1. Логопедияның обьектісі, пәні, әдістері және міндеттері



бет23/31
Дата13.04.2022
өлшемі56,97 Kb.
#30937
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   31
Байланысты:
дәріс (1) (1)

Қосымша әдебиеттер:

1. Шестакова Е.В. Ринолалия и нарушения голоса : Курс лекций. - Актобе : ИЦ АРГУ им. К. Жубанова, 2015. - 142 с

2. Коржова Г.М. Основы логопедии с историей логопедии : Учебное пособие. - Алматы : КазНПУ им.

Абая, 2014. - 96 с

3. Өмірбекова Қ.Қ. Логопедиялық практиканы жүргізудің әдістемелік нұсқауы : Оқу-әдістемелік нұсқау.- Алматы : Абай ат. ҚазҰПУ, 2014. - 59 бет
12. Сөйлеу тілінің ырғақтық ритмдік бұзылымы

Аннотация: дыбыс щығарудың акустикалық неіздері

Кілт сөздер: аппарат, функция,дисфония,диафрагма,патология,органика. Жоспар:

1.Дауыс ырғағыныңбұзымдары. Балалар дауысының дамуы

2.Дауыс ырғағының зерттеу әдістері
Дәріс тезисі: Сөйлеу тілінің бұзылымының түрлері мен формалары туралы анықталған ғылыми негіздегі жұмыстар кемшілікті жоюдың, оларды түзетудің тиімді жолдарын таңдауға мүмкіндік береді. Логопедияның даму тарихында зерттеушілердің барлығы дерлік сөйлеу тілінің кемшіліктерін классификациялауға бетбұрыстар жасады. Қазіргі уақытта сөйлеу тіліндегі кемшіліктердің классификациясы тек қана логопедия ғылымы үшін емес, басқа да сөйлеу әрекетінің бұзылымдарын зерттейтін нейрофизиология, медицина, патопсихология және нейропсихология, арнаулы педагогиканың барлық салалары үшін өзекті мәселелердің бірі болып отыр.

Логопедия ғылымының даму кезеңдеріндегі сөйлеу тіліндегі кемшіліктердің классификациясы европалық медицинаның жетістіктерімен байланысты ХІХ соңы мен ХХ ғасырдың басында ұсынылған (1877) А.Куссмаульдің классификациясы болды.

Жалпы тіл кемістігі- есту қабілеті мен ой-өрісі әдеттегідей дамыған балалардың дыбыстық, мағыналық жағына қатысты сөйлеу тілі құрамының компоненттерінің бұзылуынан болатын әртүрлі тіл кемістіктері.Жалпы тіл кемістігін дефектология ғылыми зерттеу институтының Р:Е Левина бастаған ғалым қызметкерлер ( Н.А. Никашкина,Г.А.Каше,Л.Ф.Спирова, және т.б.) 50-60 жылдары мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалардың тіл кемістіктерін жан-жақты зерттеулердің қорытындысының нәтижесінде ғылыми тұрғыдан дәлелдеді.Дыбыстарды бұзып айтуы,фонематикалық есту қабілетінің дамымауы,сөздік қоры мен грамматикалық сөйлем құрылысының артта қалуы жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалардың барлығына тән кемшілік.Жалпы сөйлеу тілінің дамымауы алалия,афазия,ринолалия,дизартрия сияқты күрделі сөйлеу патологиясының түрлерінде байқалуы мүмкін.Сөйлеу ырғағының бұзылымдарына брадилалия және тахилалия жатады. Көрсетілген кемшіліктер кезінде сыртқы сөйлеудің де ішкі сөйлеудің де бұзылымдары анықталады.Сөйлеу қоршаған ортадағы адамдарға түсініксіз болып қабылданады. Аталған кемшіліктерді баланың ерте жасында түзету жұмыстарының нәтижесі бала тұлғасының қалыптасуына дұрыс бағыт жасап, болашақтағы тұтығудың симптомдарының алдын алады. Кемшіліктер түрлі деңгейде анықталуы мүмкін, яғни кемшіліктің орташа және жеңіл түрі бала үшін қауіпті емес, ал күрделі түрінде қарым-қатынасқа түсу процесі бұзылып, сөйлеу тіліндегі кемшіліктер патологиялық мағынаға ие болады. Бұл кемшіліктердің патогенезі мен клиникасы әр түрлі. Брадилалия – сөйлеу жылдамдығының баяулауы. Синонимдері: брадифразия, брадиартрия, брадилогия.Тахилалия- сөйлеу жылдамдығының тездігі. Синонимі: тахифразия.Тұтығу – сөйлеу аппаратының бұлшық еттерінің құрысу жағдайларымен сипатталатын сөйлеудің ырғақтық жағының бұзылуы. Тұтығу проблемасын сөйлеу тілінің даму тарихындағы ежелден зерттеліп келе жатқан проблема деп тануымызға болады. Тұтығудың мағынасын түсіну ғылым мен позицияның дамуындағы ерекшеліктер ретінде қабылдауымызға болады.Ерте кезеңде тұтығуды бас миының сұйықтыққа толуынан болатын ауру деп қарастырды, яғни (Гиппократ), немесе артикуляциялық апараттың органдарының дұрыс орналаспауы (Аристотель). Тұтығу кезіндегі орталық сөйлеу аппаратындағы немесе аппаратының перифериялық сөйлеу органдарының бұзылымдарынан болуы мүмкін деген болжамдарды мойындағандар Гален, Цельс, Авиценна болды.

Шетелде XVII-XVIII ғасырларда тұтықпаны сөйлеудің перифериялық аппаратының жетіспеушілігінен деп қарастырды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет