25.Қарахан кезеңіндегі мәдениет. Қарахан мемлекеті X ғасырдың орта кезінде Жетісу аумағында және Шығыс Түркістанның (Қашғардың) бір бөлігінде құрылған қуатты мемлекет. Орталығы – Баласағұн қаласы. Кейіннен – Тараз қаласы болды.
Қарахан мемлекетінің негізін қалаушы Сатұқ Боғрахан Қарлұқ қағаны Білге Қыдырханның немересі.
2000 жылдық тарихы бар қала ерте кезден сауда өнеркәсібінің орталығы болып, талай жыл мәдени жәдігерлердің музейіне айналды. Мұнда сонау ерте кезден қала мәдениеті қалыптасып, Қарахан мемлекеті тұсында үлкен сауда-өнеркәсібінің орталығына айналып, Ұлы Жібек жолының қаласы пайда болды. Шаһарға Индия, Орталық Азия, Иран, Ирак және де көптеген мемлекеттерден сауда көпестері келіп, бір-бірімен байланыс орнатты. Шығыстан батысқа, батыстан шығысқа шыққан керуен жолдары арқылы Тараз қаласына ақындар мен жазушылар, ойшыл ғалымдар, дің таратушылар, миссонерлер, өнерпаздар келіп, өз халықтарының мәдениеті мен дәстүрін жандандырды. Қаланың рухани және мәдени дамуы көтеріліп, материалдық және рухани құндылықтар алмастырылды.
10-ғасырдың басында Қарахан әулетінің негізін қалаушы Сатұқ ислам дінін қабылдады, ал оның ұлы Боғра хан Мұса 960 ж. хан күмбезі, Бабажы қатын кесенесі, Жошы хан күмбезі, т.б.) тас көпір салу ісі өркендеді. Архитектура құрылыстарға күйдірілген қышты пайдалану ғимараттардың композиция типтерін қалыптастыруға, арка, күмбез құралымын (конструкциясын) кеңінен қолдануға, көркемдеу әдістерінің алуан түрін іске асыруға жол ашты. Олардың сыртқы қабырғалары, күмбездері мен күмбезге ұласатын тұстары өрнекті кірпіш өрілімімен нақышталса, ішкі еңселері ғимарат құрылымымен үндес ою-өрнекпен әсемделді. Құрылыстарда қашап, құйып, исламды мемлекеттік дін деп жариялады. Қала мәдениетінің дамуында ислам дінінің маңызы артты.
26.Қарахандар кезеңінің материалдық, қалалық мәдениеті. Қарахан мемлекеті (942–1212 жж.) — Орталық Азиядағы ортағасырлық мемлекет.
Қарахан қағанаты Шығыс Түркістан, Жетісу, Сырдария, Талас, Шу өңірін құтты қоныс етті. Оның құрылуы 940 жылдан басталады. Қағанаттың орталық астанасы Шу өзені бойындағы Баласағұн, кейінірек Ордакент (Тараз) қаласы. Қарахан мемлекеті Үзген, Мерке, Құлан сияқты қалаларында ірі алыпсатар алпауыттар мен қолөнершілер мекендеген
Қарахан әулеті заманының өнері – Қарахан мемлекеті кезеңінде тұрғызылған сәулет өнерінің озық үлгілері.
10 – 12 ғасырда Жетісу, Сырдария алқаптарында қала, мешіт, монша, кесене (Айша бибі, Аяққамыр, Алаша жасалған 8 қырлы, жұлдыз гүлді, кілем өрнегі тәрізді нақыштар көптеп пайдаланылды. Орта Азия мен Қазақстанның археология үрдісіндегі ішкі бірлік жалпы ислам дүниесіне ортақ қалалық өркениеттің белгілерімен көзге түседі. 10-ғасырдың басында Қарахан әулетінің негізін қалаушы Сатұқ ислам дінін қабылдады, ал оның ұлы Боғра хан Мұса 960 ж. хан күмбезі, Бабажы қатын кесенесі, Жошы хан күмбезі, т.б.) тас көпір салу ісі өркендеді. Архитектура құрылыстарға күйдірілген қышты пайдалану ғимараттардың композиция типтерін қалыптастыруға, арка, күмбез құралымын (конструкциясын) кеңінен қолдануға, көркемдеу әдістерінің алуан түрін іске асыруға жол ашты. Олардың сыртқы қабырғалары, күмбездері мен күмбезге ұласатын тұстары өрнекті кірпіш өрілімімен нақышталса, ішкі еңселері ғимарат құрылымымен үндес ою-өрнекпен әсемделді. Құрылыстарда қашап, құйып, исламды мемлекеттік дін деп жариялады. Қала мәдениетінің дамуында ислам дінінің маңызы артты. Мұсылман діні қалаларда қарқынды дамып, орта ғасырлық араб ғалымы әл-Макдиси мешіттердің қалалардағы міндетті құрылыстардың біріне айналғанын айтады. Құйрықтөбе қаласының жұртында жүргізілген қазба жұмыстарында 10 – 13 ғасырларда салынған деп табылған мешіт қазылған. Баласағұн, төмен Сырдария және Тараздағы мұсылман сәулет өнерінің діни құрылыстары неғұрлым кейінгі кезеңге жатады. Мешіт пен мұнара әкімш. Биліктің және билік басындағылардың дінге адалдығының нышанын білдірген. Қарахан әулетінің билігі тұсындағы сәулет өнерінің үлгілері Оңтүстік Қазақстан қалаларындағы моншалардан айқын көрінеді. Шығыс қалаларында моншаның қоғамдық құрылыстар қатарында маңызды орын алғаны мәлім. Археол. Зерттеулер қала тұрғындарының өмірінде мәдени-қоғамдық мәні артып, мешіттен кейінгі кісі ең көп баратын орынға айналған моншалардың орындарын анықтады.