1. М. әл-Хорезмидің математикалық трактаттары. Иоганн Бернуллидің математикалық табыстары



бет3/3
Дата31.12.2021
өлшемі427,06 Kb.
#23460
1   2   3
Ғаббас әл-ЖауһариАббас әл-Жауһари, Ғаббас ибн Сайд әл- Жауһари (9 ғ-дың 1-жартысы) — астрономматематикОтырар оазисіндегі Жауһарана (қазіргі Гауһартөбе) қалашығында туған. Бағдатқа шақырылып, Ортаазиялык ғалымдармен бірге Бағдат обсерваториясы мен "Даналық үйінің" негізін қалаған. Ол 829—830 жылы Бағдатта жөне 832—833 жылы Дамаскіде жүргізілген астрон. бақылауларға қатысады. Бұл бақылаулар негізінде "Мамунның астрономиялық кестелері" деп аталатын еңбек жазылды. Ғаббас әл-Жауһари — Евклидтің "Негіздерін" түсіндіруге, толықтыруға арналған бірнеше трактаттардың авторы. Ол шығыс математиктерінің ішінде ең бірінші болып Евклидтің параллель түзулер аксиомасын сынға алды. Евклидтің 5-қағидасын дәлелдеуге әрекеттеңді. Ол бұл ретте үшбұрыштың орта сызығы туралы теореманы және бұрыш ішіндегі кез келген нүктеден бұрыштың 2 қабырғасын қиып өтетін тузу жүргізуге болатынын дөлелдеді. Ғаббас әл-Жауһаридің параллель түзулер туралы идеяларын кейіннен Әбу Жафар ат-Туси дамытты



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет