№1 Ұлттық білім беру моделі менің көзқарасыммен


№25 МҰҒАЛІМ МАМАНДЫҒЫ ТУРАЛЫ МЕНІҢ ОЙЫМ



Pdf көрінісі
бет20/86
Дата30.03.2023
өлшемі1,35 Mb.
#77831
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   86
№25 МҰҒАЛІМ МАМАНДЫҒЫ ТУРАЛЫ МЕНІҢ ОЙЫМ 
Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің 
жүрегі – деп Ыбырай Алтынсарин атамыз айтып кеткендей дүниедегі 
мамандық атаулының төресі – ол ұстаздық екен. Шынында да, 
мұғалім барлық мамандықиесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететінмейірімді 
абзал жандар. «Мұғалім мамандығы–барлық мамандықтыңанасы» демекші, 
ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ. 
Қазақтан шыққан қоғам қайраткері, ағартушы-ғалым Ахмет 
Байтұрсынов 
«мұғалім 
– 
мектептің 
жаны» 
деп 
бағалаған.Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшы
рақ
секілді. 
Сондықтан 
ұлағатты
ұстаздарға
бүкіл
адам 
баласы құрметпен бас иеді. Ұстаз болу – жүрек жылуын, мейірім шуағын, 
адамгершілік 
ұлылығын 
баланың 
бойына 
дарыту. 
Ұстаз — 
білгенін 
үйретуші 
ғана 
емес, 
тұла 
бойы тұнған өнеге, ақ тілеулі ана тәрізді барлық адамның 
бойынан жақсылық іздейтін ізгі ниет иесі. 
Әрине, ұстаз жүгі – ауыр жүк. 
Ұстаздардың әсерлі үнмен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға 
деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің дана ойдың ыстық лебі есіп 
тұрғандай. Иә, адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу 
– бұл нағыз шеберлік емес пе?! Осы ұстаздар жайында халқымыздың ұлы 
батыры Бауыржан Момышұлы "Ұстаздық - ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды 
ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, 


еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді... Өмірге ұрпақ берген 
аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай 
ардақтауға міндеттіміз” деген. Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой
адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам – 
Мұғалім.
Шәкірті өзінен озған ұстаз – еңбегі ақталған ұстаз. Өйткені, 
өмірдің 
заңы 
даму, 
ілгерілеу, 
озу. 
Өзінен 
озған 
шәкірт 
тәрбиелейтін шебер ұстаз үздіксіз ізденісте болып, қоғам сұра-
нысына сай білімді, шығармашыл, өзін – өзі дамытып, жетілдіре алатын 
болуы қажет деп ойлаймын. Мен ұстаздықтың ауыр жүгін арқалауды өз 
жүрегімнің қалауымен таңдадым. Сондықтан мамандығым- мақтанышым. 
Маман ұстаз ретіндегі негізгі ұстанымым: баланы тұлға деп тану, 
оның пікірімен санасу, оқушының кішкентай қуанышын, табысын ба-
ғалай білу.
Қиындығы да, қызығы да жетерлік, ең бастысы - 
жауапкершілігі жоғары мамандықтың бірі ұстаздық ету екені ақиқат. 
Өйткені бұл мамандық иелерінің мойнына ешнәрседен хабарыжоқ
мыңдаған тарыдай ғана бүлдіршіндердің бойына білім нәрін сеуіп, 
тәрбие ұрығын 
егіп, таудай 
азамат 
етіп 
шығару міндеті жүктелген.Сондықтан басқа мамандық иелерінің баршасы 
да ұстаздарға борыштар деп ойлаймын.
Қазір заман бөлек, талап басқа, оқушыға берілетін білім де терең. 
Сондықтанжаңашылдықтыңдәуірінбасынанкешіріпжүргенталантты 
да, 
талаптыоқушынытәрбиелеуде, 
осындай 
жаңа 
даму 
үрдісі 
ал-
ға басып отырғанда
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, 
өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай 
тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін 
міндет ауыр» – деген еді. Ұрпаққа тәрбие беру, білім нәрімен сусындату – 
екінің бірінің қолынан да келе бермейді. Сондықтан, ұстаз болу – жүректің 
батырлығыдепбағалауғаболады.«Қыран түлегіне қайтпас қанат сыйлайды, 
ұстаз шәкіртіне талмас талап сыйлайды» демекші, ұстаз қай кезде де 
мектептің, жүрегі, қоғамның тірегі. Қоғам тұлғаны қаншалықты жетілдірсе, 
жетілген тұлға соншалықты дәрежеде дамытады. Сондықтан қоғам дамуында 
білім беру ең маңызды болып табылады. Әрбір тұлға өмірінде үлкен тәрбие 
мен таусылмас білім ошағын санасына ұялатқан ұстазын мәңгілік есінде 
сақтайды. Нағыз мұғалім, міне, осы. Өйткені әрбір мемлекеттің өсіп 
өркендеуінің, бәсекеге қабілетті болуының ең маңызды ошағы – ұстаз берген 
білімде.Мұғалім - жас ұрпақ тәрбиешісі.«Бала жүрегі- кішкентай күй сандық. 
Сол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Мұғалімнің қолында әр кезде сол 
кілт тұру керек» - деп, М. Шаханов ағамыз айтқандай, әр баланың жүрегіне 
жол табу, бала бойындағы дарынды ашу мұғалімнің ең басты міндеті деп 
ойлаймын. Сондықтан да мұғалімге жасалатын қамқорлық, жүктелетін 
жауапкершілік жас ұрпақ тағдырына, болашағына жан ашырлықпен қарау деп 
ұғынылғаны дұрыс.
Мен өз сөзімді ағылшынағартушысыУильям Уордтың қаннатты сөзімен 
аяқтағым келіп отыр: 
Жай мұғалім хабарлайды,


Жақсы мұғалім түсіндіреді,
Керемет мұғалім көрсетеді.
Ұлы мұғалім шабыттандырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет