1. "Көркем еңбек" пәнінің маңыздылығы



бет1/11
Дата31.12.2021
өлшемі36,38 Kb.
#21728
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Көркем еңбек практика


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

«ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ» КАФЕДРАСЫ

ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС

Көркем еңбекті оқытудың теориясы мен технологиясы

Орындаған: Тобышова С. БОПжӘ-102 (2-жылдық)

Тексерген: Сугуралиева А.М

Ақтөбе, 2021


Практикалық №1

Тақырыбы: Көркем еңбек оқу пәнін оқыту мақсаты мен міндеттері

1. "Көркем еңбек" пәнінің маңыздылығы

Қазіргі кезеңде оқушының өз бетімен білімге ие болу барысында оның белсенді іс- әрекетін ұйымдастыру оқу үдерісіне қойылатын негізгі талаптардың бірі болып табылады. Бұл тəсілдеме пəндік білімді, əлеуметтік жəне коммуникативтік дағдыларды ғана емес,сонымен бірге өзінің жеке мүдделері мен болашағын сезінуге, сындарлы шешімдер қабылдауына мүмкіндік беретін тұлғалық қасиеттерді де меңгеруге ықпал етеді. Мұғаліммен бірлесіп шығармашылықпен айналысу жəне серіктес, кеңесші ретінде мұғалімнің қолдауы кезінде оқушының белсенді танымдық қабілеті тұрақты сипатқа ие болады. «Көркем еңбек» пəні оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, кеңістік-образдық ойлауын, рухани-адамгершілік құндылықтарын, қоршаған ортаны эстетикалық, эмоционалдық түрде қабылдауларын қалыптастыруға бағытталған. Көркем еңбек сабағында оқушылардың оқуға деген қызығушылықтары артып қана қоймай, алған білімдерін іс-әрекетте, рухани өмірде, қоғамдық қатынастарда қолдана алады деп ойлаймын. Сол себепті де осы көркем еңбек сабағында іске асқан іс-әрекеттердің бәрі дерлік тұлғаның барлық қажетті сапаларын қалыптастыруға көмектеседі.



Адамды қоғамдағы орны еңбегімен анықталады. Демек, адамды адам еткен – еңбек.
Қазіргі таңда ғылым мен білім өркендеген заманда өнердің түрлері де көбейіп , тармақталып жатыр .Солардың бірі – көркем еңбек пәні.
Мектеп жасындағы оқушыларды еңбекке баулу қашанда кезек күттірмейтін міндет екені айдан анық. Абай атамыз өзінің қара сөзінде айтқандай.Мал жұтайды,өнер жұтамайды.Алдамай өз өнерін сатқан қолөнерші- қазақтың әулиесі сол адам.
Қазіргі көркем еңбек сабағының кілтті сөзі ол еңбек. Бұл сабақта балаға қарапайым «Еңбек құралдары мен өсімдік өсіру мен күтіп баптауды» үйрететін болса, бүгінгі таңда ғылым мен техниканың қарыштап дамыған заманы. Ғылым мен озық ойлы технологияның заманы. Адамзат баласының ақыл ойының дамыған заманында «Еңбек» сабағы «Технология.Көркем еңбек» болып өзгеруде .
Қазақ елі еңбекті ерекше бағалап құметтеген. Мысалға: Жалқаудың жаны тәтті, Еңбектін наны тәтті деген сияқты мақал мәтелдерінен, және тағы басқа қанатты сөздерінен байқауға болады.
«Көркем еңбек» сабағы балалардың шығармашылық жігерін ашуға көмектеседі. Шеберлік деңгейінің өсуіне, әр жұмысты соңына дейі жеткізудегі шыдамдылық төзімділік сияқты қасиеттерін қалыптастырады. Оқушы бала орасан зор еңбегінің жетістігін көргеннен кейін сол затты қайта жасауға қызығады, және соны үйренуге талпынады.
« Көркем еңбек» пәндерінің балаға берер білімі өте көп және күрделі пән ретінде қарауымыз керек. Еңбекке немқұрайлы қарау нағыз білімсіздік. Қазіргі таңда мұғалім ретінде байқайтынымыз, балалардың сабаққа ықыласы төмен. Сонда балада білім болмаса, бір кәсіптік бағытқа бағдар берілмесе, ондай бала ертең қоғамда орнын қалай табады. Бұл үлкен ойландыратын жағдай.
Еңбексіз өскен бала, ескексіз жүзген қайық деп, дана бабаларымыз бекер айтпаса керек.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет