№1 Ұлттық білім беру моделі менің көзқарасыммен


№64 МЕНІҢ ӨМІРЛІК МАҚСАТТАРЫМ



Pdf көрінісі
бет68/86
Дата30.03.2023
өлшемі1,35 Mb.
#77831
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   86
№64 МЕНІҢ ӨМІРЛІК МАҚСАТТАРЫМ 
Әрбір бала – жарқыраған шамшырақ, оны жаға білген ұстаз ғана ұтады. 
Мен бүгінгі таңда білім беру саласында 2 жылдай еңбек етіп келемін. Күн 
сайын алдымда адал көздерімен жәудіреп отырған шәкірттеріме зер сала 
қараймын. Қарап отырып, ойланамын. Алға үмітпен талпынған олардың 
алдында менің де ұстаз ретінде үлкен жауапкершілігім бар екенін іштей 
сезінемін. Сондықтан да менің өзіме қоятын талабым, алдыма қойған 
мақсатым жоғары деңгейде болуы тиіс, себебі сол жарқыраған шамшырақты 
жаға білу – менің ұстаздық парызым. Сыныптағы оқушылардың бірі зерек, бірі 
алғыр, бірі енжар, бірі баяу, ал енді бірі тым пысық. Ал, менің бәріне беретін 
білімімнің мазмұны мен қоятын талабым бірдей де, олардың қабылдауы әр 
түрлі. 
Елбасымыз: «Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік тұр, оны арқалап 
жүрген – ұстаздар. Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына 
қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесімен өлшенеді», – деген еді. Олай болса, бұл 
мәселеге мен де өз үлесімді қосуға тырысуым керек. 
Қазіргі таңда мектеп табалдырығын аттаған әрбір бүлдіршін – ол ертеңгі қоғам 
мүшесі, болашақ иесі. Ұстаз да диқан сияқты. Ол әр адамның жанына білім 
дәнін себеді. Алдындағы әрбір шәкіртін аялап өсіріп, өмір атты шексіз ғаламға 
қанатын талмайтын етіп қатайтып ұшырады. 
Қандай рақат, шын бақытын тапса адам, – деп ақын жырлап өткендей, 
шынымен де, «бақыт» деген ұғымның бір шеті мен үшін осы ұстаз 
мамандығымен ұштасып жатыр. Ұстаз деген кім? Ұстаз – шәкіртін адалдыққа 
баулушы, өмірлік азық боларлық пайдалы білім мен жанына ізгіліктің нәрін 
себуші, жақсы мен жаманды үйретіп, адамгершілік қасиеттерді сіңіруші, ең 
жақын жанашыры әрі ақылшысы, досы әрі сырласы. Бір сөзбен айтқанда
бүгінгі қоғамды ертең алға сүйрейтін озық ойлы адам тәрбиелеуші, өз уақытын 
аямай, өзгенің бақытын аялаушы. 
Мен мұғалім мамандығын таңдағаныма еш өкінбеймін. Мектепте оқып 
жүргенде-ақ өзімді іштей дайындап, өзімнің болашағымды осы ұстаздық 
жолында екенін сезінетінмін. Өзіме аянбай білім нәрін берген ұстаздарыма 
мың алғыс. Бәріміз де ұстаздың қолынан ұшқанбыз. 


«Жаңашыл ұстаз»… Бұл атау бүгінгі таңда педагогика саласында жиі ауызға 
алынып жүрген жаңа ұғымдардың бірі. Қазіргі кезде жаңашыл мұғалім ретінде 
даму – уақыт талабы. 
Менің ойымша жаңа заман мұғалімі шебер, шығармашыл, ой-өрісі кең, 
білімді, мәдениетті болу керек. Демек, мен өз бойымдағы барлық жақсы 
қасиеттерімді оқушыларға білім беру мен тәрбиелеуде үйлестіре отырып, 
мінсіз оқушы шығаруым керек. Өз ойларын еркін жеткізе алатын, білімді, 
алған білімдерін өмірде қолдана алатын оқушыларды жетілдіру менің 
қолымда. Ол үшін еңбек етуге дайынмын. Осы мақсаттарыма жету үшін ары 
қарай жұмыс істеу, шебер ұстаз болу тек қана өзіме байланысты. Сондықтан 
аянбай барлық күшімді салуым керек. Әрине, ұстаз жүгі – ауыр жүк. Иә, 
адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз 
шеберлік емес па?! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет