1. курс туралы жалпы мәліметтер


Тақырып №4. Корпорацияның айналым капиталы



бет17/32
Дата21.09.2022
өлшемі0,57 Mb.
#39690
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   32
Байланысты:
КФ силл

Тақырып №4. Корпорацияның айналым капиталы
Сағат саны – 2
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары

  1. Айналым капиталының сыныптамасы және экономикалық мазмұны. Айналым капиталын ұйымдастыру қағидаттары, олардың құрамы және құрылымы. Компанияның босалқы қоры: босалқы қорлардағы қаражаттар, өндірістегі қаражаттар. Дебиторлық қарыз мөлшерінің деңгейі және оны басқару. Компанияның ақшалай қаражаттары, олардың түсу жолдары және жұмсалу бағыттары.

  2. Ақша қаражаттарының ағымдарын болжамдау. Қолма – қол ақшаны басқарудың моделі. Қысқа мерзімді бағалы қағаздар, жеңіл таратылатын бағалы қағаздар портфелін қалыптастырудың қағидаттары және ерекшеліктері. Компанияның айналым капиталының оңтайлы қажеттілігін анықтау және бұл қажеттілікті анықтаушы факторлар. Айналым қаражаттарын нормалаудың әдістері.

  3. Айналым капиталын қалыптастыру көздері. Кредиторлық берешек: айналым капиталын қалыптастырудағы оның мәні. Меншікті айналым капиталы. Айналым капиталының өсімі, оны қаржыландыру көздері. Айналым капиталын пайдаланудың экономикалық тиімділігі, оның компанияның қаржылық жағдайына ықпалы және жетілдіру жолдары.

Практикалық сабақ offline режимінде өткізіледі. Студенттер берілген тақырып сұрақтарына силлабуста көрсетілген әдебиеттер тізімі бойынша дайындалады. Практикалық сабақ материалы ықшам, мазмұнды болуы тиіс. Пратикалық сабақта сьуденттерге таратылым материалы беріледі.
Әр білім алушы өзі таңдаған кәсіпорынның қаржылық құжаттарының негізінде айналым капиталының қолданылу тиімділігін анықтайтын көрстекіштерді есептейді. №4 практикалық сабақта сәйкес есептер шығарылып, №4 практикалық сабақта есептер бойынша тұжырымдама теориялық матриалмен ұштастырылып қорытындыланады.
Таратылым материалының мазмұны:
Ағымдық активтердің тиімділігін талдау (№2 таратылым материалы)
Айналымдылық коэффициенттері-корпорация активтерін басқарудың тиімділігін және олардың қарқынын бейнелейтін көрстекіштер. Айналымдылық жоғары болған сайын корпорацияның рентабельділігі мен төлемқабілеттілігі арта түседі. Айналымдылық коэффициенттері корпорация капиталы ақталып (окупаемость) шығуы үшін қажетті айналым санын көрсетеді

4. Активтердің айналымдылығы коэффициенті=Түсімақша/Активтердің орташа мәні


Аталған коэффициенттің тағайындалған нормасы жоқ. Көрсеткішті қарқынды түрде бағалау қажет.

Аак жоғарыласа

Төлемқабілеттілік өсіп, актив бірлігіне қайтым мен корпорацияны басқару тиімділігі артып отыр

Аак кемісе

Төлемқабілеттілік азайып, актив бірлігіне қайтым мен корпорацияны басқару тиімділігі төмендеп отыр



5. Ағымдық активтердің айналымдылығы коэффициенті =Түсімақша/Ағымдық активтердің орташа мәні

6. Күндердегі ағымдық активтердің айналымдылығы коэффициенті=365/ Ағымдық активтердің айналымдылығы коэффициенті






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет