1. Жүректің қабырғасының құрылысын жазып беріңіз? Жүректің құрылысы


Жеке лимфоидтық (иммундық) ағзалар құрылымының ерекшеліктері



бет99/143
Дата15.04.2022
өлшемі0,74 Mb.
#31096
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   143
Жеке лимфоидтық (иммундық) ағзалар құрылымының ерекшеліктері

Тимус (thymus) жоғарғы қабырға аралықта орналасады Екі бөліктен тұрады —оң (lobus dexter) және сол (lobus sinister). Ағза тимус бөліктерін бір-бірінен ажырататын

қалқаны түзетін жұқа дәнекер тінді капсуламен жабылған. Бөліктердің паренхимасы пери-

ферия бойынша орналасқан қара қыртыстык заттан, орталыққа қарай қарай орналасқан ак

милы заттан тұрады. Паренхима құрамына Т-лимфоциттерден құралған лимфоидтық

тін енеді. Соңғылары көп өсінділі клеткалар - эпителиоретикулоциттерден түзіліп,

торлардың ілмегінде орналасады. Қыртыстық заттағы лимфоциттердің тығыздығы милық

затқа қарағанда көбірек болып, оның қаралау болуын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар

без паренхимасында арнайы эпителиалды түзілістер - тимустык денешіктер табыла-

ды. Тимустың эпителиалды клеткалары арнайы гормондар тимозин және тимопоэтин синтездейді. Тимопоэтин каннын дің жасушаларынан Т-лимфоциттердің түзілуінде

маңызды рөл атқарады. Адам жасы ұлғайған сайын тимус көлемі кішірейеді, бірақ толық

жойылмайды, лимфоидтық тін фрагменттер түрінде тос артындағы май тінінде сақта-

лады.


Сүйектің қызыл кемігі (medulla ossium rubra). Сүйектің қызыл кемігі құрамына дiң жасушалары; эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер, лимфоциттер; ретикулярлы тін дамудың әр түрлі сатыларында қалыптасады. Сүйектің қызыл кемігінде кан тамырлардың

Көп мөлшері кездеседі. Қылтамырлар кең, синусоидалы (диаметрі 500 мкм-ге дейін). Олардың қабырғасы арқылы қанның жетілген клеткалары мен лимфоциттер қан арнасына миграцияланады. Эмбрионалдық даму кезеңінде сүйектің қызыл кемігі сүйектердің барлық қуысын толтырады. 25 жасқа қарай түтікті сүйектердің диафиздерінде сүйектің қызыл кемігі сүйектің сары кемігі (medulla ossiит flava) — май тінімен алмастырылады.



Дара лимфалық түйіндер (поduli lymphoidei solitarii) шырышты қабықтың жекеленген

табақшасында және асқорыту, тыныс алу, несеп-жыныс аппараттары қуыс ағзаларының

шырыш асты негізінде орналасады. Лимфоидтық түйіндер - диаметрі 1-2 мм- ге дейінгі жергілікті лимфоидтық тін топтары. Дәнекер тінді қабаты болмайды, бірақ ретикулярлы талшықтардың торшаларымен қоршалған. Олардың ішінде лимфоциттердің көбеюі жүретін ақшыл орталық бөлік орналасады. Лимфоциттер лимфоидтық түйіндерден

миграцияланып, олардың арасында орналаса алады.



Құрт тәрізді өсіндінің лимфоидтық түйіндepi (nodulli lymphoidei aggregati appendicis

vermiformis). Лимфоидтық түйіндердің көп бөлігі соқыр ішектен шыққан құрт тәрізді

өсіндінің қабырғасында орналасады. Жіңішке ішек пен тоқ ішек байланысының

екі жағындағы лимфоидтық түзілістердің әр түрлі орналасуы олардың тіршілік ету орта-

ларының айырмашылығымен түсіндіріледі: әр түрлi pH, микрофлора, т.б.

Жұтқыншақтық лимфоидтық сақина (annulus lymphoideus pharyngis) бадамшалардан тұрады. Тіл бадамшасы (tonsila lingualis), таңдай бадамшасы (tonsilla palatinae), 2 түтіктік

(tonsillae tubariae) және жұтқыншақтық бадамшалар (tonsilla pharyngea) ажыратылады.

Тіл бадамшасы тіл түбірінде, таңдай бадамшалары таңдай-тіл және таңдай-жұтқын-

шақ доғашықтары арасындағы бадамшалық шұңқырда, түтіктік бадамша есту түтігінің

жұтқыншықтық тесігі тұсында, жұтқыншақтық бадамша -жұтқыншақтың жоғарғы қа-

бырғасының артқы қабырғаға өтуі тұсында орналасады.



Лимфалық түйіндер (nodi lymphoidei). Лимфа жолы тұсында 6-10 лимфалық өрім орналасады. Бұл түйіндер ішке қарай трабекула (trabeculae) түрінде еніп тұратын жіңішке

дәнекер тінді капсуламен (capsula) сыртынан қоршалған. Өрімнің көп бөлігін строма мен

паренхима алады. Өрімнің паренхимасында тимустағы сияқты, капсула астындағы пе-

рифериясында қара қыртысты зат (cortex) және ортасында орналасқан ақшыл милық зат

(medulla) орналасады. Тимустағы қыртыс затында лимфоциттер концентрациясы милық

затқа қарағанда көбірек.

Көкбауыр (splen; lien) бұл ағза құрсақ қуысында сол қабырға астылықта орнала-

сады .Көкетпен жанасатын көкеттік бет (facies diaphragmatica), асқазан түбіне, сол бүйрекке, тоқ ішектің сол иілімі, ұйқы безінің құйрықтық бөлігіне қараған висцералды беті (facies visceralis) ажыратылады. Көкбауыр қақпағына (hilum splenicит) ірі артериялық тамыр қанның көп мөлшерін әкелетін, лимфалық түйіндер арқылы өтетін лимфа сияқты иммундыкомпетентті клетка лар қызметін басқаратын Көкбауыр артериясы өтеді.

Көкбауыр ішастармен жан-жағынан қоршалған. Сірлі қабық астында лимфалық

түйіндер сияқты ағза ішіне еніп, көкбауыр трабекуласын түзетін көкбауырдың фиброзды

қабаты орналасады. Трабекулалар арасында Қызыл және ақ пульпадан тұратын паренхима

орналасады.



Қызыл пульпа (pulpa rubra) — лимфоидтық тін, эритроциттер, макрофагтар, көкбауырдың

тамырлық саңылауын қамтиды. Қойнаулар көп саңылаулы эндотелиймен астарланған,

сондықтан лимфоидтық тін лимфоциттері мен макрофагтары қан жасушаларымен тікелей

әрекеттесе алады.



Ақ пульпа (pulpa alba) — кіші ағзаішілік артериялармен тізбектелген лимфоидтық түйіндер мен периартериалды лимфоидтық муфта түрінде орналасады (лимфоидтық түйіндер дөңгелек, муфталар — цилиндрлік). Т-лимфоциттер лимфалық түйіндердің ор-

талық бөлігінде (артериялар маңында) және периартериалды муфталарда, ал В-лимфоциттер лимфалық түйіндердің перифериялык бөлігінде орналасқан.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет