1. Мәдениет түсінігінің қалыптасу тарихы: мәдениеттің мәнін және қызметін анықтау ыңғайларының көптүрлілігі


) 20ғ Қазақстанның белгілі ғалымдары



бет30/40
Дата09.12.2022
өлшемі164,17 Kb.
#56056
түріСабақ
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   40
Байланысты:
1. М дениет т сінігіні алыптасу тарихы м дениетті м нін ж не

40) 20ғ Қазақстанның белгілі ғалымдары .Қазіргі заманда шекара жойылған. Еліміз еңсесін көтеріп, егемендігін алған тұста майталман математик Асқар Жұмаділдаев бастаған білікті ғалымдар Батыстың маңдайалды оқу орындарында еңбек етіп, қазақ ғылымының әлеуетін сырт елге танытты.
Асқар Жұмаділдаев Лейбниц, Цинбиель, Якобиан, Вронскиан, Новиков алгебраларының ассосимметриялық есептерін шешкен жалғыз қазақ.
Тәуелсіздік жылдары шетелдің маңдайалды университеттерінде дәріс оқып, ғылыми жұмыстармен айналысуға бірінші болып шақырту алған.
1995 жылдан бастап 10 жыл Еуропада қызмет істеді. Гамбург, Мюнхен, Билефелд, Киото, Оксфорд, Стокгольм университеттерінде профессор болды. Ол Америка математика қоғамының, Швед корольдігі Ғылым академиясының, Жапон ғылым мен технология қолдау қорының, ИНТАС және Сорос қорының стипендиялары мен гранттарына ие болған. Солай. Асқар Жұмаділдаев Тәуелсіздік жылдары екі рет Жоғарғы Кеңес депутаты болып сайланып, еліміздің дамуына қатысты тарихи шешімдер қабылдауға атсалысқаны белгілі. Ол – Қазақстанның тәуелсіздік декларациясын қабылдап, еліміздің Әнұраны, Елтаңбасын қабылдауға атсалысқан депутаттардың бірі.
Математиктер жайында сөз қозғағанда Мұхтарбай Өтелбаев пен Уәлбай Өмірбаев жайында айтпай кетуге болмайды. Алдымен Мұхтарбай Өтелбаев жайында айтайық.
ХХ ғасырда әлем ғалымдары жауабы жұмбақ деген 3 мыңға жуық есептің тізімін жасап, оның 15-ін ең күрделі есеп санатына жатқызған. 2000 жылы АҚШ-тың Клей атындағы математика зерттеу институты «мыңжылдық проблемалар» санатындағы 7 есепті іріктеп алып, шешімін тапқан адамға 1 миллион долларлық сыйақы тағайындаған.
Мұхтарбай Өтелбаев – «Навье-Стокс теңдеуінің мықты шешімінің болуын» есептеп шығарған ғалым. Мамандардың айтуынша, бұл есептер табиғат заңдарына тікелей байланысты. Жауабы тартылыс заңының жұмбақтарын түсінуге жол ашады екен.
Есептің жауабы табиғат апаттары – цунами, зілзала, торнадоны болжап, адам қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, ғарышқа ұшқанда барлық қажеттіліктерге есептелген судың ұшу барысында шайқалып, тербеліс тудырмауы да осы есеп қорытындысына байланысты. Бұған дейін Мұхаң әйгілі Штурм-Лиувилл операторының әмбебап формуласының шешімін тауып, әлемге аты жайылған. Математикалық көптеген теңдеулерді осы Штурм-Лиувилл формуласымен шешетін болса, әрі қарай есеп шығару оңай екен. Ал бұл теңдеуді әлемнің талай ғалымдары бастарын қатырып шеше алмай жүргенде, оның түйінін өзіміздің Өтелбаев тарқатып, әлем ғалымдарын тәнті етеді.
Уәлбай Өмірбаев. Ол кім? Ол – еркін алгебрадағы Кон және Каргаполов сынды белгілі ғалымдар қойған математикалық мәселелерді шешіп, 30 жылдан бері шешілмей келген жапон математигі Нагата проблемасының түйінін тарқатты.
Уәлбай Өмірбаев Нагата құрастырған есепті шешумен 1972 жылдан бері айналысқан! Осы аралықта ғалым талай қиындықтарды еңсерді. 2004 жылы ол Кон проблемасын шешудің жолын жазып шықты. Осы мәселелерге арналған еңбектері үшін қазақстандық ғалым 2007 жылы Американың математика қоғамының жоғары дәрежелі «Мур» сыйлығына ие болады.
Нобель сыйлығын алған алғашқы қазақ
Нобельге тәуелсіз Қазақстанда тұңғыш ие болып, алаштың абыройын асырған дарынды ұлдың есімі – Достай Раманқұлов.
Ол – Алматыдағы Қаныш Сәтбаев атындағы Ұлттық техникалық университеттің түлегі. Ғалым еліміздің Атом энергетикасы жөніндегі агенттігі және «КАТЭП» Ұлттық атом компанияларының бұрынғы еңбеккерлерінің бірі.
Осыдан біршама уақыт бұрын дүниежүзі бойынша ядролық қауіпсіздікті сақтаудағы еңбектері жоғары бағаланып, МАГАТЭ ұжымы және оның бұрынғы бас директоры Мұхаммед әл-Барадей халықаралық Нобель сыйлығымен марапатталғаны есімізде.
Сол кезде МАГАТЭ бойынша Нобель сыйлығымен марапатталған 11 адамның ішінде біздің жерлесіміз – қазақстандық Достай Төлемішұлы Раманқұлов болды.
Сондықтан Достай Төлемішұлын Нобель сыйлығын алған алғашқы қазақ деп атасақ болады. Ғылым саласындағы әйгілі сыйлықты алушылардың қатарына Достай Раманқұловтың болғанынан елімізде атом энергетикасы саласының қаншалықты дамығанын байқаймыз.
Жаңа қуат көзі
Дәстүрлі емес қуат көзі деген бар. Қазір бұл – тренд. Бұл бағытта «Назарбаев университетінің» ғалымдары барын салуда. Бұл тарапта біз эксклюзивті жаңалық таптық.
Жұмабай Бәкенов әдеттегі батареядан бірнеше есе көп қуат беретін батарея ойлап тапқан! Бұл жобаға Дүниежүзілік банктің өзі қызығушылық танытып, арнайы грант бөлген.
Мамандардың айтуынша, қазақ ғалымы ойлап тапқан батареяның қазіргі уақытта қолданыста жүргендерге қарағанда мүмкіндігі әлдеқайда көп. Егер қазір қолымызда жүрген смартфондардың қуаттандыратын бөлігін жаңа батареямен алмастырсақ, телефонымыз 10 есе артық жұмыс істеп, қуатын ұзақ уақытқа дейін сақтайды екен.
Жұмабай Бәкенов елімізде алғашқылардың бірі болып электромобиль құрастырған Таир Балабаевпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуде.
. Ол – Бағила Байтымбетова.Ол графенді қалай алуды ойлап тапқан алғашқы ғалымдардың бірі. Мұны біреу білсе, біреу білмес. Негізінде білу керек едік…


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет