1. Кіріспе. «Қоршаған орта оқыту әдістемесі» ­- педагогикалық ғылым


Алғашқы ұғымдардың біртіндеп ұғымдар жүйесіне ауысуын қалыптастыру



бет10/24
Дата27.06.2023
өлшемі222,27 Kb.
#103596
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   24
Байланысты:
Қорш орта. Қосым матер-23

5.2. Алғашқы ұғымдардың біртіндеп ұғымдар жүйесіне ауысуын қалыптастыру.
Бастауыш сынып оқушыларының ойлау жүйесіне негізінде сезіну, сезімдік, көрнекілік басым болатынын ескерсек, оқушыларда ұғымдарды қалыптастыру аса маңызды міндет, жауапты процесс болып табылады.
Сезіну - бұл заттар мен құбылыстардың тікелей сезіну нүктелеріне әсер ететін жекелеген қасиеттерінің көрінісі. Демек, анализаторлар бақыланып отырған нәрсені қабылдау кезінде неғұрлым көп «іске қосылса» пайда болған бейне соғұрлым толық әрі дұрыс болады. Дегенмен оқушыларда қалыптасқан ұғымдар әрқашан дербес, жеке болып келеді. Олар –обьективті әлемнің субьективті бейнесі, біздің барлық біліміміздің алғашы кезеңі. Ұғымдар түсініктерді қалыптастыру кезінде қажет.
Түсініктер заттар мен құбылыстардың елеулі қасиеттерін, байланыстары мен қатынастарын көрсетеді. Түсінікті меңгеру процесі жалпыны бөліп көрсетуден тұрады. Түсінікке ұғымдарға қарағанда абстракцияның жоғарғы деңгейі тән, осыған байланысты төменгі класс оқушыларының ойлау ерекшеліктерін ескерсек, оларда түсініктің қалыптасуы айтарлықтай қиындық туғызады.
Дүниетану пәнінде биологиялық, географиялық, экологиялық яғни, жалпы табиғат туралы ұғымдар меңгеріледі. Жалпы ұғымдар жеке, жинақы, жалпылама деген түрлерге топтастырылады.
Жеке ұғымтардың қалыптасуы. Әрбір жеке обьекті не заттың немесе құбылыстың атауы жеке ұғымдарға мысал. Жалпы ұғымдар терминдермен тұжырымдалады да жеке ұғымдар – жеке аттармен немесе атаулармен тұжырымдалады, өйткені жер бетінде мұндай басқа обьектілер жоқ. Жеке ұғымдар өз кезегінде биологиялық, экологиялық, географиялық сипатта болады. Мысалы; Астана, Шымкент, Кавказ – жеке географиялық; өзен, қала, тау, жер - жалпы географиялық; құстар, гүлді өсімдіктер, жануарлар, қылқандылар - жалпы биологиялық; көктікен, сұр қоян, шырша - жеке биологиялық; факторлар, биосфера - экологиялық ұғымдар болып табылады.
Жинақы ұғымдардың қалыптасуы. Жинақы ұғымдар жеке ұғымдардан тұрады да, олардың туыстық белгілерінің ұғымдары жалпы болады, мысалы: Солтүстік Мұзды мұхит теңіздері немесе Тынық Мұхит теңіздері. Бір ғана мұхитқа жатуы мен туыстық белгісі «теңіз» болуы оларды жинақы ұғымға біріктіреді.
Жалпы ұғымдардың қалыптасуы. Дүниетанудан 1 - 4 кластарда сабақ бергенде табиғат және халық шаруашылығының қызметімен таныстырғанда мұғалім жалпы географиялық және жаратылыстану ұғымдарын: таулар, мұхиттар, ағаштар мен бұталар, жабайы және үй жануарлары, өзендер мен көлдер туралы ұғымдар береді.
Дүниетану сабағында меңгеретін түсініктер де жалпы және жеке болып бөлінеді. Жалпы түсініктер біртекті заттар мен құбылыстарды қамтиды. Оған өзендер, таулар, жазықтар, шөлдер, балықтар немесе белгілі жерді бағдар жасау, жауын-шашын түсініктері мысал бола алады. Кез келген жалпы түсінікті сипаттай отырып, балалар оның негізгі белгілерін немесе әрекет кезеңдерін атай білуі тиіс. Жеке түсініктер - бұл нақты обьектілер мен құбылыстар туралы түсінік, мысалы, Арыс өзені, Қазығұрт тауы, Байкал көлі, найзағай, жаңбыр, қар т.б. Жеке түсініктердің мазмұны оларды сипаттағанда немесе мінездеме бергенде ашылады.
Обьектілер мен құбылыстар туралы ұғымдар мен түсініктерден басқа обьектінің шамасы, оның пішіні, т.б. кеңістік ұғымдары қалыптасады. Түсініктер мен ұғымдардың қалыптасу кезінде оқушылардың дағдысы маңызда роль атқарады. Бұл оқи білу, бақылау жасау, практикалық жұмыстар, тәжірибе жасау сияқты әрекеттерін меңгеру.
Түсініктер мен ұғымдардың қалыптастырудың екі жолы белгілі:- тікелей және жанама. Дүниетануды оқыту кезінде екінші жол көбірек жүзеге асады, өйткені ол қысқа әрі үнемді. Іс жүзінде екі жолда бір мезгілде пайдаланылады, бір-бірін толықтырады, алайда екіншінің үлес салмағы әлдеқайда басым. Мысал, көл деген жалпы түсінігін қалыптастыру үшін барлық көлге ортақ белгіні атау керек - бұл тұйық формадағы су кеңістігі. Басқа қалған белгілер (тереңдігі, тұздылығы, температурасы, жағасының биіктігі, қазаншұңқырының пішіні, т.б.) өзгеріп отырады және олар жалпы түсінікті қалыптастыру кезінде пайдаланылмайды. Ұғымдар мен түсініктерді қалыптастыру кезінде тікелей және жанама жолдарды ұштастыру, әсіресе бастауыш класта қажет. Ол үш факторға байланысты: нақты обьектілердің мысалы, шөлдің бақылауға алынуының қиындығы; балалардың бақылауға алған нақты обьекті немесе құбылыстардың басты және өзгермелі белгілерін оңайлықпен бөліп көрсете алмауы. Оқушылар картиналарды немесе өзге де нақты заттарды сипаттау кезінде осы түсінік үшін қандай белгі басты (маңызды ) болып табылатынын, ал қандай белгі жанама болатынын айтуы қажет. Тек осы жағдайда ғана оқушы өзі көрген зат немесе сурет осы жалпы түсінікке қатысты барлығын түсінеді.
Ұғымдарды қалыптастыру мақсатында оқушыларға өздері бұрын көрген затты немесе суреттің есте қалған бейнесі бойынша салуды, ауызша сипаттауды талап етуге болады. Егер сурет затты ақиқат бейнелесе, онда оқушыда ол туралы ұғымы дұрыс болады. Басты белгілерді көрнекі түрде беру бейнені түсінікпен байланыстырады, оны жалпы түсініктің тасмалдаушысы етеді. Бұл бала санасына қабылданады, яғни бейне мен сөз арасында байланыс жүзеге асады. Сөз белгілі бір мәнге ие болады, нақты мазмұнмен толығады.
Ұғымдар мен түсініктерді қалыптастыру еңбекті көп қажет ететін ұзақ процесс. Дүниетануды оқытудың бүкіл кезеңінде бұрын меңгерген ұғымдар мен түсініктер кеңейіп, тереңдеп отырады және олардың негізінде жаңалары енгізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет