1. Логопедияның обьектісі, пәні, әдістері және міндеттері


Әдебиет: Негізгі әдебиеттер



бет15/16
Дата30.01.2023
өлшемі55,6 Kb.
#63894
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
дәріс (1) (1) 2

Әдебиет:
Негізгі әдебиеттер:
1. Логопедия. / Қ.Қ. Өмірбекова, Г.С. Оразаева, Г.Н. Төлебиева, Г.Б. Ибатова . - Алматы: Ассоциация вузов РК, 2011. - 495c.
2. Төребаева К.Ж. Логопедия негіздері : Оқулық / К. Ж. Төребаева. - Ақтөбе : АқМПИ, 2012. - 256 бет
3.Логопедия : Оқулық / Қ. Қ. Өмірбекова, Г. С. Оразаева. - [б. м.] : Дәуір, 2011. - 648 б.
4.Логопедия негіздері : 5В010500 - Дефектология маманд. арн/ Р.Д. Дүйсенбаева. - Ақтөбе : Қ. Жұбанов ат. АӨМУ РББ, 2014. - 141 бет
5.Дүйсенбаева Р.Д. Логопедиялық түзету жұмыстары : Оқу әдістемелік құрал. [б. м.], 2009. - 80 б.


Қосымша әдебиеттер:
1. Шестакова Е.В. Ринолалия и нарушения голоса : Курс лекций. - Актобе : ИЦ АРГУ им. К. Жубанова, 2015. - 142 с
2. Коржова Г.М. Основы логопедии с историей логопедии : Учебное пособие. - Алматы : КазНПУ им.
Абая, 2014. - 96 с
3. Өмірбекова Қ.Қ. Логопедиялық практиканы жүргізудің әдістемелік нұсқауы : Оқу-әдістемелік нұсқау.- Алматы : Абай ат. ҚазҰПУ, 2014. - 59 бет


15. Тұтығу кезіндегі сөйлеу тілінің дамуын түзету. Емханалардағы, мектептегі, балабақшадағы логопедтің жұмысы


Аннотация: Мектептегі, балабақшадағы, емханалардағы, логопедиялық жұмыстар
Кілт сөздер: грамматика, лексика,материал
Жоспар:
1.Балалар ауруханасындағы,стационаллардағы логопедиялық жұмыстар
2.Жалпы білім беру мекемелеріндегі логопедиялық жұмыстар
3.Сурдологиялық кабинеттердегі логопедиялық жұмыстар

Дәріс тезисі:Сөйлеу тілі дамуы әр түрлі дәрежедегі балалармен түзету-тәрбие жұмысы сөйлеу тілі толық дамымаған балалардың арнайы топтарында жүргізіледі.


Логопедиялық жұмыстың мақсаты мен мазмұны сөйлеу тілі бұзылуының құрылысын, сонымен қатар баланың сақталған және теңелту, орнына келтіру мүмкіншіліктеріне негізделеді.Әр түрлі үлгідегі сөйлемдерді құрастыруға үйрету баланың ауызекі сөйлеу тілін қалыптастыруға негіз болады.Сөйлемнің құрылысын игеру жүйелілігі дұрыс дамымаған сөйлеу тіліндегі грамматикалық тұлғаларымен айқындалады. Оқу материалын, жұмыстың әр кезеңіндегі методикалық тәсілін біртіндеп күрделендіру қарастырылады, бірақ алдағы өткен логопедия жұмысының нәтижесіне міндетті түрде сүйенеді.
Тұтығушы балаға сөйлейтің мәтінің дайындап алған да ыңғайлы болады, айтатын ойын қандай кезектілікте болатындығын дайындау.Баланың тұтығуы кеңеттен сөйлегенде күшееді. Сөйлеу жаттығулары келесі кезектілікте орындалады:1. жатқа айтылған мәтін;
2. естіп дайындалған;3. ойша дайындалаған;4. белгісіз мәтін, кеңеттен сөйлеу. Тұтығушы баланың тыртысуының күшеюі немесе жойылуы сөйлеу тілдің құрылымының күрледлілігіне де байланысты. Көп жағдайда тұтығушы бала жеке дыбыстарды, буындарды оңай айтады. Олар толық фразаны бастауды немесе тыныс алу кідірісінен кейін киындық көреді. Осыдан алдымен дыбыстар мен буындардан, кейін қарапайым және күрделі фразалардан, сонынан байланыстырып сөйлеуден басталады. Сонымен қатар тұтығушы балаға сөйлеу тілдің қатты шығуы, дауысталуы да маңзды болып есептелінеді. (сыбырлап және қатты сөйлеу)Тұтығушы балаға оның іс әрекетінің түрі, күрделілігі де сөйлеу тілінің сапалылығына әсерін тигізеді. Сондықтан Н.А.Чевелева тұтығушы баланың сөйлеу тілі өзінің іс – әрекетін сипаттағанда жақсаратындығын көрсеткен.Логопедиялық сабақтарды ұйымдастыру.Жүйелілік және кезектілік қағидасы көрсеткендей тұтығушы балалармен жүргізілетін сабақтар кесте бойынша және қалдырылмай өтуі керек. Осындай жағдайда ғана жүйке процесстерін жаттықтыру неврозды емдеуге мүмкіндік береді.Логопедиялық ықпал ету белгілі түзету тәрбиелеу жұмысымен ұйымдастырылған. Балалардың еркін сөйлеуінің қалыптасуы логопедиялық сабақтың формасына байланысты. Сондықтан тұтығушы балалармен жүргізілетін логопедиялық сабақтың формасын ұйымдастыру әлі күнге дейін өзекті мәселе болып келеді.Тұтығушы балалармен жүргізілетін логопедиялық сабақтың кезектілігінде үлкен және кіші бөліктерді көруге болады. Логопедиялық сабақтың курсы бекітілген уақытта белгіленген жұмыс жүйесінен тұрады. Өткізілу уақыты және жалпы мақсаттарына байланысты логопедиялық сабақтар кезеңдерге бөлінеді (дайындық, жаттықтырушы, бекітуші). Әрбір кезеннің мақсатына байланысты бірнеше этаптарға бөлінеді (үндемеу, бірге сөйлеу, қайталап сөйлеу)Дайындық кезеңінің мақсатына баланы сабаққа дайындау, дұрыс сөйлеу туралы түсінік беру, ол да дұрыс сөйлей алатындығына сендіру, оны қатты дауыспен сөйлеуге үйрету кіреді. Бала алғашқы жеңістерін көруі керек, оның қоршаған ортаға сөйлеу тілінің өзгеруін байқату керек.Тұтығушы баламен жүргізілетін алғашқы сабақтың мақсатына оқшаулау режимі кіреді. Баланың психикасын жағымсыз жағдайдан оқшаулау керек, оған жайлы, тыныштық жағдай жасау керек. Баланы қатты әсер алудын қоршау керек.Бірақ баланы әр түрлі тәсілдермен сабаққа қызығушылын арттыру керек,яғни жас ерекшеліктерін ескере отырып оларға қызықты әңгімелерді, магнитофон, әр түрлі техникалық құралдарды қоладнуға болады. Алайда сөйлеу тіл сабақтарынның нәтижелі болуына балаға қол жетерліктей материалдарды дайындап алу қажет.Дұрыс, әдемі сөйлеу тіл бір сабақта ғана қалыптаспайды, ол күнделікті жүргізілетін жұмыс нәтижесі болып табылады.Жаттықтырушы кезеңнің мақсаты бала барлық сөйлеу формаларын меңгеру керек. Дайындық кезеңінде алған біліктері мен дағдыларына сүйеніп еркін және дұрыс сөйлеу дағдыларын қалыптастыру керек. Еркін сөйлеуді әр бала әр түрлі меңгергендіктен сөйлеу тілді жаттықтыру әр түрлі кезенде басталады: біреуінде – сұрақ жауап, екіншісінде – бірге сөйлеу, үшіншісінде – мазмұның айтудан басталады.Бекіту кезеңі алған дағды біліктерін бекіту болып табылады. Осы кезенде логопедиялық сабақ саны азайтылады, бала бірте бірте ата-анасына тапсырылады.Сабақ әңгіме, өткен күн туралы әсірін айтуға айналады. Әңгімені бақылап отырып логопед баланың сөйлеу тілін өз бетімен сөйлеуге, өзінің әсерін, сезімін айтуға бағыттайды. Сабақта бір-бірлерінің рольдерімен ауысу өте пайдалы, бір-бірлеріне сұрақ қойып, басқа баланың сөйлеуін бақылау.Сонымен, логопедиялық жүйелілік және кезектілік қағидасы тұтығушы балалардың
дұрыс сөйлеу дәне жүріс – тұрыс дығдыларын тәрбиелеуді қамтамасыз етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет