1. Массасы 1,2 г магний күкірт қышқылымен әрекеттескенде 5,5г тұз түзілді. Тұздың шығымы: ( 91,7%)



Дата23.09.2023
өлшемі13,13 Kb.
#109994

1. Массасы 1,2 г магний күкірт қышқылымен әрекеттескенде 5,5г тұз түзілді. Тұздың шығымы: ( 91,7%)

2. Массасы 25 г кальций оксиді көмірқышқыл газымен әрекеттесу арқылы 42 г тұнба түзді. Түзілген тұнбаның шығымы: ( 94%)

3. 4 г сутек оттекпен әрекеттескенде 60г су түзіледі. Судың теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы шығымы: (83,33%)

4. 16 г метаннан 55г нитрометан түзілді. Нитрометанның шығымы : (90,16%)

5. 46 г этанолды тотықтыру арқылы 22г сірке альдегидін алды. Өнімнің шығымы: (50%)

6. 44,8л xлор газын сутек газы арқылы өткізгенде 67,2л өнім түзілді. Өнімнің шығымы: (75%)

7. Көлемі 22л көмірқышқыл газына әк суын қосқанда алынған өнім массасы 80г. Өнімнің теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы шығымы: (81,5%)

8. 100л этан жанғанда 150 л газ түзіледі. Түзілген газдың шығымы: (75%)

9. 50 л ацетиленді жағу арқылы 50л газ алдық. Түзілген газдың шығымы (50%)

10. 22,4 л пропин жанғанда 44,8л көмірқышқыл газы түзіледі. Өнімнің шығымы: (66,66%)

11. 40 г кальций xлорсутектпен әрекеттесу нәтижесінде түзілген өнімнің шығымы 80% болса, түзілетін сутек массасы: (1,6г)

12. 30 г күкірт (VI) оксиді сумен реакцияға түседі. Түзілген қышқылдың шығымы 50% болса, оның массасы: (18.375г)

13. 16 г метаннан 80% - тік шығыммен моноxлортуынды түзілетін болса, оның массасы: (40,4г)

14. 10 л пропан газынан көмірқышқыл газы 80% - тік шығыммен түзіледі. Көмірқышқыл газының көлемі: (24л)

15. 78 г бензолды xлорлағанда xлорбензолдың түзілу шығымы 75%. Өнім массасы: (84,375г)

16. 50 г метанол этанолмен реакцияға түседі. Түзілген жай эфирдің түзілу шығымы 50%. Эфир массасы: (44,5г)

17. 28г этиленнен 95% - тік шығыммен этан алынса, этанның массасы: (28,5г)

18. 30 г этан броммен орынбасу реакциясына түседі.Түзілген бромтуындының шығымы 70% болса, оның массасы: (76,3г)

19. 20 г натрий гидроксиді азот қышқылымен бейтараптану реакциясы нәтижесінде түзілген тұздың шығымы 92%,тұз массасы: (39,1г)

20. Массасы 100г барий xлориді күкірт қышқылымен әрекеттескенде, 50 % -тік шығыммен тұнба түзілген болса, оның массасы: (56г)

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет