Ащы ішегі және шажырқай бездері: Ішектің кілегейлі және сірлі қабықтарында ұсақ көптеген қанталаулар кездеседі, сарғыш түсті сұйықтық бар.
Тоқ ішегі және оның бездері:Тоқ ішегі қосылып, түйілген қою қызыл түсті. Ішек қабырғалары қалыңдаған және онда қою - қызыл, ақшыл - қызыл түсті көптеген нүктелі қанталаулар көрінеді. Ішек тесігінде қызғылт бұлдыр түсті сұйықтық жиналған, ал негізінде нәжісінің түсі қою - қызыл түсті.
Тік ішек: Тік ішегі өзгермеген, бірақ сары түсті сұйықтық байқалды.
Талағы және оның бездері: Көлемі қалыпты, сыртқы түсі өзіне тән және кесіп қарағанда конситенциясы жұмсақ, ішкі пульпасы жұмсарған, кесілген жері бірігеді.
Бүйректері және несеп жолдары, бездері: Бүйрек қалыпты жағдайда, біркелкі боялған. Тілгенде шеттері бірігеді. Несеп жолдары несепке толы. Бездерінің косистенциясы тығыз.
Қуығы, несеп шығаратын түтігі:Қуығы несепке толы, несеп шығаратын түтігі бүтін, кілегей қабығы бозғылт тартқан.
Миы: Қан тамырлары қанмен кернелген, мизаты болбыр, ми қарыншаларында аздаған қызғылт сүйықтық жиналған.