9.2. Семинар/ практикалық сабақтар 9.2.1 Тақырыбы: Қоршаған ортаның химиялық, биологиялық және физикалық (шу, діріл, жылу) ластануы Сағат саны:3 Тақырыптың негізгі сұрақтары: 1. Қоршаған ортаның химиялық ластануы
2. Полютанттар. Аэрополютанттар. Парникті газдар
3. Қышқылды жауын-шашын. Қышқылды жауын шашынның экологиялық салдары
4. Қоршаған ортаның биологиялық ластануы
5. Қоршаған ортаның физикалық (шу, діріл, жылу) ластануы
Әдістемелік нұсқау Мақсаты: Өндірістік экологияны қарастыру, студенттерге өндірістік қоршаған ортаны қорғауға дағдыландыру. Өндіріс қалдықтарының утилизациялау жолдарын қарастыру.
Берілген тапсырма:
Ақтөбе қаласының атмосферасы келесі аэрополютанттармен ластанған: СО – 4,3 мг/м3, (ШЖК-3), NO2 – 0,042 мг/м3 (ШЖК-0,04), SO2 – 0,06 мг/м3 (ШЖК-0,05), Фенол (C6H5OH) – 0,004 мг/м3 (ШЖК-0,003). Суммациялық эффектіні есептеп (С1/ШЖК1+С2/ШЖК2+…+Сn/ШЖКn≤1), суммациялық эффектінің адам организміне тигізетін әсерін түсіндіріп, атмосфераның аэрополютанттармен ластануының деңгейін азайту жолдарын талдаңыз.
Жаңажол мұнай-газ өңдеу кешенінің жұмыс зонасының атмосферасы келесі аэрополютанттармен ластанған: СО – 4,1 мг/м3, (ШЖК-3) NO2 – 0,05 мг/м3 (ШЖК-0,04), SO2 – 0,06 мг/м3 (ШЖК-0,05), Фенол (C6H5OH) – 0,002 мг/м3 (ШЖК-0,003). Суммациялық эффектіні есептеп (С1/ШЖК1+С2/ШЖК2+…+Сn/ШЖКn ≤1), суммациялық эффектінің адам организиміне тигізетін әсерін түсіндіріп, атмосфераның аэрополютанттармен ластануының деңгейін азайту жолдарын талдаңыз.
Әдебиет: негізгі [1,3], қосымша [1].
9.2.2 Тақырыбы: Зиянды заттардың қауіптілік кластары
Сағат саны:3 Тақырыптың негізгі сұрақтары: Аэрополютанттардың қауіптілік кластары
Полютанттардың қауіптілік кластары
Әдістемелік нұсқау Мақсаты: Өндірістік экологияны қарастыру, студенттерге өндірістік қоршаған ортаны қорғауға дағдыландыру. Өндіріс қалдықтарының утилизациялау жолдарын қарастыру.
Берілген тапсырма:
Ақтөбе қаласының атмосферасы келесі аэрополютанттармен ластанған: СО – 4,3 мг/м3, (ШЖК-3), NO2 – 0,042 мг/м3 (ШЖК-0,04), SO2 – 0,06 мг/м3 (ШЖК-0,05), Фенол (C6H5OH) – 0,004 мг/м3 (ШЖК-0,003). Суммациялық эффектіні есептеп (С1/ШЖК1+С2/ШЖК2+…+Сn/ШЖКn≤1), суммациялық эффектінің адам организміне тигізетін әсерін түсіндіріп, атмосфераның аэрополютанттармен ластануының деңгейін азайту жолдарын талдаңыз.
Жаңажол мұнай-газ өңдеу кешенінің жұмыс зонасының атмосферасы келесі аэрополютанттармен ластанған: СО – 4,1 мг/м3, (ШЖК-3) NO2 – 0,05 мг/м3 (ШЖК-0,04), SO2 – 0,06 мг/м3 (ШЖК-0,05), Фенол (C6H5OH) – 0,002 мг/м3 (ШЖК-0,003). Суммациялық эффектіні есептеп (С1/ШЖК1+С2/ШЖК2+…+Сn/ШЖКn ≤1), суммациялық эффектінің адам организиміне тигізетін әсерін түсіндіріп, атмосфераның аэрополютанттармен ластануының деңгейін азайту жолдарын талдаңыз.
Әдебиет: негізгі [1,3], қосымша [1].
9.2.3 Тақырыбы: Қоршаған орта сапасының экологиялық нормативтері.
Сағат саны:3 Тақырыптың негізгі сұрақтары: Атмосфераны ластайтын заттардың шекті жол берілген концентрациялары (ШЖК): ШЖКо.т., ШЖКм.б., ШЖКж.з.