1. Кіріспе. Биология ғылымының тарихи және зерттеу нысандары


В.И. Вернадскийдің бірінші заңы



бет42/43
Дата18.12.2023
өлшемі341,85 Kb.
#140431
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43
Байланысты:
1. Кіріспе. Биология ғылымының тарихи және зерттеу нысандары-emirsaba.org

57.В.И. Вернадскийдің бірінші заңы
Жердiң барлық экожүйелерi планетаның бетiн алып жатқан бiр үлкен экожүйенiң құрамдас бөлiгi болып табылады. Бұл әлемдiк экожүйенi биосфера деп атайды. Биосфера туралы iлiмдi орыс геохимигi В.И. Вернадский жасады. Ол алғаш рет тiршiлiктiң физикалық табиғатқа әсер ету масштабын бағалады.Тiрi организдердiң миллиард жылдар бойы белсендiлiгi, зат алмасу, өсуi, көбеюi бiздiң планетамыздың осы бөлiгiн өзгерттi. Барлық түрлер организмдерiнiң барлық массасын В.И.Вернадский Жердiң тiрi заты деп атады. Тiрi заттың химиялық құрамына да өлi табиғат құрамына кiретiн атомдар кiредi, бiрақ мөлшерi әртүрлi. Тiрi заттар зат алмасу барысында химиялық элементтердi табиғатқа шығарады. Сөйтiп, биосфера химизмi өзгередi.
Вернадскийдің бірінші заңы
В.И.Вернадский ғаламшардың сыртқы қыртысының химялық күйі оған орын тепкен ағзалардың бүтіндей әсерінде болатынын көрсетті. Оның биосфера туралы ілімі тек тірі материяның негізгі қасиеттерін ғана және қоршаған ортаға ықпалын ғана анықтап, тексеріп қоймай, тіршіліктің абиоздық(өлі) ортаға орасан зор кері әсерін де бірінші рет ашып берді. Бұл жаңа ілім экологияның, оған шектес география және геология тәізді ғылымдардың дамуына серпіліс беріп, басқаша ой түюге, басқаша қарауға алып келеді. биосфераның құрылымы биоценоздар, табиғат зоналары мен жер бетінің көрінісі, биогеографиялық облыстар, өсімдіктер формациясы сияқты оның құрамдас бөліктерінің қалыптасуы динамикасы және оныі дамуымен анықталады. Биосфера атмосфера, гидросфера, литосферамен тығыз байланыста болады. Осы байланыстың арқасында планетамызда зат алмасу, энергия процестері қамтамасыз етіледі.
58.НООСФЕРА ТУРАЛЫ ІЛІМ
Ноосфера (гр. νόος – сана және σφαῖρα – орта, шар) немесе Антропосфера (грек. antһropos — адам, spera — қабық) — биосфераның жаңа жағдайға көшкен деңгейі; адамның саналы түрде жүргізген іс-әрекеттерінен туындайтын жер сферасындағы барлық өзгерістер мен олардың дамуын анықтайтын басты фактор;ғаламдағы адамзаттың мекендейтін аясы. Адам баласы уақыт пен кеңістікке қатысты биосфера шегінде және ғарышта өмір сүре алады. Бірақ адамзаттың тұрақты мекені — Жер..[1]
Ноосфера – ақыл-ой сферасы деген түсінікті алғаш 1927 жылы француз ғалымдары Э.Леруа(1870 – 1954) мен Тейяр де Шарден Пьер (1881 – 1955) енгізген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет