Саясат саласындағы рәміздер
Саяси символика – бұл адамдарды біріктіру мақсатпен және саяси іс-әрекеттерге қозғау үшін саяси субъекттер - индивидтер, партиялар, ұйымдар және институттар - пайдаланатын рәміздердің жиынтығы.
Неғұрлым кең таратылған саяси рәміздер - бұл ұлттық мемлекеттік символика: ту, елтаңба, ән ұран
Саяси рәміздер рөлін сәулет және мүсін өнерінің ескерткіштері, басқа өнер түрлерінің туындылары, әртүрлі маңызды заттар мен объекттер, мысалы, Нұр Сұлтандағы Ақ Орда, Вашингтондағы Ақ үй, Мәскеудегі Кремль, Ұлы қытай қабырғасы, АҚШ-дағы Азаттық мүсіні, Жапондағы бейбітшілік қоңырауы және т.б, атқара алады. Саяси символиканың өзгеше түрлеріне иерархиядағы ерекшеліктер мен айырмашылық таңбалары, ордендер, медальдар, атақтар, лауазымдар, ақша таңбалары, шартты-графикалық рәміздер, кеңестік орақ пен балға, жұлдыздар, кресттер және т.б. жатады.
Ғылым рәмізі – атомның суреті
Ғылым – бұл нақтылы ережелердің негізіндегі таңбалардың белгілі жүйесінде бекітілген білім. Ғылым әрбір тарихи даму деңгейінде максималды анықталған тілде бекітіледі.
Техника (ежелгі грек тілінде «техникос» - «техне» деген сөзден шыққан — «өнер, шеберлік, икемділік» — күрделі жабдықтардың, механизмдердің, еңбек құралдарын кірістіретін жүйелердің жалпы атауы. Техника қолдану салаларына қарай жіктеледі, мысалы, өнеркәсіптік техника, транспорт, есептеу техникасы, тұрмыстық, жол техникасы. Техниканың әрбір саласы өзіне сәйкес рәміздерге ие.
6. Көшпенділіктің негізгі сипаттамалары.
Номадизм – өндірістің және сонымен байланысты қоғамның көшпелі типі. Көшпелі әлемнің тарихы үш мыңжылдықты қамтиды: б.з.б. VIII ғ. скифтер кезеңінен бастап қазіргі уақытқа дейін. Көшпелілер адамзат тарихында зор рөл ойнаған. Олар өмір сүру үшін қолайлығы аз аумақтарды игеруге болысқан. Олардың делдалдық әрекеті арқылы өркениеттердің арасында сауда байланыстары орналған, технологиялық, мәдени және басқа жаңалықтар таралған. Номадтардың көптеген қоғамдары әлемдік мәдениеттің асыл қорына, ұлттар тарихына зор үлес қосқан.
Бірақ, сонымен бірге асқан мүмкіндіктерге ие болған номадтар тарихи процеске айтарлықтай деструктивті ықпал еткен. Олардың қиратушы шапқыншылықтарының нәтижесінде көптеген өркениеттер, халықтар, мәдени құндылықтар жер бетінен жойылған
Достарыңызбен бөлісу: |