңғы венасына ашылады.

7. Жүректің алдыңғы веналары, v.cordis anteriorex әр түрлі колемді. Олар оң қарыншаның алдыңғы және және бүйір қабырғалары аймағынан басталып, жоғары және оң тәждік жүлгеге бағытталады және тікелей оң жүрекшеге ашылады; алдыгы веналар құйылысында кішкене көлемді қақпақтар бар

8. Жүректің ең кіші веналары, pv. cordis minimae, жүректің әр түрлі бөлігінен қанды жинайтын және тікелей оң және сол жүрекшелерге, және де қарыншаларга үсақ веналар тесіктерімен, foramina venarum minimarum, ашылатын ұсақ веналар тобы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет