1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні 9 мамыр —


кетуінің жемқорлықтың жетегін-



Pdf көрінісі
бет10/17
Дата03.03.2017
өлшемі10,37 Mb.
#5590
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17

кетуінің жемқорлықтың жетегін-

де жүрген біреулер үшін шыбын 

шаққан құрлы әсері болған 

жоқ. Алайда сол аудан халқын 

жағасын ұстаған іс болып, гуіл 

сөз елді кезіп кетті.  Ең бастысы  

жоғары билік «үндемеген үйдей 

пәледен құтылады»  дегеннің ке-

рін көрсеткенмен, ел алдында  ол 

мырзалар  абыройсыздықтан жер 

болып қалған сыңайлы. 

Бейбітбек Бүркітбайұлы

Полигон алапатынан 

қасірет шеккен 

жауынгерлер 

бір жапырақ 

анықтамаға н

еге 

зар болд

ы?

ЖЕМҚОРЛЫҚ — ЖЕГІ ҚҰРТ

Айдың-күннің 

аманында 

аймақтағы Сыр-

дария ауданының  

экс-әкімі Ғизат 

Әбілтайдың 

коррупциялық 

құқық 


бұзушылыққа 

ұрынуының 

себебі неде?  

Қырықтың 

қырқасына  жет-

пей-ақ  оның  

биліктің ұшар ба-

сынан құлауына 

не себеп? 

Оның мансап 

жолындағы із-

дері  елдің көз 

алдында. Облыс 

әкімдігінде мем-

лекеттік қызмет 

атқарды.  Онан 

соң  шаһарға 

Елбасының өзі 

келіп ашқан, 

әлі күнге дейін 

дауға айналған 

аты шулы көпірді 

салған «Буш-

ра» ЖШС-да 

директордың 

орынбасары 

болды.

Билік жеу үшін берілмейді


15

ҰЛТТЫҚ РУХ

30 СƏУІР ЖЫЛҚЫ ЖЫЛЫ  ҚАЗАҚСТАН-ZAMAN 



Дүниедегі 

ең қауіптілер — 

самсоздар, самарқаулар

Тіл жоқ. Не олай, не бұлай демейді. Кейбіреуле-

рі бетіңе бажырайып бір қарайды да, «тартып ке-

теді». Оларға қарағанда қайта «жоқ, сіздің айтып 

тұрғаныңызда мынадай ағаттықтар бар» деп өзіңе 

қарсы пікір айтатын біреуді естігің келеді. Сосын бір 

ғұламаның «сатып кетер деп досыңнан да, өлтірер 

деп дұшпаныңнан  да қорқа берме! Дүниедегі ең 

қауіптілер  —  самсоздар,  самарқаулар.  Солардан 

қорқу  керек»,  —  дегенін  оқығаның  еске  түседі. 

Егер  шын  зерделеп,  тереңірек  үңіліп  қарасаңыз, 

мәңгүрттердің  көбі  не  самсоз,  самарқау,  керенау 

келеді.  Оларға  ұлтыңның,  қазағыңның  басына 

басқа ұлттан, әсіресе орыстан төніп тұрған қауіп-

қатер  туралы  айта  бастасаң,  өзіңе  тарпа  бас  са-

луы мүмкін екенін аңғарар едіңіз. Оларға орыстың 

небір келеңсіздігін, кезінде мәдениеті, ілім-білімі ең 

артта қалған, сонысымен қоймай дөрекі басқыншы 

болуға  бейім  екенін,  олар  өзімен  қатар  күн  кешіп 

жатқан  қазақтың  не  басқаның  тілін  сыйламайтын 

әулекі екенін айта бастасаң, өзіңді  жеп жібере жаз-

дайды. Бұл – мәңгүрттіктің ең сорақы түрінің бірі.

Сонда    самсоздық,  самарқаулық,  керенаулық 

ауру,  бір ауыз сөзбен айтқанда, мәңгүрттік қазаққа 

қайдан келді, оны қазақтың қанына кім сіңірді деп 

ойлайсыз? Оны жасаған, яғни қазақты мәңгүрттікке 

душар еткен ешқандай жоңғар да, қытай да емес, 

тек Ресей, яғни орыстар ғана. Ол ауруды қазаққа 

таратқан патшалы орыс Ресейі, Кеңестік орыс Ре-

сейі және бүгінгі шовинистік орыс Ресейі деп ашық 

айтуға қай қазақтың да құқы да бар, дәлелі де ба-

стан  асады.  Сонымен  мәңгүрт  деп  қандай  адам-

ды айтуға болады? Мәңгүрттіктің ең басты белгісі 

қандай? Бұл ретте басқа елдерде шаруамыз жоқ, 

бірақ  қазақ  арасындағы  мәңгүрттіктің  ең  басты 

белгісі  өз  ана  тілін  менсінбей,  орысша  сөйлеуден 

басталады.

Иә,  адамның  Алла  тағала  жаратқан  басқа 

мақұлықтардан ең басты айырмашылығы — сөйлей 

алуы.  Адам  сол  тілі  арқылы  жансарайындағы 

қуанышы мен ренішін, қайғысы мен мұң, шерін, ашу-

ызасы мен ризалығын немесе наразылығын, арма-

нын,  мұратын,  мақсатын,  мүддесін  білдіре  алады. 

Сол  адамзаттың,  әрқайсысын  Жаратушы  Иеміз 

тұрғылықты  мекеніне,  сол  мекеннің  табиғатына, 

нәсіліне,  тіршілік  ету  харекетіне  қарай  тілін  де 

әртүрлі етіп жаратқан. Ал өз ұлтының сол тілін біл-

меу — мәңгүрттіктің ең басты нышаны. Өз ұлтының 

тілін білмейтін адам қанша жерден өзге ұлттың ті-

лінде  сөйлесе  де,  ешқашан  бұратола  сол  ұлттың 

адамы болып кете алмайды. Мысалы, қанша жер-

ден  өмір  бойы  орысша  сөйлеп,  орысша  өлең  жа-

зып,  орыстың  сөзін  сөйлеп,  орыс  не  істесе  соны 

істеп, өз ұлтының кейбір кемшіліктерін тізбелеп он 

жерден  орысқа  жағымпазданса  да,    мейлі  КСРО-

ның  небір  жоғарғы    сыйлығын  алып  мықты  ақын, 

мықты  жазушы  атанса  да,  ол  адам  орысқа  сіңіп, 

орыстың ақыны, орыс ұлтының өкілі бола алмай-

тынын көзіміз  көріп отыр. Ондайларды қартайып, 

ажалды шақ келгенде ана дүниеге қай ұлттың, қай 

діннің өкілі деп шығарып салу да қиындау болады 

екен.  Өйткені  марқұмды  шығарып  салар  сәтте  де 

ол өмір бойы өз ұлтынан гөрі өзге ұлтқа табынумен 

өткен адам екенін еріксіз есіңе алып тұрасың. Яғни 

ол марқұм — өмірден мәңгүрт болып өткен адам!

Мәңгүрт адамның ең қорқынышты қылуасының 

бірі – сатқындық. Мәңгүрт ел басына күн туғанда 

қашан да қай жақтың күші, мысы басым болса, со-

лай қарай ауып түсуге дайын тұрады. Өйткені ол 

көзін ашқаннан күші басым жақтың тілінде сөйлеп, 

солардың көңілін таба білуге жатыққан.

Тағы  бір  мысал:  қазақтар  24  жылдан  бері 

тәуелсізбіз деп қанша жерден шуылдаса да, біздің 

бүкіл дерлік басшыларымыз 80 пайызға жуық түркі 

тілділер  тұратын  елдің  алдында  орысша  сөйлеп, 

бүкіл заң-зәкүндерін орыс тілінде жазады. Сосын ол 

заң-зәкүндер  түсіне  алмайтындай  етіп  қазақшаға 

тәржімаланады.  Түгел  дерлік  көзі  ашық,  сауат-

ты, өздерін білімдар адамдармыз деп білетін осы 

басшылар  (мәңгүрттер  демей  тұра  тұрайық!)  қай 

мәселеде де тілдің басты рөл атқаратынын жақсы 

біледі.  Біле  тұра  орысша  сөйлейді.  Ал  ешқандай 

МГУ, ешқандай ҚазҰУ немесе Еуразия универси-

тетін бітірмеген ғұлама шайыр Әбубәкір Кердері:

Бисмиллаһ деп сөйлесем,

Тілге жәрдем бере гөр

Тіл жаратқан Жалалым,

Жанға жәрдем бере гөр,

Жан  Жаратқан  Жалалым,  —  деп,  ең  әуелі  тілі-

не  Жаратқанның  жәрдем  беруін  тілейді.  Сонда 

осылардың  қайсысы  мәңгүрт?  Әлгі  университет 

бітіргендер ме, жәй медресе бітірген Әбубәкір Кер-

дері ме? Осы ғұлама шайыр әрі үлкен молла одан 

әрмен:


...Қаулы қылған азамат

Көңіл қайтып пәс болды.

Ел қорғайтын ерлерім

Дұшпанменен дос болды.

Атаны билеп ұл кетті,

Қожаны билеп құл  кетті.

Баласы  келсе он беске,

Ата-анадан   күн кетті,

Білмеді бала   құрметті, – дегенде күндердің 

күні  болғанда  туған  халқының  ішінде  тілінен, 

дінінен, ата-анасынан, тіпті ұлтынан мүлдем 

ажырап,  мәңгүрт  миғұлаға  айналатын 

ұрпақ  көбейіп  кететінін  біздің    бүгінгі 

жағдайымызды  дәл  болжады  ма,  кім 

білсін?!

Орыс ақпараты 

рухымызды 

жаншып тұр

 

Сол  мәңгүрттерден  дәл 



бүгінгі  қазаққа    келе-тін 

үлкен  қауіптің  бірі  олардың 

ақпараттық насихат жағында, 

яғни  ақпарат  құралдары 

жа-ғында 

да 


көбірек 

шоғырлануынан  болып  отыр. 

Өйткені  Қазақстанның  бүкіл 

дерлік  ақпарат  құралдары-

ның  басым  бөлігі  Ресейдің 

қарауында.  Қазақ  Елінің  бүкіл 

дерлік  телеарналары  эфирлік 

уақыттың  көбін  орыс  тілінде 

өткізеді.  Яғни  олар  күндіз-түні 

Ресейдің  саясатын  жүргізуде. 

Бұл  орайда  біз  Ресейден 

ақпараттық  тәуелсіздік  алған 

жоқпыз деп ашық айтар кез келді. 

Түп-түгел қазақ тілінде сөйлейді 

дейтін  «Қазақстан»  телеарнасы 

орысшадан аударма көрсетілімге то-

лып тұр. Онда оның несі қазақша? Тіпті, 

Ресей қазақ еліне ақпараттық та, әскери 

де  қысым  жасайтынын  және  Ресейдің 

қазақ  еліне  деген  басқыншылық  са-

ясатын  білдірмеу  үшін  қазақтарды 

қытаймен 

қорқытатындар 

да  көбейіп  кетті.  Олар 

мұны қазақ еліне, қазаққа 

жаны  ашығаннан  емес, 

қайткенде 

қазақты 


Ресейдің  көрпесінің  асты-

на  кіргізуге  үлес  қосу 

үшін  Ресейдің  ақпарат 

басшылығының 

тап-

сырмасымен 



айта-

ды.  Әйтпесе,    екі 

сөзінің  біріне  орыс-

ша  қосып  сөйлейтін 

бізге  ұқсамақ  түгіл 

қытайдан  келген 

бауырларымыз 

бір  ауыз  қытай 

сөзін 

ара-


л а с т ы р ғ а н ы н 

көрген  емеспіз. 

Себебі  шығыс  ел-

дері орыстарға ұқсап басқа 

ұлттардың тіліне, дініне, салт-

дәстүріне  қол  сұғып,  тиісе  бер-

мейді.  Бұл  бүкіл  Шығыс  елдеріне, 

мұсылман елдеріне ортақ қасиет екені 

ықылым  тарихтан  белгілі.  Сенбесеңіз,  не 

Бату  ханның  көзі  тірісінде,  не  одан  кейінгі  алып 

империя  Алтын  Орда  заманындағы  хан  атаулы 

орыстың бір шіркеуінің сылағын түсіріп көрмегенін 

есіңізге  алыңыз.  Ал  орыстың  кез  келген  полицейі 

Ресейге  жан-жақтан  қара  жұмысқа  келгендерден 

орыс тілінен емтихан алып, мазақ қылады. Орысша 

білмейтіндерге жұмыс бермек түгіл, күн көрсетпейді. 

Ұрып-соғады. Өтірік террорист «тауып алады». Ре-

сей қолдан келсе Татарстан, Башқұртстан деген ел 

атауларын  да  алып  тастап,  бірыңғай  Россия  деп 

атамақ  ойы  бар  екенін  де  байқатып  отыр.  Бірақ 

біздің кейбір мәңгүрт саясаткерлер жасырғанымен, 

Ресейдің қазақ жерін жұтып жіберуге дайын екенін 

баяғы  Солженицыннан  бері  Жириновский,  Дугин, 

Лимонов,  Просвириндер  ашықтан-ашық  айтып 

келеді. Оларға оны айтқызып отырған да Кремль-

дегі Путин бастаған орыс дөкейлері. Қазір Ресей-

де  Жириновский,  Лимонов,  Дугиндердің  ертеңгі 

ізбасарлары,  жас  орыс  шовинистері  қаптап  жүр. 

Кремль  оларды  әдейі  құтыртып  қойып,  еркіне  жі-

беріп  отыр.  Олар  қандай  қылмыс  істесе  де,  сот-

талып  жатқан  біреуі  жоқ.  Осыдан  3-4  жыл  бұрын  

бір ғана Орынбор облысында бір жылда 23 қазақ 

қызы жоғалып кетті. Олардың бірде-бірі табылған 

жоқ. Бұл не құпия? Ресейдің полициясы басқа да 

құпия,  арнаулы  қызметтері  соны  білмейді  дейсіз 

бе?  Айта  берсең,  толып  жатыр.  Бірақ  орыстілді 

қазақ ақпаратшылары бұның бірде-бірін тіс жарып 

айтпайды. Оның есесіне әзілдеген болып қазақтың 

тілін,  салт-дәстүрін  қорлайтын  сайқымазақ 

қойылымдар  көбейіп  барады.  Осының  бәрін  жа-

сап  жүрген  ақпаратшы  орыстілділерді  мәңгүрт 

деуге  қорқуымыздың  өзі-ақ  біздің  сана-сезіміміз-

ге  орыстың  алдында  қорқасоқтап  тұратын  сонау 

замандағы ҚҰЛМІНЕЗ әбден орнығып қалған деуге 

толық  негіз  бар  емес  пе?  Әрине,  орыстілділердің 

бәрін  бірдей  мәңгүрт  деуге  ешкімнің  хұқы  жоқ. 

Бірақ мәңгүрт атаулының дені  орыстілділер екені 

тағы да шындық.



«Сарыарқаны», 

«Әсем қоңырды», 

«Көкілді» т.б. түйсінбеген 

қазақ — қазақ емес!

Мәңгүрттіктің  ең  белгілі  енді  бір  нышаны  —  өз 

ұлтының  ән,  күй  өнерінен  мақұрымдық.  Нағыз 

мәңгүрт  өзінің  ұлттық  әнін,  күйін,  домбырасы  мен 

қобызының,  сырнайы  мен  сыбызғысының  үнінен 

зәредей  де  ләззат 

ала  алмайды.  Ол 

қарсы 


алдында 

айтылып  тұрған  ән 

зарлы, мұңды ән бе, ол 

аңсаған  арманына  жете 

алмай, ғашығынан айыры-

лып  құсалықтан  қан  жұтып 

жүрген  адамның  қасірет-

қайғысы  ма,  әлде  тамаққа 

тойып  алып,  істейтін  ісі  жоқ,  не 

істерін  білмей  әйтеуір  әләуләй, 

әгугәйлап  тұрған  тұрпайы  дыбыс 

па,  ол  жағын  айыра  алмайды.  Оған 

дәл сол сәтте оның орнына «ой, ряби-

на, рябинушка», «шумел камыш», «утки 

летят»  сияқтыларды  қойып  берсең, 

жүзіне  қан  жүгіріп,  көзінде  жылт  еткен 

ұшқын  пайда  бола  бастайды.  Ұтыры 

келгенде айта кетейік, қазір шегірткедей 

қаптаған  3-4  адамнан  топ  құрып  әнші 

атанып  жүргендердің  ұлттық  өнерімізге 

әкеліп  жатқан  ән  емес  әлденелерінің 

өзі  де  қазақты  төл  өнерінен,  төл 

мәдениетінен  айырып,  рухани 

мәңгүрт  ұлтқа  айналдырып 

бара  жатқанын  көріп  от-

ырмыз.  Сол  топтарды 

тыңдап,  алақанын  ша-

паттап 


отырғандар 

өздерінің 

ұлттық 

өнерінен 



ажырап, 

талғамы  талқан  бо-

лып  бара  жатқанын 

да  білмейді.  Біз 

осы 

топтардың, 



т е л е д и д а р д ы 

шегірткедей  ба-

сып 

алған 


«әләуләйшілерді»  тамашалауымыздың  кесірі-

нен  ұлттық  өнерге  деген  талғамнан  айырылған 

ұлтқа айналып бара жатқанымызды да байқаудан 

қалдық.  Біз  осы  күні  бүкіл  телеарналарды  ба-

сып  алған  әнші  емес  әншілерге,  сазгер  емес 

сазгерлерге,  3-4  адамнан  топ  құрып  ақша  тау-

ып  жүргендерге  тезірек  тоқтау  салмасақ,  нағыз 

талғамсыз, рухани мүгедек ұлтқа айналып кетуіміз 

мүмкін. Алла сақтасын, бірақ өзіміз де сақтанайық! 

Есімізді  жинайық!  Мәңгүрт  кім?    Ол  жастайынан 

Құрманғазының  «Сарыарқасы»  мен  «Серперін», 

«Көбік шашқаны» мен «Түрмеден қашқан», «Кісен 

ашқан», «Кішкентайын», Динаның «Әсем қоңырын», 

Қазанғаптың  «Домалатпай»,  «Көкіл», 

«Құс қайтаруын», Абайдың «Айттым 

сәлем, Қаламқасын», Мұхиттың 

«Зәурешін», 

Аханның 


« М а ң м а ң г е р і н » 

тыңдап, 


содан 

ж а н ы н а 

л ә з з а т 

алып,  со-

лармен  бірге 

қуанып,  солармен 

бірге  мұңайып  өспеген 

адам. Мәңгүрт әнші қазақтың 

мұңға, сырға толы халық әнін айтып 

тұрып, мәз болып ыржалақтап, бөксесін 

бұраңдатып  тұрады.  Арғы  жағында  жарты-

лай  жалаңаш  4-5  қыз  билеп  жүреді.  Мәңгүрттік  

дегеніміз  —  осы!  Мәңгүрт  қазақ  «Айнамкөз»  бен 

«Зәурештің»  орнына  «Чио-Чио-Санды»,  не  Пу-

гачева  айтатын  «Арле-

киноны»  тыңдайды. 

Өз  анасының 

ү

ш 



к ү й е у г е 

тигені  туралы 

әңгімені 

рахаттана 

тыңдап,  соған  мақтанған 

мәңгүртті  де  көрдік.  Ол  үшін 

Ләйлі  мен  Мәжнүннің,  Фархат  пен 

Шырынның,  Тахир  мен  Зухраның, 

Қыз  Жібек  пен  Төлегеннің  махаб-

батынан  гөрі  бір  сәттік  ләззаттың 

құлы,  жеңілтек  Кармен  әлдеқайда 

биік!  Ол  үшін  домбыра  дегеніңіз 

қазақты мазақ қып айтатын «Адин 

палқы, два ыструна, вот казахский 

домбра».  Нағыз  мәңгүрттік  дегені-

міз — осы! Осының бәрі көршілес не 

Өзбекстанда,  не  Түркіменстанда,  не 

Әзірбайжанда, не Тәжікстанда неге жоқ? 

Себебі олар әп дегеннен өз елінде Ресей-

ден  ақпараттық  тәуелсіздік  алуды  жолға 

қойды. Олардың бүкіл баспасөзі, бүкіл теле-

арналары тек өз ұлтының тілінде ең алдымен өз 

ұлтының қам-қарекетін қаужайды. Ал біздің мұндай 

күйге түсуіміз әуелі сонау Кеңес заманындағы бас-

шыларымыз қазақты орыстандыру саясатын қызу 

жүргізгенінің салдары екенін айтқысы келмейтіндер 

де көп. Біз сол Ресейдің ақпараттық қыспағынан әлі 

де шыға алмай отырмыз. КСРО құлап, Мәскеудің 

уысынан  шыққан  жылы  туған  сәбилеріміз  бүгінде 

24-ке  келді.  Қазір  солардың  екеуінің  бірі  орысша 

сөйлейді.  Сонда  олардың  тілін  қазақыландыруды 

биыл  бастағанның  өзінде  тағы  да  24  жыл  керек 

болады екен. Және 24 –тегі осы балаларымыз өз 

сәбилеріне  орысша  сөйлеп  жүргенін  де  шыққыр 

көзіміз көріп жүр. 

«Ағорқаз» — ұлтты 

мәңгүрттендіру 

саясаты

Ол  аз  болса,  балабақшадан,  бірінші  сынып-

тан  бастап  әлі  ақыл-есі  толыспаған  періштедей 

сәбилерімізге  орысшаға  қосып,  ағылшыншаны 

күштеп  оқытуға  кірістік.  Бір-бірімен  орысша 

сөйлесетін қазақ енді бір-бірімен «ағорқаз» тілінде 

(ағылшынша, орысша, қазақша) сөйлейтін бола ма 

деген қауіп расқа айналатын сияқты. Бұл қазақтың 

болашақ ұрпағын ұлты жоқ, не өз тілі мен өз ділі, 

өз діні жоқ мәңгүрттендіру саясаты емес пе? Орыс 

тілін әлі де бірінші орынға қойып, ол аз болғандай, 

оған  үштілділік  дегенді  ойлап  тауып  қосып 

отырғандар  да  қайткенде  қазақты  орыстандыру-

ды көздейтін дүбәралар екені белгілі болып отыр. 

Бұл  оларға  Ресейдің  берген  жасырын  тапсырма-

сы,  тіпті,  бұйрығы  екен  деген  де  сыбыс  бар.  Бір 

дерек келтіре кетейік: Малайзия тәуелсіздік алған 

сәтте  оның  жергілікті  халқы  —  малай  ұлты  елде 

30% ғана екен. Соған қарамастан, ел басшылығы 

әп дегеннен малай тілін мемлекеттік тіл деп жари-

ялады. Ал Қазақстанда 67%-ға жуық қазақ, 80%-ға 

жуық өзіміз сияқты түркі тілділер — ұйғыр, өзбек, 

татар,  башқұрт,  әзірбайжан  тұрады.  Олар  түгел 

дерлік  қазақша  біледі.  Сонда  қалған  20%  славян 

тілділерге  бола  Қазақстанда  орыс  тілінің  түкірігі 

жерге түспей тұрғанын қалай түсіндірер едіңіз? Біз-

де орыс көп деген тек сылтау ғана! Бізде мәңгүрт 

көп  және  ақпарат  құралдарының  орысша  болуы 

арқасында біз мәңгүрттер санын көбейтуге жұмыс 

істеп жатырмыз десек, қателеспес едік.

Мәңгүрттіктің  басты  белгісінің  бірі  —  өз 

мемлекетінің, өз ұлтының тарихын білмеу.  Бұрынғы 

Кеңес  тарихында  Қазақстан  Ресейге  өз  еркімен 

қосылды  делініп  келсе,    бүгінгі  қазақтар    хандар, 

сұлтандар өзара таққа таласып,  Ресейге қосылды 

дейтінді  шығарды.  Сонда  бұл  тарихтың  алдыңғы 

тарихтан  айырмашылығы  қандай?  Осының  бәрі 

Алтын  Орда  ыдырап,  орыстар  ес  жинап,  ел  бо-

лысымен  қазақ  жерін  сонау  Батыс  өңірінен  Еділ, 

Жайық бойынан бермен қарай қуалап, ұдайы қанға 

бөктіріп келгенін әсіресе батыс қазақтары мен оры-

стар арасында 250 жыл бойы қанды қырғын майдан 

болғанын жасыру үшін, яғни қазақ пен орыс бауыр-

лас, тату болған деген есуастық саясатты растау 

үшін айтылумен келеді. Ол үшін  баяғыда қытайлар 

қырып  тастаған  жоңғар  деген  халықтың  қазаққа 

жасаған  шабуылдары  тоқсан  түрлендіріліп,  мың 

құбылтып  айтыла  береді.  Тіпті,  сол  өзіміз  сияқты 

ішкені қымыз бен шұбат, жегені ет, қазақпен қыз 

алысып, қыз беріскен өзіміз сияқты қиықкөз, 

тақырбас қалмақты  қазаққа айдап салып, 

қырылыстырып  қойған  да  орыстар  екені 

айтылмайды. Сондай тарихты ғана оқып 

өскен қазақ баласы мәңгүрт болмағанда 

қайтеді?  Қазақстан  тарихында  қазақты  

сыртқы  дұшпандардан  қорғап,  аман 

сақтап қалған орыстар дегенге шейін ай-

тылады.  Бірақ  қазақты  не  жоңғардан,  не 

қытайдан қорғаймын деп бір орыс өлмек түгіл 

мұрты қисайғаны туралы сыңар ауыз дерек жоқ. 

Біздің, яғни қазақ арасында мәңгүрттердің көп бо-

луына осылайша өз тарихын білмеу де басты се-

беп деуге толық хақымыз бар.

Ресей  қазақты  мәңгүрттендірудің  бұдан  басқа 

да толып жатқан тәсілдерін қолданып келді, әлі де 

қолдануда. Олар ұлтты мәңгүрттендіру үшін оның 

киген  ұлттық  киімін  де  қажетсіз  қылады,  мазаққа 

айналдырады.  Қазір  еліміздегі  қай  асханаға, 

қай  кафеге  барсаң  да,  қазақтың  малының  еті-

нен,  қазақтың  астығынан  жасалған  тағамдардың 

бәрінің  атауы  не  орысша  не  өзге  елдердікі. 

Өзбектер Мәскеудің қақ ортасында палауы мен на-

рынын,  көк  шайын,  әзірбайжандар  люлякебабын, 

лавашын,  түріктер  донерін  сатып  отыр.  Қазақтар 

Алматы  мен  Астананың  көшелеріне  сау  сәбиді 

ауру қылатын, семіртіп, жүрек, қан тамырларының 

қызметін  бұзатын  гамбургер,  пицца,  «спраит», 

«кола», «фантаны» толтырып қойды. Демек, қазақ 

ұрпағын өзінің ұлттық тағамынан алыстату арқылы 

да  мәңгүрт етуге болады екен.

Айтпақшы, Мәскеудің «Домодедово» әуежайында 

отырып  алып,  өзбектер  ұшақтарды  «Тошкенден 

келятыпты»,  «Тошкенге  кетятыпты»  деп  өзбек  ті-

лінде,  әзірбайжандар  әзірбайжан  тілінде  хабар-

лайды.  Олардың  ұшақтарының  қабырғасында 

«Узбекистон  һава  иоллары»  деп  жазулы  тұрса, 

Қазақстандікінде «Эйр Астана»! Арғы жағын өзіңіз 

ойлай  беріңіз.  Қазақты  мәңгүрттендіру  саясатын 

қашаннан Ресей жүргізіп келеді десек, оның қазақ 

арасынан  шығарып  қойған  «шұбар  жыландары» 

да  аз  емес.  Олардың  біразы  қазақты  ислам  діні-

нен  айыруға  тапсырма  алған.  Олар  қазақтарды 

әлдебір тенгризм дегенге енгізуді насихаттап жүр. 

Ал  біз  ислам  дінін  қабылдағаннан  200  жылдан 

кейін  ғана  христиандықты  қабылдаған  орыстар 

баяғы  язычествомызға  қайта  барайық  дегенді 

өлсе  де  айтпайды.  Дұрысында  тәңірлік  те,  язы-

чество  да  ешқандай  дін  емес,  олар  ерте  заман 

адамдарының  аспаннан,  бұлттан,  судан,  желден, 

оттан  қорыққаннан  шығарған  наным-сенімі  ғана. 

Дін  болу  үшін  оның  Құран,  Інжіл,  Таурат  сияқты 

кітабы,  пайғамбары,  белгіленген  тәртіптері  болуы 

керек.  Әлгі  «тенгристерде»  бұның  бірі  де  жоқ. 

Олар  не  мәңгүрттер,  не  қазақты  мәңгүрт  ұлтқа 

айналдыруға  шетелдерден  тапсырма  алғандар 

емес пе деп те күдіктенеміз. «Өзі де білмей ме, көп 

сөйлеп созбайын», — дейді кемеңгер шайыр. Сол 

айтқандай, бұдан әрі айта берсек, көкмылжың деп 

сөгетіндер де табылары хақ. 

Жақында бір сайтта ұлт уай-

ымын айтқан осындай бір 

мақалаларыма жұртшылық 

ризалықпен жазған пікірлердің 

ішінен әлдебіреулер менің жас 

шағымда ащы су ішкенімді, енді 

біреуі шатақ болғанымды ай-

тып кетіпті. Өз басым солар не 

десе, о десін, әйтеуір мәңгүрт 

емес, қазақша сайттарды оқитын 

адамдар болғанына қуандым. 

Қазақ «іштен шыққан жау жаман» 

дейді. Алла сақтасын, егер ел 

басына күн туып, ұлттығымызға 

қауіп төніп жатса, ең қауіпті жау 

өз тілін, өз дінін, өзінің ұлттық 

салт-дәстүрін сыйламайтын 

мәңгүрттер болатынын тарих-

алдияр дәлелдеп-ақ келеді. 

Тіпті, кешегі Қырым қақтығысы 

кезінде де ноғайлар орыстан 

көрмеген қорлығымыз жоқ, 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет