1. Логопедияның обьектісі, пәні, әдістері және міндеттері


Дәріс мазмұны бойынша сұрақтар мен тапсырмалар



бет5/16
Дата30.01.2023
өлшемі55,6 Kb.
#63894
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
дәріс (1) (1) 2

Дәріс мазмұны бойынша сұрақтар мен тапсырмалар
1. Орталық сөйлеу аппаратының құрылысын ата.
2. Перифериялық сөйлеу аппаратының құрылысын анықта.
3. Сөйлеу аппаратындағы өзара бірлескен қызмет түрлеріне сипаттама жасаңыз.
4. Сөйлеу органының физиологиясына сипаттама жаса.


Әдебиет:
Негізгі әдебиеттер:
1. Логопедия. / Қ.Қ. Өмірбекова, Г.С. Оразаева, Г.Н. Төлебиева, Г.Б. Ибатова . - Алматы: Ассоциация вузов РК, 2011. - 495c.
2. Төребаева К.Ж. Логопедия негіздері : Оқулық / К. Ж. Төребаева. - Ақтөбе : АқМПИ, 2012. - 256 бет
3.Логопедия : Оқулық / Қ. Қ. Өмірбекова, Г. С. Оразаева. - [б. м.] : Дәуір, 2011. - 648 б.
4.Логопедия негіздері : 5В010500 - Дефектология маманд. арн/ Р.Д. Дүйсенбаева. - Ақтөбе : Қ. Жұбанов ат. АӨМУ РББ, 2014. - 141 бет
5.Дүйсенбаева Р.Д. Логопедиялық түзету жұмыстары : Оқу әдістемелік құрал. [б. м.], 2009. - 80 б.


Қосымша әдебиеттер:
1. Шестакова Е.В. Ринолалия и нарушения голоса : Курс лекций. - Актобе : ИЦ АРГУ им. К. Жубанова, 2015. - 142 с
2. Коржова Г.М. Основы логопедии с историей логопедии : Учебное пособие. - Алматы : КазНПУ им.
Абая, 2014. - 96 с
3. Өмірбекова Қ.Қ. Логопедиялық практиканы жүргізудің әдістемелік нұсқауы : Оқу-әдістемелік нұсқау.- Алматы : Абай ат. ҚазҰПУ, 2014. - 59 бет
5. Сөйлеу тілінің бұзылуын жүйелеу туралы ілімнің тарихынан.


Аннотация: Тілдік бұзылымдардың жүйеленуі.
Кілт сөздер: фонация, функция,патология
Жоспар:
1. Дауыстың бұзылу патологиясы
2. Дыбыс шығару қатпаралары

Дәріс тезисі: Дауыстың бұзылуы дегеніміз – дауыс шығару аппаратының патологиялық өзгерістердің әсерінен фонацияның болмауы немесе бұзылуы.


Дауыс патологиясын анықтаудың негізгі екі термині қабылданған: афония – грек тілінен аударғанда дауыстың түгелімен болмауы және дисфония – дауыс күшінің, биіктігінің тембрінің ішінара болмауы. Дауыстың бұзылуы сөйлеу тіліндегі кемшіліктердің классификациясына сәйкес (3) сөйлеудегі фонациялық әуезділіктің бұзылуына жатады. Қалыпты жағдайдағы дауыс пен оның дамуы түрлі мінездемесіне сәйкес дауыстың дыбыс қатпарлары арқылы толқындарға ұшырап шығуы. Дыбыс – ауа толқындарының тітіркендіргіштер түріндегі тербелісі. Адамның дыбысын шығарушы дыбыс қатпарларынмен танылатын өңеш. Дауыстың биіктігі – толқынды тербелістердің есту органы арқылы субъективті түрде қабылдануы. Қабылданатын дауыстың негізгі тоны герцпен өлшенеді және қалыпты сөйлесуде ерлерде - 85-200 ГЦ, әйелдерде – 160-340 Гц аралығында өзгеріп отыруы мүмкін.Сөйлеудің функционалдық жүйесі бас миының әрекетіндегі көптеген құрылымдарына негізделеді. Олардың әрбіреуі сөйлеу әрекетінің нақты спецификалық операцияларын атқарады.Соның ішінде А.Р.Лурия мидағы әрекеттің үш функционалдық блогын ұсынады.Бірінші блогы қабықтық бөлінулерді қамтамасыз етеді. (жоғарғы бағандардың пайда болуы) Бұл блок қабықтың қалыпты және сергектік қасиеттерін сақтайды. Екінші блогы үлкен жарты шарлардың артқы бөлігіндегі қабықтарын қамтамасыз етіп, сыртқы ортадан алынған ақпараттардың өңделуі мен сақталуын жүзеге асырады және мидың (гностикалық) танымдық процестерін жүзеге асырушы негізгі аппараты болып табылады. Оның құрылымында бірінші, екінші, үшінші зоналар болады.Бірінші зонасы – қабықтық жобалау зонасы, жоғары спецификалық ерекшеліктерге ие нейрондар орналасқан. Ол сезім органдарынан сезімтал ақпараттарды қабылдау қызметін атқарады. Екінші зонасы – бірінші зоналар қабылдаған қоздырғыштарды анализдейді. Екінші зоналар бірінші зоналар сияқты көру, есту қызметін атқаруда спецификалық ерекшеліктерін көрсетеді. Үшінші зона – алынғын түрлі ақпараттарды анализдеу, синтездеу кезіндегі қызметті атқаруға көмек береді. Үшінші блок үлкен жарты шарлардың алдыңғы қатарындағы қабықтарын құрайды. Мұнда бағдарлау, адам тәртібін бақылауға алу және ретке келтіру жұмыстары жүзеге асады. Сөйлеу әрекеті барлық блоктың өзара байланысқан жұмысының нәтижесінде жүзеге асады. Сонымен қатар, әрбір блок сөйлеу процесінде нақты және спецификалық қызмет атқарады. Логопедияның категориялық аппараты норма мен сөйлеудің бұзылуы арасындағы қабылданған жалпы ережелер негізінде сөйлеу әрекетінің тілде қолданылуы анықталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет