1. Жүректің қабырғасының құрылысын жазып беріңіз? Жүректің құрылысы



бет92/143
Дата15.04.2022
өлшемі0,74 Mb.
#31096
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   143
59)Иық өрімінің түзілуін жаз.

Иык өрімі (plexus brachialis) төрт төменгі мойын жүйкелерінен және бірінші кеуде жүйкесінің үлкен бөлігінен құралады. Өрімнің бұғана сүйегіне байланысты 2 бөлігін ажыратады: бұғана үсті (pars supraclavicularis) және бұғана асты (pars infraclavicularis).

Бірінші өрім мойынның латералды үшбұрышы деңгейінде орналасады және оның жоғарғы (truncus superior), ортаңғы (truncus medius) және төменгі (truncus inferior) сабаулары болады, екінші өрім қолтық асты шұңқырында орналасады. Өрімнің бұғана үсті бөлігінен иық белдеуінің бұлшықеттерін жүйкелендіретін қыска тармақтары басталады. Ал өрімнің бұғана асты бөлігі үш будадан тұрады: латералды (fasciculus lateralis), артқы (fasciculus posterior) және медиалдi (fasciculus medialis). Бұғана асты бөлігінен қолдың бұлшықеттері мен терісін жүйкелендіретін ұзын тармақтар шығады. Латералды будадан бұлшықет-терiлiк жүйке және орталық жүйкенің латералды түбіртегі басталады; медиалды будадан — орталық жүйкенің медиалды түбіртегі, шынтақ, иық және иық белдеуінің медиалды терiлiк жүйкелері; артқы – кәрі жілік және қолтық асты жүйкелері шығады.

1)Жоғарғы сабау (truncus superior) – C5-C6 жұлын нервтерінің алдыңғы тармақтарынан құралады. 2)Ортаңғы сабау (truncus medius) – C7 жұлын нервінің алдыңғы тармағынан құралады. 3)Төменгі сабау (truncus inferior) – C8-Th1 жұлын нервтерінің алдыңғы тармақтарынан құралады.

Осы үш сабау бұғанаүсті аймақта орналасады. Бұғанаасты аймаққа өткеннен кейін бұл сабаулар үш буда құрайды:

1)Латеральды буда (fasciculus lateralis) – жоғарғы мен ортаңғы сабаудың нерв талшықтарынан құралады. 2)Артқы буда (fasciculus posterior) – барлық үш сабаудың нерв талшықтарынан құралады. 3)Медиальды буда (fasciculus medialis) – төменгі сабаудың нерв талшықтарынан құралады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет