21-Билет Мектепке дейінгі еңбек тәрбиесі: ерекшеліктері, міндеттері, еңбек әрекетінің құрылымы, түрлері,балабақшада бала еңбегін ұйымдастыру.
Еңбек тәрбиесі- жасөспірім ұрпаққа тәрбие берудің маңызды құрамдас бөлімі.МД балалардың еңбегі ойынмен тығыз байланысты.Бұл өзара байланыс әр түрлі формада көрінеді:ойын ересектердің еңбегін бейнелейді;ойында еңбек іс-әрекеттерінің элементтері көрінеді; еңбек қызметі болашақ ойын үшін істеледі; ойын әрекеттері еңбек процесіне енгізіледі. Ойындарда ересектердің еңбек әрекеттерін бейнелеу арқылы балалар олардың еңбегіне дұрыс қарауға дағдыланады,жолаушыларға ұқыпты қарайды,түскі тамақтың дәмді болуының қамын жасайды және т.с.с МД сәбилер бұл ретте нақты еңбек әрекеттерін жасамайды олар машина айдаған,тамақ пісірген сияқтанады. Ересектеу балалардың ойындарында еңбектену қажеттігі:стол басында өзі тамақ ішкен ыдысты жуу қажеттігі жиілейді.Мұндай ойын балаларды нақты еңбек әрекетіне итермелейді. Ойынның барсында (МД неғұрлым ересек жаста)өзіне алған рольді бейнелеу үшін тиісті атрибуттар:матрос малақайы,жол жүрісінің ережелері,жалаушылар мен фонариктер және т.б. қажет болатын реттерде де еңбектің ойынмен байланысы байқалады.Ойында персонаждардың іс-әрекеттерін неғұрлым толық бейнелеу,өзінің ойын дәлірек жеткізу ниеті балаларды еңбекке араласуға ынталандырады.Балалардың еңбек қызметіне жеткілікті басшылық болмаған жерде ол көпке дейін балаға жай ғана қызық әрекеттердің дәрежесінде қалып қояды.Тәрбиешінің ықпалымен балаларда бірте-бірте алдына мақсат қою,өз қызметін алдын ала жоспарлау және ұйымдастыру,істі нәтиже алғанға дейін жеткізу қабілеттері дами бастайды.МД ересек балалардың еңбек іс-әрекетінен қоғамға пайдалы нышандар айқын көріне бастайды.Егер басқалар үшін маңызды екенін түсінсе,олар сырттай тартымсыз еңбектің өзіне де ықыласпен қатысатын болады. Міндеттері: МД педагогика балаларды еңбекке тәрбиелеудің мынадай негізігі міндеттерін бөліп көрсетеді:ересектердің еңбегімен таныстыру және оған құрметпен қарауға тәрбиелеу;қарапайым еңбек іскерлігі мен дағдыларына үйрету;еңбекке ықыластылыққа,еңбек сүйгіштікке және дербестікке тәрбиелеу; еңбекті қоғамдық-бағыттау мотивтеріне,коллективте және коллектив үшін еңбектене білуге тәрбиелеу. «Балалар бақшасындағы тәрбие бағдарламасы» әрбір жас тобындағы балалар меңгеруге тиісті еңбек дағдылары мен іскерліктердін көлемін ашып береді.Балаларға еңбек іскерліктерін үйретудің мазмұны мен бірізділігін белгілей отырып,тәрбиеші олардың жас ерекшелігін,ұсынылып отырған еңбектің мазмұнына шамасы келетін-келмейтінін,оның тәрбиелік құндылығын,сондай-ақ оны ұйымдастыруға қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптарды ескеруге тиіс.Балалар өсіп, дамыған сайын олардың еңбек қызметінің сапасын,ұйымдастыру дәрежесіне қойылатын талап күшейтіле береді,орындалатын жұмыстың мөлшері ұлғайтылып,қарқыны тездетіледі.Еңбек дағдысына үйрету барсында тәрбиеші балалардың бойында шамасы келетін нәрсенің бәрін өз бетінше дербес орындау ынтасын қалыптастырады,қажет болғанда дереу барып көмектесіп отырады.МД балалардың ұсынылған істі дербес орындауда сәтсіз әрекет жасап, содан қапаланып қалауына жол беруге болмайды,өйткені мұндай жағдайда бала өз күшіне сенбеушілік және еңбектенуге құлықсыздық пайда болады.Қайта керісінше,баланың дербестік көрсетуге тырысқан әрбір әрекетін көтермелеп отыру оның қиыншылықты жеңуіне көмектеседі,өзінің іскерлігі оны қуаныш сезіміне бөлейді,еңбекті сүйе бастайды.Мынаны есте сақтау керек:еңбек қол жеткен нәтижесімен,басқаларға келтірген пайдасымен балаларға қуаныш әкелетін болуға тиіс.Балалар бақшасында балалардың коллективте еңбектене білуін қалыптастыру міндеті шешіледі.Бұл біртіндеп,еңбек процесінде балаларды ортақ тапсырмамен шағын топтарға біріктіру жолымен жүзеге асырылады. Балалар бақшасындағы балалар еңбегі алуан түрлі.Бұл олардың қызметке ынтасын сақтауға ,оларды жан-жақты тәрбиелеуге мүмкіндік береді.Балалар еңбегінің негізгі төрт түрі бар:өзіне-өзі қызмет көрсету,шаруашылық –тұрмыстық еңбек,табиғаттағы еңбек және қол еңбегі.Еңбектің жекеленген түрлерінің үлес салмағы түрлі жас кезеңдерінде бірдей емес.Олардың әрқайсысының тәрбие міндеттерін шешуде белгілі өз мүмкіндіктері бар.Өзіне-өзі қызмет көрсету өзін күтуге бағытталған.Еңбек қызметінің бұл түрінің тәрбиелік маңызы ең алдымен оның өмірлік қажеттілінде.Әрекеттер күн сайын қайталанатындықтан балалар өзіне өзі қызмет көрсету дағдысын мықтап игереді;өзіне-өзі қызмет көрсету міндет ретінде ұғыныла бастайды.МД балалардың шаруашылық-тұрмыстық еңбегінің нәтижелері олардың еңбек қызметінің басқа түрлерімен салыстырғанда оншалық елеулі болмағанымен, ол балалар бақшасының күнделікті өмірінде қажет.Бұл еңбек үйдің ішінде және учаскеде тазалық пен тәртіп сақатуға,режимдік процестер ұйымдастыруда ересектерге қолқабыс тигізуге бағытталған.Балалар топтық бөлмеде немесе учаскеде қандай да болса тәптіптің бұзылуын байқауға және оны өз коллективке қызмет көрсетуге бағытталған,сондықтан онда балаларды өз қатарына қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу үшін мол мүмкіндіктер бар. Табиғаттағы еңбек балалардың өсімдіктер мен жануарлар ды күтуге қатысуын ,табиғат мүйісінде,бақшада,гүлзарда өсімдіктерін өсіруін көздейді.Еңбектің бұл түрінің байқағыштықты дамытуға,тірі нәрсенің бәріне ұқыпты қарауға,туған елдің табиғатын сүюге тәрбиелеу үшін ерекше маңызы бар.Ол педагогтың балаларды дене жағынан дамтыу,қозғалыстарын жетілдіру,төзімділігін арттыру,дене жағынан дамыту,қозғалыстарын жетілдіру,төзііміділігін арттыру,дене күшін жұмсау қабілетіндамыту міндеттерін шешуіне көмектеседі. Қол еңбегі-алуан түрлі материалдардан:картоннан,қағаздан,ағаштан,табиғи материалдан,қалдық материалдан,мех,қауырсын,мата қиқымдарын және т.с.с.пайдалана отырып заттар жасау- балалар бақшасының ересектер тобында жүзеге асыырылады.Балалар өздерріне қажетті ойыншықтар ойын атрибуттарын:қайықтар,машиналар,үйлер,жиһаздар,жануарлар жасайды.