Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті « 1 курс, 117 - дене шынықтыру және спорт » Орындаған: Нурбергенова Анель Тақырып:Мемлекет және азаматтық қоғам Мемлекет - адамдардың, қоғамдық топтардың, кластардың және ассоциациалардың біріккен әрекеттері мен қарым-қатынастарын бақылап және бағыт беріп отыратын қоғамның саяси жүйесінің институты. Мемлекет қоғамдағы биліктің орталық институты ретінде болады, ол осы билік арқылы саясатты жүзеге асырады. Саяси ғылымда мемлекет оны түсінудің үш тәсілінің арақатынасы арқылы қарастырылады: а) саяси-философиялық. Мемлекет «ортақ істерді» шешу және билік пен қоғамның қатынастарын реттеу құралы ретінде, сонымен қатар халық пен адамның саяси өмірін қамтамасыз ететін құрал ретінде түсіндіріледі; б) кластық. Мемлекет қоғамның кластарға бөлінуінің нәтижесі (марксистік тәсіл). Классикалық анықтама (В. Ленин бойынша) мемлекетті «бір кластың басқа бағынушы кластарды қол астында ұстайтын, бір кластың басқасына үстемдік етуіне мүмкіндік беретін машина» ретінде түсіндіреді; в) құқықтық және ұйымдастырушықұрылымдық тәсіл бойынша мемлекет «құқықтық мемлекет» ретінде, қоғам өмірін және мемлекеттің өзінің әрекеті мен оның саяси және қоғамдық қатынастар жүйесіндегі құрылымын ұйымдастыратын құқық пен заң бастауы. Мемлекеттің белгілері: а) қоғамнан бөлініп шыққан және басқару мен мәжбүрлеу мекемелерінде (шенеуніктер,әскер, полиция және т.б.) материалданған жария биліктің болуы; б) мемлекеттік саясатты материалдық қамтамасыз ету, экономикалық, әлеуметтік, мәдени жаңаруларды жүргізу, мемлекеттік аппаратты ұстау үшін қажетті салық жүйесі; в) территория. Мемлекет өз территориясында тұратын барлық халықты өзінің билігі мен қорғауы арқылы біріктіреді; г) егемендіктің болуы және халықаралық қатынастардағы тәуелсіздік; д) құқық. Құқық мемлекеттік билікті заңды түрде рәсімдейді, осылайша оған легальдік береді, мемлекеттің қызметін жүзеге асырудың заңды шегі мен формасын анықтайды; е) физикалық мәжбүрлеуді, күшті заңды қолдануға монополия (жоғарғы құндылық болып табылатын өмірден, еркіндіктен азаматтарды айыру мүмкіндігі). Мемлекеттің мәні бастапқы мәселелерді, мемлекеттердің, саяси жүйенің және қоғамның арақатынасын, яғни мемлекет пен қоғамның бірлігі, басқару күші, мемлекеттің шығуы, оның дамуының шарттары мен бағыттары мәселелерін шешуді синтездеуден көрінеді. Бір шешімі - мемлекет пен қоғам бір бүтінді құрайды, ал мемлекет қоғамдық қатынастардың барлық жиынтығын қамтиды. Мемлекет бұл жағдайда унитарлы, яғни біртұтас, ол қоғамды біріктіреді. Бұл мағынада «ресейлік (американдық, француз және т.б.) мемлекет», яғни билік, халық, ел, олардың территориясы, шекарасы туралы айтуға болады. Басқа шешімі - мемлекетті қоғамда таралған және оған ерекше әлеуметтік институт ретінде қосылған саяси жүйенің орталығы ретінде мойындау. Қоғам өз дамуында мемлекетке тәуелсіз. Мемлекеттің қызметтері: ұйымдастырушы (басқару), үстемдік ету және басыпжаншу, құқықтық жүйені жасау. Ұйымдастырушы, басқарушы қызметтерінің мәніқоғамның тіршілік әрекетінің сақталуында, «ортақ игілікке», бірлікке қол жеткізуде, тәртіпті орнатуда, мемлекет пен халықтың, ұлттардың, этностардың өзара қарымқатынастарын реттеуде. Үстемдік ету және басып-жаншу қызметі күрес құралы ретінде ғана емес, сонымен қатар кластар мен мемлекет, кластар арасындағы қарымқатынастардағы қақтығыстардың бастауы ретінде болады. «Құқықтық мемлекеттің» арнайы қызметі - нормалар мен заңдардың негізінде қоғамдық қатынастардың көптүрлілігі шеңберінде мемлекет пен қоғамның, мемлекеттік аппараттың жұмыстарын реттеу. Кейбір әдебиеттерде мемлекеттің қызметтерінің неғұрлым нақтырақ сипаттамасы беріледі, олар негізінен жоғарыда аталған қызметтерге ұқсас. Қызметтерді ішкі және сыртқы деп бөледі. Мемлекеттің ішкі қызметіне мыналар жатады: а) экономикалық - экономикалық өсім түрткісін немесе санкцияны жүзеге асыруды жасау арқылы, салықтық және несиелік саясаттың көмегімен экономикалық процестерді ұйымдастырудан, үйлестіруден және реттеуден көрінеді; б) әлеуметтік - адамдардың жұмысқа, баспанаға деген және денсаулығын сақтау қажеттіліктерін қанағаттандыруда, әлеуметтік кепілдікті, сақтандыруды беруде көрінеді. в) құқықтық - қоғамдық қатынастарды және азаматардың мінез-құлқын реттейтін құқықтық нормаларды қалыптастыруға, құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған; г) мәдени-тәрбиелік - тұрғындардың мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жағдай жасауға бағытталған; д) саяси - саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуден, биліктік құзырларды жүзеге асырудан, саяси бағытты дайындаудан көрінеді; е) экологиялық - табиғатты тиімді пайдаланудың құқықтық тәртібін қалыптастырудан, қалыпты, салауатты қоршаған ортаны қамтамасыз етуден көрінеді. Сыртқы қызметтер, бәрінен бұрын, экономикалық, әлеуметтік, технологиялық, ақпараттық, мәдени, сауда аумақтарында басқа мемлекеттермен өзара тиімді ынтымақтастық қағидаларына бағынады. Осылайша, мемлекетті саяси институт ретінде зерттеу мемлекеттің саяси жүйедегі белгілі бір рөлді атқаратынын көрсетеді, себебі оған саяси жүйенің тиімділігі тәуелді.