1. Кіріспе. Негізгі бөлім


Мәдениет белгілер жүйесі ретінде



бет3/5
Дата17.03.2023
өлшемі38,23 Kb.
#75129
1   2   3   4   5
Мәдениет белгілер жүйесі ретінде.
Әлем мәдениет тарихы әлемдік мәдениетке үлес қосқан елдер мен халықтардың мәдени жетістіктері, пайда болу тарихы, адамзат үшін маңызы туралы баяндайды. Мәдени құндылықтарды жинақтау және жеткізу процесі алғашқы қоғамдық дәуірде басталған болатын. Ұрпақтан ұрпаққа берілген мәдени құндылықтар адамзатты бүгінгі күнгі прогресске жеткізіп отыр. Сондықтан бұл курстың маңызы ерекше. Әлем мәдениет тарихы негізгі мақсаты мен міндеті ол, әлем мәдениетінің тарихы туралы біртұтас ұғым қалыптастыру, әлем мәдениет тарихы курсы нақты материалдардың негізінде дүниежүзілік адамзат қоғамының қалыптасу процессі мен дамуын ашу, мәдениет ұғымының мәнін және маңызын ашу, әлемдік мәдениеттер туралы білім беру, әлем мәдениеттерінің пайда болуы және даму тарихын көрсету болып табылады. Жалпы мәдениет ұғымын мәдениеттану ілімі зерттейді. Мәдениеттану XIX ғасырдың соңғы үшінші ширегінде өзіндік пән ретінде гуманитарлық білімдерде табиғат және мәдениет, әлеуметтілік және табиғилық, жаратылыстылық және мәдениеттілік сияқты қарама қайшылықтардың айқындалуы қалыптасқан кезеңде пайда болды. Мәдениеттанудың білім жүйесі, жалпы мәселелері «философия тарихында», «философия мәдениетінде» қашанда елеулі орын алып, қарастырылып келеді. Мәдениетті зерттеудің бұл терең философиялық дәстүрі басқа да гуманитарлық ғылымдар өкілдерінің назарынан тыс қалған жоқ. Мәдениеттануда осы уақытқа дейін антропология, социология, психология, тарих, тіл білімі, семиотика сияқты әр түрлі пәндер өз үлестерін қосып келеді. Мұның өзі мәдениет туралы ғылымның ер тектілігін туындатып отыр. Мәдениеттану - гуманитарлық пән, ешкім де оған шүбә келтіре қоймайды. Дегенмен біртұтас, бірыңғай мәдениеттану теориясы әзірге толық қалыптасқан жоқ, сол себептен осы уақытқа дейін мәдениет туралы теория жеке концепциялар түрінде, не сол мәдениеттану мамандарының белгілі бір жүйеге ыңғайланған құрылымдары тұрғысында көрінуде. Мұның өзі мәдениеттану ғылымының елеулі ерекшелігін көрсетеді. Бүгінгі таңда мәдениеттану өзінің пәні мен тәсілін анықтап, екі аяғынан қаз тұру дәуірін басынан кешіруде. Оның әлі ғылыми пән ретінде теориялық кәмелетке жеткен бейнесі толығынан көріне қойған жоқ. Кәзіргі ізденістер мәдениеттанудың философиямен тығыз байланыстылығының дәлелі және сол философияның «қамқорлық» шеңберінен босанып, өзіндік қырынан білімнің жаңа саласына айнала бастауының айғағы, Мәдениеттанудың өзіндік ерекше білімдер жүйесі тұрғысынан көрсететін дәлелдер аз емес. Оған мысал ретінде кәзіргі заман мәдениетіндегі құбылыстарды алуға болады:

Әлем өзінің 2000-шы жылдықтарында техника мен мәдениет туындататын орасан зор әлеуметтік өзгерістерге толы жаңалықтар қарсаңында тұр. Микроэлектроника, есептеу техникасы және ақпарат индустриясы бүгінгі күні дамудың орасан зор катализаторына айналды. Жалпы, технология бүкіл қоғамдық өзгерістердің және кәзіргі заманның даму күшінің маңызды факторы болып отыр. Бұл құбылыстарға байланысты техника мен мәдениет арасынан мына мәселелер туындайды: Техника жетістіктерінің адамдар болмысына деген ықпалы қандай және олар адам өміріне қандай өзгерістер әкелуі мүмкін? Ақпараттың ақыры не болмақ? Мәдениет пен компьютерлендіру өркениеттілігінің ара-қатынасы қандай болмақ? Әрине бұл мәселелерді белгілі бір гуманитарлық пәндер тұрғысынан қарастыру мүмкін емес. XX ғасырдың соңында дін мәселесі мәдениет өмірінде соншалықты елеулі орын алады деп ешкім де ойлаған жоқ. Қайта, өткен ғасырдың ғалымдары, философтары діни көзқарасты арнайы сынға алуды артықшылық деп санады. Өйткені болмыстың бастапқы құпия көзін ғылымның өзі-ақ ашады деп тұжырымдады. Бірақ оның осылай біржақты шешілмейтініне қазір адамзаттың көзі жетіп отыр. Оған қоса адамзат мәдениетінде, мәдениеттің болмыстылығына байланысты туындайтын мәселелер бар. Оларға мыналар жатады: Мәдениет феноменін қалай тануға болады? Өркениеттілік пен мәдениеттің арасында қандай байланыс бар? Осы келтірілген жағдайлардан туындайтын мәселелердің түсінілуі, танылуы, жеке ғылым, діни сенім, философия, не басқа да гуманитарлық білімдер негізінде мүмкін емес екендігі белгілі. Олар кәзіргі уақытта әмбебап білімдер арқылы жүргізілуде. Көпшілік жағдайда бұл әмбебап қасиет мәдениентану ғылымына тән. Бұл арада мәдениеттанудың бастапқы мақсаты мәдениеттің тарихи дамуын және әлеуметтік қызметін зерттеу, ал нетижесі мәдениет туралы жүйеленген білім. Семиотика (гр semeion - белгі, танба) (семиология— таңбалық белгілер жүйесі туралы ғылым, адамзат қоғамына қызмет ететін салалардағы (тіл мәдениет, салт дәстүр, кино т.б.), табиғаттағы (жануарлар дүниесіндегі коммуникация) немесе адамның өз қызмет-қабілетіндегі (заттарды көру, есту арқылы қабылдау, логикалық пайымдау) ақпараттың сақталуы мен қабылдануына қатысты әр түрлі таңбалық жүйелердің құрылымы мен қызметінің жалпы мәселелерін зерттейтін ғылыми пән. "Таңбалар жайындағы ғылым" ретінде Семиотиканың алғашқы негізгі ұстанымдары табиғи тілді байкауға байланысты Ч. С. Прис пен Ф. де Соссюрдің еңбектерінде айтылған. "Семиотика" термині алғашкы кезде формалды логика-математика саласы үшін қолданылған, ал оның заттық-мазмұндық жағы Еуропа дәстүрі бойынша семасиология деп аталған, кейін бұл екі термин синоним ретінде қолданылатын болды. Семиотиканың көлемді объектілерінің ішінде неғұрлым ортақ сипат тіл мен көркем әдебиеттің арасында айқын байкалады. Сол себепті тіл мен әдебиет Семиотикасы гуманитарлық Семиотика сының өзегі болып табылады. Семиотиканың тағы бір саласы формалды логикаматематика деп аталады. Семиотика— таңбалық белгілер жүйесі туралы ғылым, адамзат қоғамына қызмет ететін салалардағы (тіл, мәдениет, салт – дәстүр , кино т.б.), табиғаттағы (жануарлар дүниесіндегі коммуникация) немесе адамның өз қызмет-қабілетіндегі (заттарды көру, есту арқылы қабылдау, логикалық пайымдау) ақпараттың сақталуы мен қабылдануына қатысты әр түрлі таңбалық жүйелердің құрылымы мен қызметінің жалпы мәселелерін зерттейтін ғылым Семиотика таңба мен белгілерді зерттейді. Таңбаның тарихы, мағынасы, қандай мақсатпен бұл таңбаның салынғаны – семиотика. Семиотика ғылым саласын қазіргі таңда – лингвистикада, математикада, әдебиетте, сәулет өнерінде, көркем суретте, пәтерді жобалауда пайдаланады Тіл мен әдебиет Семиотиканың негізін қалағандар 1920—30 жылдары Прага лингвистикалық мектебі мен Копенгаген лингвистикалық үйірмесінің өкілдері (Н. С. Трубецкой, Р. О. Якобсон, Л. Ельмслев, В. Брёндаль т.б.). Семиотика зандылықтары Семиотикалық жүйелердің негізгі құрылымдық элементтерінің (фонема, морфема, сөз, сөйлем, дауыс ырғағы) бір-біріне қарамақарсы келуі арқылы анықталады. Ғылыми еңбектерде Семиотиканың үш денгейде жіктелетіні көрсетілген: Таңбалар арасындағы, сөз тізбегіндегі қарым-қатынасты білдіретін синтактика; Таңба мен сол арқылы белгіленген заттың арасындағы қарымқатынасты білдіретін семантика; Таңба мен оны пайдаланушылардың арасындағы қарымқатынасты білдіретін прагматика. Семиотика үш топқа бөлінген: Бірінші топ таңбалық – иконы. Бұл таңба мен таңбалық объект арақатынасы. Мысалы: «портрет» нақты адамды бейнелеу. Екіншісі таңбалық – индексы. Кеңістік пен уақыт аралығындағы таңба мен белгіленетін объект. Оған мысал келтірер болсақ: «түтін» оттың белгісі, «жол көрсеткіштер». Үшінші топ таңбалық – символ. Таңба мен объектің арасындағы конвенционалды келісім. Бұл таңбалық – символға келісім, салт – дәстүр немесе жай ғана кездейсоқтық жатады. Таңба мәдениетінің қасиетін алғаш рет байыпты зерттеген Э. Кассирер болған. Ол мәдениетті зерттеудегі семиотикалық концепциясының негізін қалады. Кассирердің ойынша адам өміріндегі барлық қызметте рәміздік мағына бар. Бұл теориядан қалыптасатын ой, адам өмірінің мәні символдардан тұрады. «Философия символических форм» еңбегінде ол мифология мен дінді, ғылымды мәдени – символикалық жүйе ретінде қарастырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет