1. Жүректің қабырғасының құрылысын жазып беріңіз? Жүректің құрылысы



бет1/143
Дата15.04.2022
өлшемі0,74 Mb.
#31096
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   143
Байланысты:
Анатомия емтихан. толык


1.Жүректің қабырғасының құрылысын жазып беріңіз?

 Жүректің құрылысы. Жүрек – қанайналым жүйесінің орталық мүшесі. Оның жиырылуы мен босаңсуының нәтижесінде қан қантамырлардың бойымен үздіксіз ағады. Ересек адамдарда жүрегінің салмағы 250–300 г. Жүрек – кеуде қуысында, екі өкпенің аралығында орналасқан іші қуыс бұлшықетті мүше (60-сурет). Жүрек көлденең жолақты бұлшықет ұлпасынан тұрады, адам еркінен тыс жиырылады. Жүректің жалпақ бөлігі – негізі, сүйірлеу бөлігі – ұшы деп аталады. Жүректің сыртын дәнекер ұлпадан тұратын жұқа үлпершек (жүрек қабы) – перикард қаптап тұрады. Жүрек пен үлпершектің арасындағы кеңістікте аздаған сұйықтық болады. Ол жүректің еркін жиырылуына жағдай жасап, үйкелісті азайтады (61-сурет). Жүрек 4 қуысты: 2 жүрекшеден (предсердие) және 2 қарыншадан (желудочек) тұрады. Жүрекшелердің сыртында қосымша құлақшалар (ушко) болады. Жүректің сыртындағы көлденең сайша жүрекшелер мен қарыншаларды бөліп тұратын шекара болып саналады.



 

 

61-сурет. Жүректің сыртқы құрылысы:

1 – қолқа доғасы; 2 – өкпе артериясы; 3 – сол жақ жүрекше; 4 – қантамырлары; 5 – сол жақ қарынша; 6 – оң жақ қарынша; 7 – төменгі қуысты вена тамыры; 8 – оң жақ жүрекше; 9 – жоғары қуысты вена тамыры; бағдарша (стрелка) қанның ағу бағытын көрсетеді

 

Жүректің қабырғасы 3 қабаттан тұрады. Сыртқы қабаты – эпикард (грекше «epі» – сыртқы, «cor» – жүрек), өте жұқа, жүректі қоршап тұрады. Ортаңғы қалың бұлшықетті қабаты – миокард (грекше «mіos» – бұлшықет). Ішкі қабаты жұқа – эндокард (грекше «endo» – ішкі) жүректің ішкі қуыстары мен қақпақшаларын астарлап жатады.



Жүректің миокард қабаты қарыншаларға қарағанда жүрекшелерде жұқа. Ондағы бұлшықет талшықтары екі түрлі бағытта орналасқан. Қарыншалардағы миокард қабаты (әсіресе, сол жақ қарыншада) қалың.

Жүрек негізінен ұшына қарай созылып жатқан қалың бұлшықет қабаты арқылы 2 бөлікке бөлінген. Жүректің әрбір бөлігінде бір жүрекше, бір қарынша болады. Әр бөліктегі жүрекше мен қарынша өзара тесіктер арқылы байланысады. Сол тесіктерде жүрекшелерден қарыншаларға қарай ашылып-жабылып тұратын жақтаулы қақпақшалар (створчатые клапаны) болады. Оң жақ жүрекше мен оң жақ қарыншаның арасында үш жақтаулы, сол жағында қос жақтаулы қақпақшаларорналасқан (62-сурет).



 

 

62-сурет. Жүректің ішкі құрылысы:

1 – қолқа доғасы; 2 – жарты ай тәрізді қақпақшалар; 3 – сол жақ жүрекше; 4 – сол жақ қарынша; 5 – жүректің емізік тәрізді бұлшықеттері; 6 – жүректі ұзынынан бөліп тұратын қалың бұлшықет қабаты; 7 – оң жақ қарынша; 8 – жақтаулы қақпақшалар; 9 – төменгі қуысты вена тамыры; 10 – оң жақ жүрекше; 11 – жоғары қуысты вена тамыры

Жүрек қабырғасы 3 қабықтан: ішкі- эндокардтан, ортанғы- миокардтан және сыртқы перикардтың (pericardium) висцералды жапырақшасы болып табылатын эпикардтан тұрады.

Жүрек қабырғасының қабаты негізінен көлденең жолақты бұлшық- ет тінінен тұратын ортаңғы мyocardium-нен түзіледі. Сыртқы - epicardium — сірлі қабық болып табылады. Ішкі — endocardium — жүрек қуысын астарлайды.

Эндокард(endocardium) жүрек қуыстарының ішкі қабырғасын астарлайды. Ол өз кезегінде көптеген серпімді талшықтары мен бірыңғай салалы бұлшықет жасушалары бар дәнекер тін қабатынан, бірыңғай серпімді талшықтар қоспасы бар, беткей жағына жақын орналасқан тағы бір дәнекер тін құрайтын, ішкі эндотелий қабатынан тұрады. Өзінің шығу тегі жағынан эндокард тамыр қабырғасына, ал оның жоғарыда аталған қабаттары тамырлардың үш қабатына сәйкес келеді. Барлық жүрек қақпақшалары эндокардтың қатпарлары (дубликатуралары) болып табылады.

Жүректін бұлшықеттік қабығы неме- се миокард. Жүректің ортаңғы бұлшықет- тік қабығы, мyocardium немесе жүрек бұлшықеті, жүрек қабырғаларының ең қалың бөлігі. Жүрекшелер мен қарыншалардың бұл- шықеттік қабатының арасында тығыз талшықты тін орналасады, соның есебінде оң және сол талшықты сақиналар, anuli fibrosi dexter et sinister, түзеледі. Олардың орналасуы жүректің сыртқы беті жағынан тәждік жүлгелер аймағына сәйкес келеді.

Эпикард(- epicardium) сырт жағынан миокардты жауып тұрады және бос бетінде мезотелимен астарланған кәдімгі серозды қабық.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет