№1 лабораториялық сабақтың тақырыбы



Дата09.05.2022
өлшемі22,78 Kb.
#33591
түріСабақ
Байланысты:
Топ билогия Лаб 1


№1 лабораториялық сабақтың тақырыбы: Микроскоп, оның құрылысы және микроскоппен жұмыс істеу техникасы
Лабораториялық сабақтың оқыту нәтижелері: 1.Микроскоп құрылысымен танысып, тірі акғзалардың сынама үлгілерін микроскоппен зерттеу техникасын практикада қолдануға дағдыланады

.

Лабораториялық сабақтың мазмұны:



Микробиологиялық тәжірибеде микроағзалардың жасушаларының құрылысын және морфологиясын зерттеу үшін нысанды жүз есе үлкейтіп көрсетуге қабілетті жарық оптикалық микроскоптар, және ондаған мың есе үлкейтіп көрсететін электронды микроскоптар қолданылады.

Оптикалық микроскоптар үшін фазалы-контрастық құрылым, қараңғы поярлы конденсатор болады. Люминесцентті микроскоп пайдаланылады, оптикалық микроскоптан қолданудағы және конструкциясы жағынан айырмашылығына флуоресценттік бояғыштарды (флуорохромдар) қоздыру үшін қажетті немесе нысандағы флуоресценция, жарықты толқын бойымен өткізу және генерациялау, сонымен бірге флуоресценция нәтижесінде объективте пайда болған жарық пен толқын ұзындығын анықтайды. Заманауи оптикалық микроскоп оптикалық және механикалық бөлімдерден тұрады (1 - сурет). Механикалық бөлімі зат үстелше бар штативтан және тубустан тұрады. Зат үстелше микроскоптың екі жағында орналасқан бұрандалардың көмегімен көлденең қозғалады. Зат үстелшесінің жоғарғы жағында препаратты нық орналастыру үшін құрал бар. Макрометрлік және микрометрлік – екі бұранданың көмегімен микроскоптың тубусы жоғары және төмен жылжиды, ол бұрандалар зерттелетін объектінің тұрпайы және жұқа фокустауына арналған. Микробұранданың толық айналғаны объектінің 0,1 мм жылжығаны деуге болады. Тубустың жоғарғы жағына окуляр қойылады. Объективтер тубустың төменгі бөлігі, яғни револьверге бұралады.

Микроскоптың оптикалық бөлімі объектив, окуляр, конденсатор, айнадан тұрады.

Объектив - микроскоптың маңызды бөлімі. Ол зерттелетін объектіні ұлғайтып және төңкеріп көрсететін линза жүйелерінен тұрады. Ең басты линза - сыртқы (фронтальды), объективтің ұлғайуы оның фокустық арақашығына байланысты. Фронтальды линзаның қисықтығы үлкен болса, фокустық арақашықтығы үлкен және объективтің ұлғаюы көбірек болады. Объективтің үлкейгені оның оправасында көрсетіледі. 8, 20, 40 (құрғақ) және 90, 100 (иммерсионды) есе үлкейтетін объективтер бар. Фронтальдықтан жоғары түзету (коррекциялық) линзалар орналасқан, олар сфералық және хроматикалық аберрацияны жойып айқын кескінді көруге арналған. Абберацияларды жоюына байланысты объективтер ахроматтар, анохроматтар және планохроматтарға бөлінеді. Микроскоптың окуляры екі линзадан тұратын оптикалық жүйе. Линзалар арасында тұрақты диафрагма бар. Окулярдың диафрагмасы оның көру аймағының шекарасын анықтайды. Окулярлардың ұлғайтуы әр түрлі болады. Мысалы, 5, 7, 10, 12, 15, 20 есе. Объектінің неше есе үлкейтілгенін білу үшін объективтің және окулярдың өздеріне жазылып қойылған жеке үлкейткіштеріне көбейтеді.


Оқытудың техникалық және инструментальдық құралдары: проектор, сызба, кестелер

Қондырғылар, техникалық және инструментальдық құралдар: Биологиялық микроскоптар,заттық және жабынды әйнектер, пілте (спиртовка), сіріңке, бактериялық ілмек, бактериялардың препараттары, кейбір бактериялардың алдын- ала өсірген культуралары, сүзгіш қағаз.


Жұмысты орындау тәртібі:



  1. Микроскоптың құрылысымен танысу. Келлер бойынша жарықты қоя білуді үйрену.

МС-20, BIO-1, MRP-300 бинокулярлы жарық микроскоптарымен жұмыс жасау техникасы. Алдымен микроскопты жұмысқа дайындау. Микроскопты жұмысқа дайындау барысында оны 200 Вт электр қуатына қосады. Содан соң револьверді айналдыра отырып, х10 есе үлкейтетін кіші объективті қою керек. Конденсорды жоғары тірелгенше көтеріп, оның диафрагмасын ашу қажет. Окулярға (х10) қарай отырып, корпус табанындағы арнайы тетіктің көмегімен бұрап, жарықтың күшін реттейді. Ортасына алдын-ала иммерсиялық май тамызылған заттық әйнекті микроскоп столына орнатып клеммалармен бекітеді.

Иммерсиялық объективті (х100) қойып, бір жанынан көзбен бақылау жасай отырып, оны заттық әйнек бетіндегі иммерсиялық майдың тамшысына ептеп түсіріп, жанастырады. Объектив май бетіне жанасқаннан кейін ғана окулярға қарап отырып, макрометрлік бұранданың көмегімен боялған фон көрінгенше тубусты ептеп көтереді.

Осыдан кейін микрометрлік бұранданың көмегімен зерттелетін объектіні анық көрінгенге дейін реттеп келтіреді. Заттық үстелді қозғай отырып, бірнеше көріну алаңын қарап шығады.

Микроскоптау біткеннен соң тубусты көтереді, револьверді айналдырады және иммерсиялық жүйенің қарсы орналасқан линзасында жұғып қалған иммерсиялық майды спиртті тампонмен тазалайды. Оны фланель матамен жақсылап сүртеді. Микроскопты полиэтилен қаптамамен жауып қояды.


  1. «Жаншылған тамшы» әдісімен бактериялардың препаратын дайындау, микроскоппен қарау, суретін салу.

Оптикалық микроскоппен микробтарды бақылаған кезде әдетте «жаншылған тамшы» және «ілінген тамшы» препараттарын қолданады. «Жаншылған тамшы» препаратын келесідей дайындайды: таза заттық әйнекке құбыр суынан немесе физиологиялық ерітіндінің (0,5%-тті NaCl) бір тамшысын тамызады.

Тамшының жанына бір тамшы зерттелетін материалдан тамызады

(15 микроб жасушасы). Пілтенің алауына, қалған микробтарды жою үшін, тұзақты қару керек. Зерттелетін материал тамшысын жабынды әйнекпен бастырады. Мұқият болу керек, препаратта артық сұйықтық қалмау керек, оны шынының астынан сүзгішпен сорып алу қажет. Осындай препараттарды микроскоптың астында құрғақ жүйе объективпен және иммерсиямен қарастырады.


  1. «Ілінген тамшы» әдісімен қозғалмалы микроағзалардың препаратын дайындау, микроскоппен қарау, суретін салу.

«Ілінген тамшы» препаратын дайындағанда стерильденген жабынды шыныға инемен өте аз мөлшерде зерттелетін сұйықтық тамшысы енгізіледі. Шыныны дереу тамшысы бар жағын төмен қаратып төңкереді де ойығы бар заттық шыныға орналастырады, тамшы ойықтың үстінде ілініп оның шеттері мен түбіне тимуі қажет.

Ойықтың шетін алдын ала вазелинмен майлайды және жабынды шыныны заттық шыныға батырып қысады. Препаратты құрғақ жүйе объективпен және иммерсиямен қарастырады. Бақылауды ұзақ жүргізуге болады – бір және бірнеше апта бойы.

Ұзақ бақылауға арналған препараттар дайындау үшін су емес, сұйық қоректік ортаны қоладанады. Препараттарды электрлік жылытқыш үстелге орналастырып микроағзалардың дамуын бақылауға болады.
Қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау ережесі:кептіргіш шкафта, электр плитасымен, қышқылдармен жұмыс жасау тәртібін білуі керек.

Деңгейлік тапсырмалар:



  1. Микроскоптың оптикалық бөлігінің құрылысы мен қызметін түсіндіріңіз.

  2. Препараттағы оъектіні кіші объективпен қарау барысын түсіндіріңіз.




  1. Кіші объективтегі препараттарды үлкен объективпен қарау үшін оны ауыстыру ретін айтып беріңіз.

  2. Уақытша препараттың тұрақты препараттан айырмашылығын айтыңыз.

  3. Жабын және зат шыныны және т.б. микроскоппен жұмыс жасауға қажетті жабдықтардың әрқайсысы үшін керек жабдықтарды атаңыз.

ОБӨЖ тапсырмалары:

1.Топырақ биологиясының даму тарихы

БӨЖ тапсырмалары:

1.Ғылымның дамуына үлес қосқан ғалымдардың еңбектері
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

Негізгі әдебиеттер:

1.Дайрабаев Р.А. Топырақ биологиясы. Түркістан : Тұран, 2015.

2.Абдукадырова Г. Топырақ биологиясы . Электрондық оқулық. Жетісай, 2013 \ http://rmebrk.kz

Қосымша әдебиеттер:

1.Дайрабаев Р, Ерденов М. Қорғалған топырақтың зиянкестері мен аурулары. Оқу құралы. "Тұран" баспаханасы, Түркістан, 2020 .

2.Қабышева Ж.Қ. Топырақтану - А. : ЖШС РПБК Дәуір, 2013.http://rmebrk.kz/

3.Кажиахметов С.А. Топырақтану пәні бойынша лабораториялық жұмыстарды жүргізу әдістемесі. Оқу-әдістемелік. - Орал : ЗКГУ, 2012http://rmebrk.kz/

4.Шорин С.С., Ауелбекова А.Қ. Қолданбалы биология және топырақтану негіздері. Оқулық . Қарағанды.2012.

WEB сайттар:

1.http://soil.msu.ru/

2. www.soil-science.ru/

3.www.genebee.msu.ru/journals/soil-r.html



4.http// www.NLRK.kz-IP-ұлттық кітапханасы.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет