Мейіргер ісіндегі маркетинг. 1.Маркетинг туралы түсінік. 2.Қоғамдық денсаулық сақтауда маркетинг негіздері. 1.Маркетинг туралы түсінік. "Маркетинг" (ағылшын тілінде - marketing) деген ұғымның негізінде «нарық» деген түсінік жатыр (ағылшын тілінде - market). Бұл түсінікті жалпы алғанда нарықтық іс-әрекеттерді жобалап пайымдайды.
Маркетинг – бұл өндірісті ұйымдастыру бойынша мамандардың халық қажеттілігін қанағаттандыруда алдын ала сұрастыру арқылы анықталған сұраныс және алдағы кірісті көздей отырып бағытталған, өнімді сату және қызметті жүзеге асыру бойынша жасалынатын кешенді іс-әрекеті. Маркетинг құрылымында ең маңызды элементі қажеттілік түсінігі болып табылады.
Маркетингтік іс-әрекет қамтамасыз етуі керек:
- белгілі бір сұраныс динамикасында және құрылымында сатып алушылардың таңдауы мен артық бағалайтын нарығы сенімді, қол жетімді, уақтылы, яғни фирмалардың қызмет жасауының сыртқа жағдайы туралы ақпаратпен қамтамасыз ету;
- бәсекелестердің тауарларына қарағанда, нарық талаптарын толығымен қамтамасыз ететін тауар түрлерін өндіруді;
- жүзеге асыруды максималды мүмкін қадағалаумен қамтамасыз ететін нарыққа, сұранысқа және тұтынушыға қажетті іс-әрекетпен қамтамасыз ету.
Маркетингтің мәні қысқаша айтқанда: тұтынушыларға және сұранысқа сәйкес өндіру. Маркетингтің негізінде бастапқы болып адам сұранысы мен қажеттілігі алға қойылады.
Маркетингтің мәнінен келесі ұстанымдар туындайды:
- өндіру-сату жұмысында соңғы тәжірибелік нәтижеге жету көзделеді. Нарықта тауарларды тиімді өткізу кәсіпорынның көздеген ұзақ мерзімді мақсатынада белгілі бір бөлшегін игеру мәніне сәйкес болуы;
- маркетингтік іс-әрекеттердің бағыттарын шешуде өткізудің, өндірудің және зерттеудің шоғырлануы; - кәсіпорынның маркетингтік жұмысының ұзақ уақыттық нәтижесіне бағыттау. Бұл тауар нәтижесінің негізін өңдеу арқылы болжамды зерттеуге ерекше зейін қоюды талап етеді.
Маркетинг тұжырымы - нарықта сұранысқа ұсынылған және медициналық қызмет пен тауарларға сәйкес міндеттер мен мақсаттар қоюды қарасытыру.
Сұраныс – бұл белгілі бір уақыт аралығында белгілі бір бағамен, оның кірісін, бағасын, салыстырмалы түрде алынған бағасын ескере отырып тұтынушының сұранысына ие болатын тауарлар немесе қызметтердің саны. Сұраныс тұтынушының әр түрлі бағамен сатып алатын өнімнің бағасымен байланысты және өнімнің санын көрсетеді.
Бұл тауарға тұтынушының сұраныс көлемі мен тауар бағасы арасындағы байланыс, оны тұтыну деңгейі және тауар бағасы арасындағы кері байланыс болатындығын хабарлайтын сұраныс заңына әсер етеді. Бұл екі себепке байланысты туындайды: біріншіден, тұтынушы баға төмендеген кезде тауарға көп мөлшерде ие болғысы келеді ( кіріс әсері), екіншіден, бағаның төмендеуі нәтижесінде оның әсерінен салыстырмалы түрде басқа таураларлардың да бағасы арзандайды және оны қайтадан қалпына келтіру салыстырмалы түрде пайдалырақ болып келеді (орынын басу әсері)
Тұтынушыға тауарларды (қызметтер) қарастыру және таңдау кезінде арқашанда басқа да салыстырмалы варианттарының болатындығын ескеру қажет. Тұтынушы өзіне қажетті затты сатып алуды шешу кезінде, мысалы дәрі - дәрмектерді сатып алудан ол өзіне азық-түліктен түсетін пайданы қарастыруды шектейді Бұл баға құнын түсіру немесе жіберілген мүмкіндік шығыны деп аталынатын салыстырамылы шығын болып табылады. Тұтынушы күтілген игіліктен алынатын жоғары қанағат үшін басқа да бір маңызы төмен игілікті құрбан етуге даяр болады.
Тұтынушының негізгі мақсаты - қанағаттандыруды айқындайтын шартты экономикалық пайданы барынша жоғарлату. Ол тұтынушы таңдауының негізгі факторы болып табылады. Пайда ұғымын, өте-мөте жеке - дараланған түсінік деп қарастыру керек. Мысалы, бір адамға пайдалы нәрсе екінші бір адам үшін мүлдем пайдалы болмауы мүмкін.
Пайда табу тұтынылатын өнім санының жоғарлауына байланысты өзгеріп отырады. Сондықтан да қызмет пен тауарлардың жалпы және шекті айырмашалаған білу қажет. Шекті пайда табу - өнімнің әрбір келесі бірлігін тұтынудан алынған қосымша пайда және ол тұтынушы тауардың қосымша бірлігін қолданудан қанша жеке кіріске ие болғанын көрсетеді.
Сұраныстың көлемі мен бағасына байланысты бағаның өзгеруіне сәйкес өзгертілген қажетті игілікті көрсететін қисық сұраныс көрініс табады.
Тауар бағасына сұраныс шамасының сезімталдығы икемділік сұраныс деп аталады және бағаның аз мөлшерде өзгеру нәтижесінен туындайтын сұраныс шамасының пайыздық өзгеруі түрінде көрініс табады. Сұраныстың бағалық икемділігі - бағаға әсер етуі мүмкін стратегиялық шешемдерді іске асыру салдарын болжамдауға көмектеседі. Мысалы, икемділік көрсеткішінің көмегімен, медициналық қызметке белгіленген бағаны көтеру нәтижесінде мекеме кірісінің қаншалықты өзгеретінін болжамдап айтуға болады. Икемділік сұранысында бағаның көтерілуі сатушы кірісінің азаюына алып келеді. Ал икемділікке жатпайтын сұраныста бағаның көтерілуі жалпы көмекті жоғарлатады және де бағаның төмендеуі кезінде де осы тәуелділік сақталынады.
Сұранысқа әсер ететін сыртқы орта факторларының ішінде тұтынушының пайдалану түріне көп мөлшерде, дәлелді тұтынушы сұранысы әсер етеді: 1) бір-бірімен байланысты тауарлар бағасы; 2) тұтынушы кірісі, 3) тұтынушы таңдауы, 4) болашақта күтілетін баға.
Ұсыныс- сатушының базарда қойылған таураларды сатудағы ниеті мен қабілеті. Ұсыныс көлемі- бұл сатушының белгілі бір уақыт аралығында сатуға ниеттенген тауар көлемі. Ұсыныстың көлемі тауардың бағасына және басқа да ұсыныс факторларына байланысты болады. Егер, нарық сұранысы - барлық сатып алушылардың жалпы саны болса, ал нарық ұсынысы – жекеше ұсыныстардың қосынды саны, жалпы сатушылардың ұсыныстар жиынтығы болады.
Ұсыныстың құнсыз факторлары және детерминантами болып табылатындар: 1) қорларға бағаның өзгеруі; 2) технологияның өзгеруі, 3) басқа да тауарларға бағаның өзгеруі, 4) күтілетін баға өзгерісі.
Нарықтағы ұсыныс пен сұраныстың теңдігі сатушы мен сатып алушының шығаратын жалпы кірісін жоғарлатады. Тұтынушылық немесе тұтынушылық артық кіріс- сатушы, өздерінің есептеулері бойынша тауар мен сома үшін шыныменен төлейтін соманы алып тастағаннан кейінгі, кірісінің қаншалықты түсетінін анықтап қойған және төлеуге дайын, бағалар арасындағы айырмашылық, Бұл – экономикалық артудың жақсы көрсеткіші болып табылады. Ал, енді нарықты басқа жағынан және сатушының нарықта қызмет істеуінен түсетін кірісін қарасытарамыз. Сатушының жақсы жағдайы сатып алушының жақсы тұрмысымен ұқсас.
Өндірістің артықшылығы - сатушының өндірісте ұстап қалғаннан артылған сомасы. (сатушының табысы нарықтың жұмысына байланысты).
2014 жылы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған мейіргер ісін дамытудың кешенді жоспарын әзірледі. Онда:
- денсаулық сақтау жүйесінде мейіргер ісі мамандарының рөлін арттыру және жаңа құзіретін енгізу;
- мейіргер ісін реформалауға сәйкес медициналық колледждер мен университеттерді институционалдық дамыту;
- мейіргер ісі саласын және жүйені нығайтуға ғылыми негіздеме жасау;
- мейіргер кәсібінің жағымды келбетін қалыптастыру үшін мейіргер ісі саласын реформалау туралы ақпараттандыруды арттыру және маркетинг;
- республикада мейіргер ісі саласын реформалауды үйлестіру тетіктерін әзірлеу және енгізу қарастырылған.
Бүгінгі таңда Қазақстанда 154 мыңнан астам мейіргер қызмет етуде, олардың ішінде 39% - ауылдық денсаулық сақтау жүйесінде жұмыс істейді. Медициналық құжаттама жүргізуде мейіргерлік технологияларды енгізу жұмыстары жалғасуда. Күндізгі стационар, хоспистер, үйде күтім жасау, консультациялық-диагностикалық қызметтер сияқты ауруханадан тыс көрсетілетін көмектің жаңа түрлерінде мейіргерлерді қатыстыру аясы кеңейтілуде. Отбасын жоспарлау кабинеттерінде мейіргерлердің профилактикалық жұмыс жүргізуде оң тәжірибесі қалыптасты.
Амбулаториялық-емханалық секторды жетілдіру, медициналық-санитариялық алғашқы көмек әлеуетін арттыру бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Штатқа әлеуметтік қызметкерлерді, учаскелік дәрігерлер үшін екінші мейіргер, жалпы тәжірибе дәрігерлері үшін үшінші мейіргер бөлу профилактикалық жұмыстың тиімділігін қамтамасыз етіп, медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарында медициналық көмек сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Мейірбикелер медициналық қызметкерлердің әлеуметтік тобының күрделі құрылымында әрқашанда өзіндік орын алады. Дегенмен, қазіргі дәуіріміз мейірбике мамандығына заманауи медициналық технологияларды меңгеру секілді жаңа талаптар жүктеп отыр. Дамыған елдердің медицина саласында мейірбике ісі дәрігер қызметіне барынша жақындатылып, олардың кәсіби білімдерінің ұзақтығы мен мазмұны кеңейтіліп, жалақысы өсіп, аталған мамандыққа деген қызығушылықтың артуы мен олардың әлеуметтік сатысының көтерілуіне жағдай тудырған мейірбике қызметінің сұлбасын өзгертуге әкелді.
Бұрынғыдай, мейірбике ісіне дәрігердің айтқанын ғана бұлжытпай орындайтын дәрігердің көмекшісі деген көзқарас келмеске кетті. Мейірбике ісі бүгінде сырқаттарды емдеу мен олардың өмір сапасын арттыруға үлес қосатын, өзінің айқын міндеттері бар денсаулық сақтаудың жеке бір саласы. Бұған болашақ бітірушіні өзінің оқу үдерісі барысында алған білімін кәсіби қызметінде пайдалана білетін маман ретінде дайындаса ғана қол жеткізуге болады.