1. Жүректің қабырғасының құрылысын жазып беріңіз? Жүректің құрылысы


Жүректің клапандық аппараттарының құрылысын жазыңыз



бет85/143
Дата15.04.2022
өлшемі0,74 Mb.
#31096
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   143
56.Жүректің клапандық аппараттарының құрылысын жазыңыз.

Жүректе екі қақпақша (клапан) бар: атривентрикулярлы және айшық. Атривентрикулярлы клапандар жүрекшелер мен сәйкес қарыншалар аралығында орналасады. Жартылай айшық клапандар аортаны сол жақ қарыншадан, ал өкпе өзегін (ствол) оң қарыншадан бөліп тұрады.

Трикуспидальді қақпаша (үш жармалы қақпақша) – оң жүрекше мен оң қарыншаның ортасында орналасқан қақпаша, үш жарты ай тәрізді біріктірілген тінді пластиналар, оң қарыншаның систоласы кезінде қанның оң жүрекшеге қанның қайта құйылуын болдырмайды.Үшжармалы қақпақ 3 үшбүрыш пішіндес жармалардан, cuspides: қалқалық жарма, cuspis septalis, артқы жарма, cuspis posterior,алдыңғы жармадан, cuspis anterior, түрады. Барлық үш жарма оздерінің бос жиектерімен оң қарынша қуысына енеді.

Үшжарманың ішінде бірүлкен-қалқалық жарма, cuspis septalis, қарыншалардың қалқасына жақын орналасып, оң жүрекшеқарынша тесігінің медиалды болігіне бекиді. Артқы жарма, cuspis posterior, көлемі жагынан кіші, тесікгің артқы сыртқы шетіне бекиді. Алдыңгы жарма, cuspis anterior, барлык үш жарманың ең кішісі, аталган тесіктің алдыңгы шетіне бекіп, артериялық конус жагына қараган. Кейде қалқалық жарма мен арткы жарма арасында қосымша тісше орналасуы мүмкін.

Митральді клапан – сол жүрекше мен оң қарыншаның екі жармалы қақпашасы. Екі жарты ай тәрізді біріктірілген пластиналар, сол қарыншаның систоласы кезінде қанның сол жүрекшеге қайта құйылуын болдырмайды.Сол жүрекше-қарынша тесік айналымына сол жүрекше-қарынша (митралді) какпагы, valva atrioventricularis sinistra (у. mitralis) бекиді, оның жармаларының бос жиектері қарынша қуысына енеді. Олар үшжармалы кақпақ сияқты, эндокардтың дупликатурасымен түзіледі. Бүл қақпақ сол қарынша жиырылған кезде, қанды өз қуысына кері бағытта сол жүрекшеге өткізбейді.Қақпақтың алдыңғы, cuspis anterior жэне арткы жармаларын, cuspis posterior, ажыратады, олардың аралығында екі кішкене тісшелер орналасуы мүмкін.

Аорталы қақпаша - сол қарынша мен аортаның шекарасында орналасады, аортадан қанның сол қарыншаға қайта құйылуын болдырмайды.

Өкпе өзегінің қақпашасы өкпе артериясының оң жақ қарыншадан шығатын жерінде орналасқан. Қанның бір бағытта қан құйылуын қамтамасыз ететін үш жармасы болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет