Сабақта белсенді әдістер қолдану білім алушының өзіндік рефлексия
жасау дағдыларының дамуына, сыныптағы жалпы жұмысқа үлес қосып,
қатысқанын сезінуге, оқу үдерісінің белсенді мүшесі болуына, танымдық
белсенділігінің артуына мүмкіндік береді. Сондай-ақ , мұғалімнің сабағын
қызықты ұйымдастыруына, білім алушыларының танымдық әрекетін
күшейтіп, өзінің кәсіби шеберлігін шыңдай түсуіне ықпал етеді.
Оқу пәндері арасында байланыс орнату білім беру бағдарламасының
аясын кеңейтіп, теңестіреді, тереңірек білім алуға мүмкіндік береді, көптеген
дағдыларды қалыптастырады, түсінік пен дағдыларды дамытуға көмектесе
алады, оқудың анағұрлым саналы меңгерілуіне көмектеседі, оқуға деген уәжді
арттыра алады.
Білім алушылардың қажеттілігін қанағаттандыру тәсілінде білім
алушылардың оқуға қолдау көрсету мақсатында тексеру және кері байланыс
ұсынылады. Яғни, уәжді және өзін-өзі бағалау деңгейін арттыра отырып қай
бағытта оқыту керектігі анықталады. Сонымен бірге білім алушылардың өз
жұмысын жақсартуына мүмкіндік беріп, білім алушылардың барынша тиімді
оқу жолдарын түсінуіне көмектеседі.
Қорыта айтқанда, сабақта тиімді әдіс-тәсілдерді тиімді қолдансақ,
баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алып,
шығармашылық, зерттеушілік қабілеттерінің қалыптастыруға ықпал етеміз.
Білім алушылар бойына мейірімділік, бір-біріне деген сенімділік қасиеттерін
ұялата аламыз, себебі олар топпен жұмыс жасағанда бірлесіп жасауға
үйренеді, білімнің тереңдігі, әрі тиянақтылығы артады. Міржақып Дулатовтың
«Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт-оқуда. Теңдікке жетсек те, жұрттығымызды
сақтасақ та, дүниедегі сыбағалы орнымызды алсақ та, бір ғана оқудың
арқасында аламыз. Жақсылыққа бастайтын жарқын жұлдыз-оқу. Надан
жұрттың күні –қараң, келешегі –тұман» деген сөздерімен аяқтағым келіп отыр.
ХХІ ғасыр-ғылым ғасыры. Мақсатты білім беру-тұлға дамуын жүзеге
асыратын мәселе. Ал осы жалпыеуропалық стандартқа сай жаңа білім беру-
жеке тұлғаның жан-жақты дамуына әкелетін бірден-бір жол!
Достарыңызбен бөлісу: