1
1-ЛЕКЦИЯ. САЯСАТТАНУ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ОҚУ ПӘНІ РЕТІНДЕ
ЖОСПАРЫ:
1.
Қазіргі білімдер жҥйесіндегі саяси ғылымның алатын орны, саясаттанудың қалыптасуы
мен дамуы, оның негізгі категориялары, саясаттанудың пәні мен объектісі.
2.
Саясаттанудың негізгі парадигмалары мен мектептері.
3.
Саяси шынайылықты зерттеу әдістері.
4.
Саяси ғылымның ғылыми-танымдық, әдіснамалық және қолданбалы функциялары.
5.
Маманды кәсіби дайындау жҥйесіндегі саясаттану.
1. Қазіргі білімдер жҥйесіндегі саяси ғылымның алатын орны, саясаттанудың
қалыптасуы мен дамуы, оның негізгі категориялары, саясаттанудың пәні мен объектісі.
Мемлекеттiк маңызға ие болатын саяси, әлеуметтiк мәселелер зерттеу объектiсi болып
табылатын саясаттану ғылымының елiмiздiң болашақ дамуы ҥшiн маңыздылығы зор. Елiмiзде
саясаттану ғылымының қалыптасу мен дамуына жағдайдың жасалынуы ӛркениеттi елдердiң
ҥлгiлерiне сәйкес келетiн iс-әрекеттер мен стратегиялық жолдарға кӛшуiнiң кӛрiнiсi.
Қоғамымыздың саяси жҥйесін жетілдіре тҥсу ҥшін әрбір азаматтың саяси мәдениетінің
барынша демократияланған сипатта қалыптасуы шарт. Саяси мәдениет сонымен бірге, саяси
институттардың қызметінің негізгі мазмҧнын да қҧрайтын қҧбылыс. Демократиялық саяси
мәдениет – бҧл әлеуметтік, этникалық, мәдени проблемаларды ӛркениетті тҧрғыда шешуге
арқау болады, қоғамның жан-жақты дамуына жағдайды қалыптастырады.
Саяси білімдер жастардың толық мағынадағы саяси субъект дәрежесiне кӛшiру
баспалдағы және жас азаматтың саяси кӛзқарастарының iргелi негiзiн қҧрайтын, қоғамдағы
бiрлiктi, тҧрақтылықты сақтауға ықпал ететiн саяси дҥниетанымы мен саяси бағдарын
қалыптастыру мен дамытуға негіз болады. Саяси ғылымдарының негiздерiн меңгеру қазiргi
ӛтпелi қоғам жағдайында еркiн бағдар ҧстап, белсендi iс-әрекет жасауға, iшкi және сыртқы
саясаттың сыр сипатын, қилы қҧбылыстарды жете ҧғынуға, басқа адамның қҧқықтарын
қадiрлеуге, ӛркениеттi тҥрде ӛзiнiң мақсат мҥддесiн бiлдiруге жол ашады. Саясаттану саяси
тӛзiмдiлiкке, келiсiмге, серiктестiкке, мәмiлеге келе бiлудi, дау-жанжалды дер кезiнде шешудi,
ҧлтжандылықты, қоғам мен мемлекет алдындағы азаматтық парызды, жауапкершiлiктi сезiнуге
ықпал етедi. Жастардың отаншылдық және патриоттық сезімдерін қалыптастырады және
дамытады. Саясаттану жастарды саясат пен саяси жетекшiлердiң iс-әрекеттерi жӛнiнде
хабарлар етеді.
Саясаттану XIX ғасырдың екінші жартысында ӛз алдына жеке пән ретінде калыптасты.
Оған бҧл кезде бихевиористік, тәжірибелік (эмпирикалық) әдістердің кеңінен пайдаланылуы
зор ықпалын тигізді. 1857 жылы АҚШ-тың Колумбия колледжінде (кейін Колумбия
университетіне айналды) профессор
Достарыңызбен бөлісу: |