3 мысал.
a = 1/3
b = 1/9
print ( "{:7.3f} {:7.3f}".format(a, b) )
«%e» жазбасы экспоненциалдық форматты білдіреді:
print ( "{:10.3e} {:10.3e}".format(a, b) )
мұндағы 10 мен 3 сандары – бұл белгіленген бөліктің жазбасындағы ондық нүктеден кейінгі белгілердің саны мен позициялардың жалпы саны:
◦3.333e-01 1.111e-01
Стандартты функциялар
Python тілінің кітапханасы бағдарламадан шақыруға болатын дайын функциялардан тұрады. Кейбір функциялар тілдің ядросына енгізілген, мысалы, санның модулін есептеу үшін abs функциясы қолданылады:
print ( abs(-1.2) )
Нақты сандардан бүтін сандарға өтуге арналған енгізілген функциялар бар:
• int(x) –x нақты санды бүтін санға келтіру, бөлшек бөлікті алып тастау;
• round(x) – x нақты санды жақын бүтінге дөңгелектеу.
Python тілінің көптеген стандартты функциялары қызметі бойынша топтарға бөлінеді және әрбір топ модуль деп аталатын жеке файлға жазылады. Математикалық функциялар math модуліне жинақталған:
sqrt(x) – x санының квадраттық түбірі ;
sin(x) – радианмен берілген x бұрышының синусы;
cos(x) – радианмен берілген x бұрышының косинусы;
Достарыңызбен бөлісу: |