1. Кіріспе. Биология ғылымының тарихи және зерттеу нысандары


В.И.ВЕРНАДСКИЙДІҢ ЕКІНШІ ЗАҢЫ



бет42/42
Дата25.05.2022
өлшемі144,87 Kb.
#35602
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42
Байланысты:
Био кіріспе сессия

59.В.И.ВЕРНАДСКИЙДІҢ ЕКІНШІ ЗАҢЫ
Вернадскийдің екінші заңы “Ақыл ойдың биосфералық рөлі заңы”
Адамаат коғамының калыптасуы мен дамуы және адамдардың шаруашылық әрекетінің ұлғанымен байланысты олардың биогеоценоз бен биосферага әсері барнан сайын күшейе түсті, ол әсерлер табиги ландиафтарды ондеу процестерінен байқалды, Ормандар жойылып, оныегістікке айналдырды, игерілетін жер көлемін ұлғайтты. Ондіріс орындары өсіп, биосфераға әсере айқындала түсті. Халық санының өсуі табиғи қорларды ысырапсыз пайдалану әсерінен қоршаған ортаға зини коп балды. Адамааттың саналы әрекеті ноосфера: табиғаты қорғауды саналы түрде қорғауды уйымдастыру жүйесі - суорман,балық т.е.е. жүйелендіру ондіріске қалдықсыз технологияны енгізу.


60.ВИРУС ҰҒЫМЫНА ТҮСІНІК,ҒЫЛЫМҒА ЕНГІЗГЕН ҒАЛЫМДАРДЫҢ ЕҢБЕКТЕРІ
Вирус (лат. vīrus - «у») – тірі организмдердің ішіндегі жасушасыз тіршілік иесі. Олар рибонуклеин қышқылынан немесе дезоксирибонуклеин қышқылынан құралған нуклеопротеидтерден, сондай-ақ ферментті нәруызбен қапталған қабықшадан – кабсидтерден тұрады. Бұл қабықша вирустың құрамындағы нуклеин қышқылдарын сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан корғайды. Кейбір вирустардың құрамында нуклеин қышқылдарынан басқа көмірсулар, май текті заттар, биотин (Н витамині) және мыс молекулалары кездеседі. Вирустар тек тірі жасушада өніп-өсіп көбеюге бейімделген. Электрондық микроскоппен 300 мың есе үлкейтіп қарағанда, оның пішіні таяқша тәрізді, жіп тәрізді немесе іші қуыс цилиндр пішінді болатыны дәлелденді. Вирустар тірі организмдердің барлығын уландырады. Қазіргі кезде вирустардың жылы қанды омыртқалыларды уландыратын 500-дей, ал өсімдіктерді уландыратын 300-ден астам түрі белгілі болып отыр. Вирустардың биологиясы, теориялық және практикалық зерттеу арқылы анықталады.
Вирус ұғымы 1899 жылы ғылымға алғаш рет голландиялық ғалым Мартин Бейеринк енгізді. 1935 жылы америкалық вирусолог Уэнделл Стэнли вирусты кристалл күйінде бөліп алды. Осы кристалдарды сау темекі өсімдігіне енгізгенде, ол теңбіл ауруымен ауыратынын дәлелдеді. 1898 ж. неміс ғалымы Фридрих Лефлер сиыр аусылының қоздырғышы аусыл вирусын, ал 1911 жылы америкалық ғалым Фрэнсис Роус тауық саркомасының вирусын тауып зерттеді. Қазіргі кезде жылы қанды жануарларда ауру тудыратын вирустардың бес жүздей, ал өсімдіктерде үш жүздей түрі белгілі. Кейбір қатерлі ісік ауруын тудыратын вирустардың адам мен жануарларда вирустық микрофлорасы қалыптасады. Вирустардың пішіні әр түрлі (мысалы, таяқша, иілгіш жіпше тәрізді, сфералық, көп қырлы, тағыда басқа). Вирустың жасушадан тыс (вириондар) және жасуша ішінде тіршілік ететін топтары бар. Барлық вирустар шартты түрде жай және күрделі болып бөлінеді. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет