1. Кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтардың жағдайын талдау


Кәмелетке толмағандарға қатысты жасалатын қылмыстық құқық бұзушылықтардың профилактикасы бойынша халықаралық тәжірибе



бет4/6
Дата10.11.2022
өлшемі241,5 Kb.
#49170
1   2   3   4   5   6
3. Кәмелетке толмағандарға қатысты жасалатын қылмыстық құқық бұзушылықтардың профилактикасы бойынша халықаралық тәжірибе.
Кәмелетке толмағандарға қатысты жасалатын қылмыстық құқық бұзушылықтарпрофилактикасының халықаралық тәжірибесін зерделеу барлық елдерде қолданылып жатқан шаралар жалпы жасөспірімдер қылмысының алдын алуға, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыстардың алдын алуға бағытталғанын көрсетті.
Көптеген елдерде кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтарының профилактикасыжәне ескерту бойынша жұмыстардың әртүрлі әдістері қолданылады.[3]
Мысалы, АҚШ-та полиция кәмелетке толмағандардың қылмыстырының профилактикасыжәне ескерту бойынша тиімділігінарттыру үшін кәмелетке толмағандармен жұмыс істеу бойынша арнайы бағдарлама әзірледі. Профилактикалық іс-шаралар 9 жастағы балалардан бастап басталады, психологтар осы жаста балалар дербестік танытады деп санайды.
Бұл бағдарлама оқушыларды құқық қорғау органдарының негізгі міндеттерімен, азаматтардың міндеттері мен құқықтарымен таныстыратын курс болып табылады. Бұл бағдарламада тұрғын үйдің қауіпсіздігі, вандализм, ұрлық, қылмыс және заң, азаматтардың жеке қауіпсіздігі сияқты тақырыптар қарастырылады. Материалды оқу аяқталғаннан кейін балалардың материалды меңгеруіне тексеру жүргізіледі.
Бұл материалды зерделегеннен кейін балаларда жас қылмыскер немесе қылмыс құрбаны болу мүмкіндігі аз болады деп болжануда.
Германияда полиция кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың профилактикасы мен ескертудің ерекше стратегиясын әзірледі. Бұл стратегия екі қағидамен құрылады, құқық бұзушылық жасауға бейімділік жеке тұлғаның қалыптасу процесі аяқталғаннан кейін сыртқы күштердіңәсер етуінсіз жоғалады және екінші репрессивті шаралар теріс салдарларға әкеп соқтырады.
Мысалы, Солтүстік Рейн-Вестфалия аумағында полицияның барлық ірі басқармаларында есірткімен байланысты қылмыстарды, жыныстық қылмыстарды, із-түссіз жоғалған адамдар туралы істерді, сондай-ақ кәмелетке толмағандар жасаған құқық бұзушылықтарды тергеу бойынша арнайы комиссариаттар құрылды. Комиссариаттарға кәмелетке толмағандар кінәлілер, куәгерлер немесе құрбандар рөлінде болған істерді талдау тапсырылды.
Сонымен қатар, басқарманың ақпарат жүйесінде кәмелетке толмағандар жасаған құқық бұзушылықтар туралы мәліметтер жиналатын деректер банкі құрылды. Осы деректер банкіне кіретін деректер негізінде кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың даму себептері мен ерекшеліктеріне талдау жүргізіледі. Осы зерттеулердің нәтижелері қызметкерлерді даярлау үшін олардың білім деңгейін арттыру және оларда мамандарды тез арада қалыптастыру мақсатында пайдаланылады, ал егер әңгіме бұрыннан жұмыс істеп жүрген қызметкерлер туралы болса, онда бұл білім оларға біліктілікті арттыру үшін қажет.
Кәмелетке толмағандардың құқықтарын жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау шеңберінде АҚШ заңнамасыкәмелетке толмағанға қатысты зорлық зомбылық қылмысы үшін босатылған осындай адамның мінез-құлқын бақылаудың нақты жүйесін белгілейді:
- ұлттық тіркелім жүргізілуде;
- оған мектептерге, балабақшалар мен емханаларға, кәмелетке толмағандар баратын басқа да қоғамдық орындарға жақын тұруға тыйым салынады.;
- мұндай тұрғынның бұрынғы жағдайы туралы көршілеріне хабарланады, босатылған қылмыскердің полиция органдарына, тиісті психологиялық қызметке міндетті түрде келуі енгізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет