1. Кіріспе. Мәдениеттану-мәдениет туралы ғылым Мәдениет және өнер


Ортағасырлардағы араб-парсы мәдениеті



бет5/25
Дата14.05.2023
өлшемі187,86 Kb.
#93148
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Байланысты:
1. Кіріспе. М дениеттану-м дениет туралы ылым М дениет ж не не

Ортағасырлардағы араб-парсы мәдениеті
Ортағасырлардағы араб-парсы мәдениетінің дамуы ислам діні мен мәдениетінің қалыптасуымен тығыз байланысты болды. Ислам дінінің құндылықтары, адамгершілік-ізгілік қағидалары қасиетті «Құран» кітабында (Құран «оқу» деген мағына береді) және хадистерде (сүннәларда) баяндалды. Құран тараулары «сүре» деп аталады, олардың саны 114. «Ислам» сөзі «құдайға бағыну» дегенді білдіреді. Ислам дінінің бес парызы бар: 1.Алланың барлығына, Мұхаммед пайғамбардың елшілігіне сену, 2.Намаз оқу, 3.Ораза ұстау, 4.Зекет беру, 5.Қажылыққа бару. Исламның Алла атына берілген тәлім-тәрбиелік, уағыз өсиет, ереже-қағидалар жиынтығын шариғат деп атайды. Иманның алты шарты бар: 1.Алла тағалаға иман келтіру, 2.Періштелерге иман келтіру, 3.Қасиетті кітаптарға иман келтіру, 4.Пайғамбарларға иман келтіру, 5.Ақырет күніне иман келтіру, 6.Жазмыш пен қазаға иман келтіру. Айт –діни мереке. Ораза және Құрбан айты мерекелері. Ислам діні мен мәдениетінің негізін қалаушы Мұхаммед (570-632 ж.) болды.
Ортағасырлық араб-парсы елдерінде астрономия, математика, медицина, философия т.б ғылым салалары қарқынды дамыды.
Ірі қалалардағы жақсы жабдықталған обсерваторияларда ғарышты бақылау жұмыстары жүргізілді. (Бағдадта, Дамаскіде, Самарқантда т.б) Астроном ғалымдар жер шарының көлемін дұрыс анықтады, алғашқы жұлдыздар катологын құрастырды. 827 ж. араб ғалымдары меридиан шеңберін өлшеп, жердің көлемін аңықтады. Арабтардың астрономия саласындағы еңбектері Европа астрономиясының негізін салды. Осы күнге дейін көптеген жұлдыздардың аттары, ғылыми, мәдени терминдер араб тіліндегі атауын сақтап қалған.
Негізін үндіден алып, арабтар санаудың ондық жүйесін, оның сәйкесті цифрлары мен нөлді пайдалану жолын тауып, математиканың дамуына жол ашты. Арабтар (әл-Баттани, 858 – 929) тригонометриялық функцияны енгізді. 1- және 2-дәрежелі алгебр. теңдікті шығарудың бірнеше жолын тапты. Бұл салада Хиуалық әл-Хорезми (9ғ.) зерттеулерінің айрықша мәні болды. Омар Хайям (1048-1112) математикада 3-ші дәрежелі теңдеулерді шешу жолын тапты. «Алгебра» кітабын жазды.
Араб географтары жерді жүйелі бейнелеудің қажеттілігін түсініп, өздеріне белгілі елдер мен теңіздердің жан-жақты карталарын жасады.
Әдетте жан-жақты энциклопедиялық білім иесі болған араб оқымыстылары негізінен теориялық медицинамен, дәрігерлік тәжірибе жұмыстарымен көп шұғылданды. Галленнің, Гипократтың еңбектеріне негізделген мед. ғылымына арабтар елеулі үлес қосты. Офтальмология айрықша дамуды; көздің құрлысы жөнідегі арабтардың түсінігі қазіргі замандағы ұғымға жақын келді. Геом. оптиканың жетістіктері офтальмологияға байланысты туды. Бұл салада Хайсамның (965 – 1035) еңбегі аса маңызды еді. Мед. білімнің жиынтығы ар-Рази (864 – 925) еңбегінде берілді. Медицинаның және оған байланысты фармакологияның мұқтаждығы химияның дамуына жағдай жасады. Сода. Селитра. т.б. хим. заттар өндіру саласы табысқа жетті, алхимия кең тарды. Кристалдандыру, сүзу, қатты денені буға, буды қатты денеге айналдыру тәсілдері де арабтан шықса керек. Жабир ибн-һайям (Гербер, 712 – 815) араб алхимиясының атасы атанды. Шығыста туған компос, қағаз, оқ-дәрі т.б. арабтар арқылы Европаға тарады. Дәл ғылымдар мен табиғат ғылымдары Орта Азияның ұлы ғалымдары Әбу Әли ибн Сина мен Бирунидің араб тілінде жазылған еңбектерінде одан әрі дамытылды.
Араб – парсы мәдениеті дамуының негізі, қайнар бұлағы философия болды. А. ф-ның басты өкілдері: Әбу-л-Ашари, әл-Кинди, Ғазали, Әбу Наср әл-Фараби, Әбу Әли ибн Сина, Ибн Туфайл, Ибн Рушд (Аверроэс) т.б. Әбу Жүсіп әл-Кинди («“Аристотель еңбектері және олардың философияны меңгерудегі қажеттілігі”, “Алғашқы философия туралы”, “Пайда болу мен жойылудың бізге түсінікті себептері туралы” және “Заттың (субстанцияның) бес мәні туралы” т.б.трактаттары»), Әбунасыр әл-Фараби, Әбу Әли Ибн Сина («Анатомия мен физиологияға кіріспе», «Дәрігерлік ғылымның ережелері» т.б.) Ибн Рушд т.б еңбектерін атауға болады.
Бақылау сұрақтары:
1.Ортағасырлардағы араб - парсы мәдениетінің даму ерекшелігі?
2.Ортағасырлық араб-парсы елдеріндегі ғылыми білімдердің дамуы?
3.Ортағасырлық көрнекті ғаламдардың ғылыми еңбектері?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет