1-лекция. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде жоспары


Саяси идеяларды дҧрыс бағалау мен мәнін тҥсіну ҥшін қажетті методологиялық



Pdf көрінісі
бет12/126
Дата10.12.2023
өлшемі1,06 Mb.
#136210
түріЛекция
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   126
Саяси идеяларды дҧрыс бағалау мен мәнін тҥсіну ҥшін қажетті методологиялық 
әдіс-тәсілдер: 
1.
тарихтың белгілі бір кезеңінде ӛмірлік жағдай мен қоғамдық практика қажеттілігі 
тудырған сҧрақтарға жауап беру негізінде теориялар мен идеялар пайда болады, ол ҥшін сол 
практикалық мәселелерді терең танып білу қажет; 
2.
саяси ілімдерде тікелей немесе жанама болса да қандай да бір әлеуметтік топтардың, 
әлеуметтік кҥштердің экономикалық мҥдделері кӛрініс табады; 
3.
саяси идеялардың қоғамдық процестегі рӛлі әртҥрлі болды. Олар жағымды немесе 
жағымсыз, тіпті реакциялық рӛлдерді атқаруы мҥмкін; 
4.
саяси ілімдердің дамуында дҥниежҥзі тарихы дамуының ішкі логикасы бар. Сонымен 
бірге, осы елде қалыптасқан ҧлттық, тарихи жағдайлар позициясы тҧрғысынан да қарау керек
.
2. Ежелгі дәуір ілімдеріндегі саясаттанудың элементтері (Конфуций, Платон, 
Аристотель).
Қытайдың саяси iлiмi тарихында конфуцизм iлiмi маңызды рӛл атқарған. Оның негiзiн 



қалаған б.з.д. 551-479ж. ӛмiр сҥрген қытайлық ойшыл 
Конфуций 
болды. Оның кӛзқарастары 
шәкiрттерi қҧрастырған «Лунь юй» (Әңгiмелер мен пiкiрлер) кiтабында жинақталған. Бҧл 
кiтаптағы даналық туралы ойлар ӛз мәнiн осы уақытқа дейiн жойған жоқ. Ол даналыққа ҥш 
тҥрлi жолмен жетемiз, ең iзгi жол – санамен саралау, ең оңай жол – елiктеу, ең қиын жол – 
тәжiрибеден тәлiм алу, – деп жазады. Оның негiзгi идеялары: 
1
мемлекеттiң патриархалды-патерналистiк концепциясы; 
2
аристократиялық билiк концепциясы; 
3
қайырымды билiк концепциясы. 
Конфуций барлық нәрсе ҥнемі ӛзгерісте болады, уақыт тоқтамайды, әрбір нәрсенің 
басталуы мен аяқталуы болады дейді. «Адамның ісі де солай, бас-аяғынсыз бірде-бір іс жоқ. 
Оның басталуы мен аяқталуын анық білген адам ақиқатқа жақын тҧрады» – деп жазады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   126




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет