Байланысты: Мәліметтер қоры және мәліметтер қорын басқару жүйесіі
1. Мәліметтер қоры және мәліметтер қорын басқару жүйесі
Мәліметтер қорының негізгі түсініктері және мәліметтер қорын басқару жүйесіне шолу
Мәліметтер қоры дегеніміз ақпаратты сақтауға және жинақтауға арналған ұйымдасқан құрылым. Ең алғаш мәліметтер қоры ұғымы жаңадан қалыптасқан кезде онда шындығында мәліметтер сақталады. Бірақ қазіргі кездегі көптеген мәліметтер қорын басқару жүйелері өздерінің құрылымдарында тек мәліметтерді ғана емес, сонымен қатар олардың тұтынушымен және басқада ақпараттық - бағдарламалық кешендермен қарым-қатынасының әдістерін қамтиды. Сондықтан біз қазіргі заманғы мәліметтер қорында тек мәлеметтер ғана емес, ақпаратта сақталады деп айта аламыз.
Мәліметтер қорын басқару жүйесі жаңа мәліметтер қорын құруға, оны мәліметтермен толтыруға, оның мазмұнын редакциялауға, оларды реттеуге, безендіруге және баспа құрылғыларына шығаруға немесе байланыс арналарына жөнелтуге арналған бағдарламалық құралдар кешені.
Дүние жүзінде мәліметтер қорын басқару жүйесінің түрлері өте көп. Олардың әрбіреуінің түрлі объектілермен жұмыс істеу ерекшеліктеріне, қолданушыға ұсынатын қызмет түрінің өзгешелігіне қарамастан, оларда ортақ ұғымдар кешені қалыптасқан. Солардың ішіндегі Microsoft Office бағдарламасының құрамына енетін Microsoft Access 2000 мәліметтер қорын басқару жүйесін таңдадым.
Мәліметтер базаларын басқарудың жүйесі бағдарламалық жүйе деп аталады, көптеген міндеттерді шешу үшін пайдаланылатын мәліметтердің жалпы базасын ЭЕМ-да құру үшін тағайындалады. Мұндай жүйе өзекті жағдайда мәліметтер базасын қолдау үшін қызмет етеді және пайдаланушыларға берілген өкілеттіктер шеңберінде ондағы мазмұндалған мәліметтерге тиімді қол жеткізуді қамтамассыз етеді.
МҚБЖ бұл жүйеде барлық еңбек етушілердің мүддесіне мәліметтер базасын орталықтандырылған басқару үшін белгіленеді.
Әмбебаптық дәрежесі бойынша МҚБЖ екі класқа айырылады:
• жалпы тағайындау жүйесі;
• мамандандырылған жүйе;
Жалпы тағайындалған МҚБЖ әлдебір пәндік салаға немесе әлдебір пайдаланушылар тобының ақпараттық тұтынушылығына бейімделмейді. Мұндай түрдегі әрбір жүйе белгілі бір операциялық жүйеде ЭЕМ үлгісінің кейбір функциялауға қабілетті бағдарламалық өнім ретінде іске асырылады және коммерциялық ұйым ретінде көптеген пайдаланушыларға жеткізіледі. Мұндай МҚБЖ нақты мәліметтер базасының жұмысқа бейімделу құралдарына ие. Жалпы тағайындалған МҚБЖ мәліметтер базасының технологиясының негізделген автоматтандырылған ақпаратты жүйені құру үшін аспаптық құрал ретінде өңдеу мерзімін елеулі қысқартуға, еңбек ресурстарын үнемдеуге мүмкіндік береді. Мұнымен МҚБЖ функционалдық мүмкіндіктерін дамыту және тіпті белгілі бір функционалдық артықшылыққа тән.
Мамандандырылған МҚБЖ жалпы тағайындалған МҚБЖ-на пайдалану мүмкін болмағанда немесе мақсатқа сай келмеген сирек жағдайда құрылады.
Жалпы тағайындалған МҚБЖ — ақпараттық жүйедегі мәліметтер базасын құру және пайдалануға байланысты функциялардың барлық жиынтығын орындау үшін белгіленген күрделі бағдарламалық кешен.
Бағдарламалық комплекс бағдарламалық қамтамассыз ету рыногы жалпы тағайындалған мәліметтер базасын басқарудың коммерциялық жүйесінде өзінің функционалдық мүмкіндіктері бойынша саналуан үлкен санын иеленеді, сондай-ақ барлық бұқаралық машиналар үлгілері үшін және түрлі операциялық жүйе үшін олардың құралдарымен іс жүзінде қоршалған. Қазіргі кезде пайдаланып жүрген МҚБЖ мәліметтердің тұтастығы мен қауіпсіздігінің сенімділігін қамтамасыз ету құралдарына ие, бұл өңдеушілерге төмен деңгейдегі бағдарламалауда аз күш жұмсап, мәліметтердің үлкен қауіпсіздігіне кепілдік береді. Өңдеушілілерге бейімделген МҚБЖ қосымшалар жасау үшін дамыған құралдарды иеленеді. Өңдейтін аспаптар жинағының элементтеріне мыналарды жатқызуға болады:
• бағдарламалаудың қуатты тілі;
• мәзірді, мәліметтерді енгізу - шығарудың экрандық түрлері және есеп берушіліктің таралу құралдары;
• файлдарды орындайтын таралу (қолданбалы бағдарлама);
• қосымшалардың таралу құралдары;
Мәліметтер үлгілерінің функционалдық мүмкіндіктері оның тілдік құралдарының арқасында МҚБЖ пайдаланушыға жеткізіледі.
Интерфейстердің тілдік құралдарын іске асыру түрлі әдістермен жүзеге асырылуы мүмкін. Жоғары квалификациялы пайдаланушылар үшін (күрделі қолданбалы жүйені өңдеушілер) тілдік құралдарына бәрінен бұрын олардың нақ синтаксистік түрі ұсынылады. Басқа жағдайларда тілдердің функциясына жанама түрде қол жеткізілуі мүмкін, онда олар мәзірдің түрлі түрі, диалогтық сценарийлер немесе пайдаланушы толтыратын кесте түрімен іске асырылады. Осындай ену мәліметтері бойынша интерфейстік құралдар интерфейс тілінің теңбе - тең синтаксистік конструкциясын қалыптастырады және оларды орындауға береді немесе таралатын қосымшаның бағдарламалық кодына қосылады. Интерфейсті тілді жасырын пайдалануымен жеке ЭЕМ үшін МҚБЖ кеңінен пайдаланылады. Мұндай тілдің мысалы QBE (Query - By - Example) тілі болып табылады.
Тілдік құралдар екі негізгі функцияны орындау үшін пайдаланылады:
- мәліметтер базасын ұсынуды суреттеу;
- мәліметтердің күрделі әрекет операцияларын орындау;
Бұл функциялардың біріншісі мәліметтердің тілдік суреттеуімен (МТС, анықтау). МТС құралдарымен мәліметтердің базаларын суреттеу мәліметтер базасының схемасы деп аталады. Ол мәліметтер базасының құрылымын суреттеумен және МҚБЖ - да пайдаланылатын мәліметтер үлгісімен реттелетін сол ережелер шеңберінде оларға салынатын тұтастықты шектеулерді қосады. Бірқатар МҚБЖ-нің МТС-ін мәліметтерге қол жеткізудің шектеу міндеттерінің мүмкіндіктерін немесе пайдаланушылардың өкілеттілігін қамтамасыз етеді.
МТС дербес тіл ретінде әрдайым синтаксистік толтырыла бермейді. Ол мәліметтерді анықтау мүмкіндіктерін және мәліметтерді манипуляциялауды үйлестіретін мәліметтердің бірыңғай тілінің құрамдас бөлігі бола алады.
Мәліметтердің күрделі әрекет тілі (МКТ) мәліметтер базасынан мәліметтерге операция жүйесінде қарастырылғанды сұрастыруға мүмкіндік береді.
Мәліметтерді суреттеу мүмкіндігін және бірыңғай синтаксистік шеңберде мәліметтерді күрделі әрекетін біріктіретін МҚБЖ (СУБД) тілдерінің көптеген мысалдары бар. Мұндай түрдегі танымал тіл SQL реляциялық тілі болып табылады. Access Basic бағдарламалау тілі OLE 2.0 - ге сиыстырылатын басқа қолданбалы бағдарламалар нысандарын басқаруға мүмкіндік беретін OLE 2.0 хаттамасы бойынша байланысты қамтамасыз етеді. Одан басқа, бұл тіл мәліметтер (сұраныс, кесте) базаларының нысанын құруға, мәліметтер базаларының құрылымдарын өзгертуге және тікелей қолданбалы бағдарламалардан индекстер жасауға мүмкіндік береді.
1.2. Мәліметтер қорын басқару жүйесінің объектілері
Microsoft Access 2000 мәліметтер қорын басқару жүйесі жеті түрлі объектілерді құруға және қолдануға мүмкіндік береді.
Кестелер. Бұл кез-келген мәліметтер қорының негізгі объектісі болып табылады. Біріншіден, кестелерде мәліметтер қорындағы барлық ақпарат сақталады, екіншіден кестелер мәліметтер қорының құрылымын анықтайды.
Кесте құру үшін МҚ терезесін ашып, кестелер құру командасын беру керек. Жаңа кесте сұхпаттық терезесі көрінеді. Онда кесте құрудың 3 әдісі бар:
1. Кесте режимі
2. Кестелер шебері
3. Конструктор
Кестені қолдан құру технологиясы:
"Жаңа кесте" терезесінен "Кесте режимі" қатарын таңдап "ОК" батырмасын шерту керек. Ретімен оның Өріс 1, Өріс 2,... тақырыптарын екі рет шертіп, олардың орнына құрылатын кестенің өріс тақырыптарын енгізу.
Ұяшықтарға жазу элементтерін енгізу. Кесте не басқа МҚ объектілерінің берілгендері перне тақтадан енгізіліп, бекітілген сайын Access оларды автоматты түрде сақтап қояды.
Кесте құрудың келесі әдісі - "Кесте шебері" ішкі бағдарламасы арқылы автоматты түрде құру.
Кесте конструкторын түрлі әрекеттер үшін пайдалануға болады:
- өріс атауын өзгерту;
- өріс типін өзгерту;
- өріс өлшемі мен форматын қайта орнату;
- жаңа өріс қосу, өрісті кілттік ету;
- жаңа кесте құру; өрісті индекстік ету және т.б.;
Әр кестенің өз құрылымы бар. Құрылым оның өрістер құрамы мен олардың қасиеттерінен тұрады. Өрістің негізгі қасиеттері - оның типі мен өлшемі. Access құрылған кестенің өріс қасиеттерін автоматты түрде орнатып қояды. Қажет болса, оны қолдан өзгертуге де, ал жаңа кесте үшін қолдан орнатуға да болады.
Сұраныс. Бұл объекті кестедегі мәліметтерді қолданушыға ыңғайлы түрде шығарып береді. Сұраныстың көмегімен мәліметтерді сұрыптау, сүзгілеу амалдары орындалады. Сұраныстың көмегімен бұрыннан бар кестенің негізінде жаңа кесте құрылады, басқа мәліметтер көзінен импортталады, кестелерде қарапайым есептеулер жүргізіледі. Жай кестелермен жұмыс істегенде кез-келген уақытта ондағы мәліметтерді байқаусызда жоғалтып алуымыз мүмкін. Ал сұраныстың көмегімен ол кестелерге қатынау шектелінеді.
Сұраныстың ерекшелігі – олар негізгі кестелердегі мәліметтердің негізінде уақытша қорытынды кесте құрады. Негізгі кестемен жұмыс істегенде біз қатқыл дискімен жұмыс істейміз, ал оған кез-келген кезде қатынау көп уақытты алады. Ал сұраныстың көмегімен алынған уақытша кестеде біз тек экрандағы бейнемен жұмыс істейміз, ал оған қатынау тез уақытта жүзеге асырылады.
Реттелген кестелік құрылымдардың ең басты кемшіліктері – оны жаңарту, яғни оған қосымша жаңа жазбалар енгізу болып табылады. Себебі, ол кезде бүкіл кестенің реті бұзылады, оны қайта құру қажет болады.
Мұндағы негізгі кестеден ешқандай реттілік талап етілмейді. Жазбалар негізгі кестеге түсу ретімен енгізіле береді. Егер қолданушы қандайда бір шарттармен сұрыпталған, сүзгіленген мәліметтер алғысы келсе, онда ол сәйкес сұранысты пайдаланады. Егер қажетті сұраныс болмаса онда ол жобалаушыға тапсырыс береді.
Қалыптар. Егер сұраныстар мәліметтерді сұрыптау мен анализдеудің арнаулы құралдары болса, ал қалыптар мәліметтерді енгізу құралы болып табылады. Оның мәні мынада – ол қолданушыға тек толтыруға рұқсат етілген өрістерді толтыру құралдарын ұсынады.
Қалыптардың көмегімен мәліметерді экранға бейнелеп беруге болады. Сұраныстың көмегімен де мәліметтерді бейнелеуге болады, бірақ қалыптың көмегімен экранға шығарылған мәліметтерді безендіруге болады. Ол үшін мәліметтерді енгізу кезінде арнаулы безендіру құралдарын қолдану қажет.
Қалып құрудың 3 тәсілі бар:
1. Автоқалып (қалыпты автоматты түрде құру).
2. Қалыптар шебері (қалыпты жартылай автоматты түрде құру).
3. Қолдан құру (конструктор режимі арқылы).
Автоқалып - кестені автоматты түрде қалып түрінде көрсетудің қарапайым түрі. Автоқалып жазуларын түзетуге және оған жаңа жазулар қосуға болады.
Автоматты түрде қалып құрудың екінші тәсілі - "Қалыптар шебері" бағдарламасын пайдалану. Бұл қалыпты көріп шығу үшін ашылған түрін редакциялауға және оған жаңа жазулар енгізуге болады.
Есептер. Өзінің қасиеттері мен құрылымы жағынан есептер қалыпқа өте ұқсас келеді, бірақ олар мәліметтерді тек баспаға шығаруға арналған. Сондықтан есептерде баспа құжаттарына арналған арнаулы безендіру элементтері бар (жоғарғы және төменгі колонтитулдар, беттердің көшірмелері, есептің құрылуы жайындағы мәліметтер).
Беттер. Мәліметтер қорының осы арнаулы объектілері тек Microsoft Access 2000-да ғана жүзеге асырылған. Бұл – Web-бетте орналастырылатын және қолданушыға сол Web-беттен берілетін, HTLM кодында жазылатын өте айрықша объект. Жеке өзін алсақ бұл объект мәліметтер қоры болып есептелінбейді, бірақ ол сервердегі мәліметтер қорын жіберілген Web-бетпен байланыстырылатын компоненттерді қамтиды. Осы компоненттерді қолдана отырып Web-тораптағы қолданушы мәліметтер қорындағы жазбаларды көре алады.
Макростар мен модульдер. Бұл категориядағы объектілер осы МҚБЖ-мен жұмыс істеу кезінде қайталанатын операцияларды автоматтандыруға және бағдарламалау арқылы жаңа функцияларды құруға арналған Microsoft Access мәліметтер қорын басқару жүйесіндегі макростар МҚБЖ-нің ішкі командалар тізбегінен тұрады және мәліметтер қорымен жұмыс істеуді автоматтандыру құралы болып табылады. Модульдер сыртқы программалау құралдарының көмегімен құрылады.
1.3. Мәліметтер типі, мәліметтер қорының мүмкіншіліктері
Мәліметтер типі
Мәліметтер қорының кестесі көптеген мәліметтер типімен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Олар:
Мәтіндік (Текстовый) - өлшемі арқылы кәдімгі мәтіндік ақпаратты сақтауға арналған мәліметтер типі (255 символға дейін);
МЕМО өрісі (Поле МЕМО) – (65535 символға дейінгі) үлкен көлемді мәтінді сақтауға арналған мәліметтер типі. Шын мәнінде мәтін өрісте көрсетілмейді, ол мәліметтер қорының басқа жерінде сақталады да, өрісте оның тұрған жері көрсетіледі, бірақ қолданушыға мұндай айырмашылық білінбейді;
Сандық (Числовой) – нақты сандарды сақтауға арналған мәліметтер типі;
Мерзімі/уақыты (Дата/время) – күнтізбе бойынша күнін, айын және уақытты сақауға арналған мәліметтер типі;
Қаржылық (Денежный) – қаржылық шаманы сақтауға арналған мәліметтер типі;
Санауыш (Счеттик) – жазбаларды автоматты түрде нөмірлеуге арналған мәліметтер типі;
Логикалық – логикалық мәліметтерді сақтауға арналған тип (Иә немесе Жоқ деген мәндерді қабылдайды);
OLE объектілер өрісі (Поле OLE) - әр түрлі объектілерді (мультимедиалық, графикалық, символдық) сақтауға арналған мәліметтер типі. Бұл да МЕМО өрісі сияқты басқа жерде сақталады, OLE объектілер өрісінде оның тұрған жері көрсетіледі;
Гиперсілтеме (Гиперссылка) – Интернеттің Web-объектілерінің URL-адрестерін сақтауға арналған өріс. Сілтемені тышқанның батырмасымен шерткенде автоматты түрде броузер жүктелініп, терезеге Web-объекті шығады;
Ауыстырулар шебері (Мастер подстановок) – бұл арнаулы емес мәліметтер типі. Бұл объектінің көмегімен мәліметтерді енгізуді автоматтандыруды дайын тізімнен таңдап алатындай етіп ұйымдастыруға болады.
Өрістер МҚ құрылымын ғана емес сонымен қатар топтық қасиеттерін де анықтайды. Төменде Microsoft Access мәліметтер қорын басқару жүйесіндегі кесте өрісінің негізгі қасиеттері келтірілген:
Өріс атауы (наименование поля) – мәліметтер қорына автоматтандыру операцияларын қолданғанда осы өрістің элементтеріне қандай қатынаста болу керектігін анықтайды (жалпы жағдайда өріс атауы кесте бағандарының тақырыптары ретінде қолданылады);
Өріс типі (Тип поля) – берілген өрістегі мәліметтер типін анықтайды;
Өріс өлшемі (Размер поля) – берілген өріске енгізілетін символдардың ақырғы ұзындығын анықтайды;
Енгізу қалқасы (Маска ввода) – енгізудің түрін анықтайды (енгізуді автоматтандыру құралы);
Қолтаңба (Подпись) – берілген өріс үшін кесте бағанының тақырыбын анықтайды (егер қолтаңба көрсетілмесе, онда баған тақырыбына өріс атауы қасиеті пайдаланылады);
Үнсіз келісім бойынша қабылданатын мән (Значение по умолчанию) – ұяшыққа автоматты түрде енгізілетін мән (енгізуді автоматтандыру құралы);
Мәнге қойылатын шарт (Условние на значение) – мәліметтерді енгізудің дұрыстығын тексеру үшін қолданылатын шектеу;
Қате туралы хабар (Сообщение об ощибке) – қате мәліметтерді енгізу кезінде пайда болатын ескерту (Мәнге қойылатын шарт қасиеті берілген кезде тексеру автоматты түрде жүзеге асырылады);
Міндетті өріс (Объязательное поле) – мәліметтер қорын толтырғанда берілген өрісті міндетті түрде толтыру қажеттігін анықтайтын қасиет;
Бос жолдар (Пустые строки) – бос жолдан тұратын мәліметтерді енгізуге рұқсат беретін қасиет;
Индекстелген өріс (Индексированное поле) – егер өріске осы қасиет берілсе, онда осы өрісте сақталынған жазбаларды сұрыптаумен, іздестірумен байланысты амалдар жылдамдатылады. Индекстелген өрістер үшін жазбалардағы мәндердің қайталануын тексеруді ұйымдастыруға болады.
Жоғарыда айтылған өрістер қасиеті негізінен мәтіндік типті өріске қатысты. Бұдан басқа типті өрістер осы қасиеттерге ие болу және болмауы да мүмкін. Өрістердің кейбір типтері тек өздеріне ғана тән қасиеттерге ие бола алады. Мысалы, нақты сандармен берілген мәліметтерге ғана тән қасиет – үтірден кейінгі белгілер санын көрсету. Ал суреттерді, бейнеклиптерді, дыбыстық жазбаларды сақтауға арналған өрістер бұл қасиеттердің көбіне ие бола алмайды.
Модельдердің түрлері. Берілгендер құрылымының байланыстарын атрибуттарын көрсету әдісі мәліметтер моделі деп атайды. Негізінен 4 мәлімет модельдері бар. 1. тізім, 2. реляциялық, 3. иерархиялық, 4. желілік.
1. Тізім – ең қарапайым тип. Мұнда мәліметтер сызықтық тізбек түрінде болады.
2. Ағаш тәрізді иерархиялық құрылым кеңінен қолданылады. Олар мәліметтердің графикалық және кестелік түрінде болады. Ал олардың арасындағы байланыстарды көрсету үшін доға пайдаланады. Иерарахиялық модель негізгі шектеулері.
1) барлық байланыс түрлері функционалды болу керек (1:1,1:М)
2)байланыс құралдар ағаш тәрізді байланысты бағдарламадан графика. Мұнда циклдар болмайды. Әдетте нақты бір төбені белгілеп оны түбір деп қарастырамыз.
3) 70 жылдары реляциялық модельдердің теориялық зерттеу басталған. Дербес ЕЭМ-дер пайда болғаннан кейін осы модель басым пайдаланылған. Реляциялық модельде мәлімет кестелер түрінде береді. Ал кестеде амалдар, қасиеттер орындалады.
4) Желілік моделдер мәліметтің графикалық түріне негізделеді. Графикалық төбелері мәндер түрін көрсетеді, ал доға байланысты болғанын көрсетеді. Желілік модель иерарахиялық модельге қарағанда бірден көп түбірлері болуы мүмкін болады.
Мәліметтер қорының мүмкіншіліктері:
1. Мәліметтер қорын анықтау- (DDL- мәліметтерді анықтау тілі, текст, счетчик, числовой т.б)
2. Мәліметтер қорына енгізу өңдеу жою т.б амалдарды жасау (DML- мәліметтерді басқару тілі арқылы жүргізіледі) (delete, insert, home, end т.б)
3. МҚ –на кіруді басқаруға рұқсат беру.
МҚБЖ-ның артықшылықтары:
1. Мәліметтердің артықшылығын бақылау.
2. Мәліметтердің сәйкестілігін сақтау.
3. Мәліметерді бірігіп пайдалану.
4. Бүтінділікті сақтау.
5. Жоғары дәрежедегі қауіпсіздік.
6. Мәліметтердің стандарттары.
7. Жүйенің көлемінің өсуіне байланысты тиімділіктерін сақтау.
8. Қарама-қарсы талаптарды жою
9. Мәліметтерге кіруді жеңілдету.
10. Өнімділікті арттыру.
11. Мәліметтерді тәуелсіздік есебінен жүйені ұйымдастыруды жеңілдету.
12. Параллельді басқару.
13. Резервті көшіру және қалпына келтіру құралдары.
МҚБЖ-ның кемшіліктері:
1. Күрделілік
2. Көлем
3. МҚБЖ-ның бағасы.
4. Қосымша шығындар көп болады.
5. Өңдеу шығындары.
6. Өнімділік.
7. Істен шыққанда пайда болатын жағдайлар.
Деректор қорының қауіпсіздігі және тұтастығы.Мәліметтер қорының қауіпсіздігі – МҚ-ны кез келген әдейі немесе әдейі емес қауіптерден түрлі компьютерлік құралдар арқылы сақтауын қамтамасыз ету. Сақтау тек қана мәліметтерге ғана қатысты емес, олар жүйенің басқа да бөліктерінде болуы мүмкін. Мәліметтер қорын сақтауға пайдаланылатын құрал жабдықтар бағдарламамен қамтамассыздандыру, персонал және мәліметтердің өздері де кіреді. Қорғауды тиімді іске асыруда жүйенің пайдалану ерекшелігіне байланысты нақты талаптарға сәйкес бақылау құралдары қажет. Берілгендерді қорғау мәселесі қазіргі уақытта өзекті мәселелердің бірі. Осындай жағдай көп көлемді корпарациялық мәліметтердің істен шығунан олар кризиске ұшырауына байланысты. МҚ-ны сақтаудың мынадай проблемалары бар: 1. берілгендерді ұрлау және фальсификация; 2. Құпияның ашылуы; 3. Жеке берілгендерге біруді бұзу; 4. Бүтінділікті жоғалту; 5. Кіру мүмкіншілігінен айрылу.
ДҚ-ның тұтастылығы - әрбір атрибут жеке бір доменмен байланысты болғандықтан әрбір аттрибуттың мәндер жиынтығының қатынастары сол доминнің шектеулерімен анықталады. Одан басқа тағы да 2 тұтастылықтың маңызды ережелері бар: олар МҚ-ның барлық мүмкін болатын күйлері болады. Реалияциялық моделдің 2 ережесі мәндердің (сущность) тұтастығы деп аталады. Мәндердің тұтастығы – ол алғашқы кілттің кез – келген аттрибуты бос мәндерге ие болмайды. Осы ереже алғашқы кілт кортеждердің жеке – даралығын сақтайтын идентификатор екендігін көрсетеді сондықтан алғашқы кілттің ешқандай жиынтығы кортеждің даралығын сақтауға жеткілікті емес болады. Екінші шектеу – сыртқы кілттерге қатысты. Сілтемелік тұтастық мына жағдайларда пайда болады. Егер МҚ-да сыртқы кілт бар болса, онда сыртқы кілттің мәні не кортеждің потенцияллдық кілтіне сәйкес, не бос болуы керек.
«Азия құрлығындағы мемлекеттер» мәліметтер қорын құру
2.1. Азия мемлекеттері туралы мәлімет
Азия — Жер шарының ең үлкен бөлігі. Еуропамен қосылып Еуразия құрлығын құрайды. Ассириялықтар тілінде Азия – асу, шығыс деген мағынаны білдіреді. Еуропамен арадағы шартты шекарасы Орал тауының шығыс етегі, Ембі өзені, Каспий теңізі, Кума-Маныч ойысы, Азов және Қара теңіздер, Босфор бұғазы, Мәрмәр теңізі, Дарданелл бұғазы арқылы өтеді. Ауданы 43,4 млн. км2 (бүкіл құрлықтың 30%-ы). Оңтүстік-батыста Суец мойнағы Азияны Африкамен жалғастырады; Солтүстік Америкадан Беринг бұғазымен бөлінеді. Оңтүстігінде құрлыққа Малай топаралы кіреді. Таяу аралдардың жалпы ауданы 2 млн. км2-ден асады. Жағалауы аз тілімденген. Құрлықтың орталық бөліктері мұхиттардан 2 – 2,5 мың км қашықтықта орналасқан. Ең ірі түбектері: Таймыр, Чукча, Камчатка, Корей, Үндіқытай, Үндістан, Арабия, Кіші Азия. Құрлықтың шеткі нүктелері: солтүстігінде – Челюскин мүйісі, оңтүстігінде Пиай мүйісі, батысында Баба мүйісі, шығысында Дежнев мүйісі.
Азия дүние бөліктерінің ішінде абсолюттік биіктігі жағынан (Эверест шыңының биіктігі 8848 м) 1-орында, орташа биіктігі жағынан Антарктида құрлығынан кейінгі 2-орында (950 м). Жерінің 75%-ы таулар мен тау үстірттері. Олар басты екі белдеуді құрайды. Ендік белдеуі Кіші Азия түбегінен Тынық мұхит жағалауына дейін созылған. Мұндағы ең биік таулар мен тау қыраттары Орталық Азияға шоғырланған. Олар: Памир, Тянь-Шань, Тибет тау қыраты, Гималай, Гиндукуш, Қарақорым. Гималай тауының шыңдары 7 – 8 мың метр және одан да биік болып келеді. Солтүстік шығыс белдеуі Тян-Шань тауынан Чукча түбегіне дейін созылады. Бұған кіретін таулар ендік белдеуге қарағанда көне әрі аласа болып келеді. Солтүстік-шығыс белдеуден батыс және шығыс жаққа қарай орташа, аласа таулар мен тау үстірттері тарайды. Ең ірісі: Орта Сібір таулы үстірті. Құрлықтың шығыс жағында бұл екі белдеуден оқшау солтүстіктен оңтүстікке қарай Коряк таулы қыраты, Камчатка таулары, Сихотэ-Алин, Корей таулары, Наньмин, Аннам тау қыраты тізбектеліп орналасқан. Азияның жалпы аумағының 25%-ы жазықтар. Оның ең ірілеріне Батыс Сібір, Тұран, Ұлы Қытай, Үнді-Ганг, Месопотамия жазықтары жатады.
Тас көмірдің ірі кен орындары Сібірде (Кузнец, Минуса, Лена, Кан, Иркут), Қазақстанда (Қарағанды), Қытайда, Үндістанда бар. Азияда мұнайдың дүниежүзілік қорының жартысынан астамы шоғырланған. Негізгі мұнай-газ аудандары: Батыс Сібір, Каспий маңы ойпаты, Кавказ, Маңғыстау, Орта Азия, Парсы шығанағы төңірегі, Малай топаралы, Солтүстік және Батыс Қытай. Темір кені мен түсті металдар Азияның таулы, қыратты аймақтарында кездеседі. Фосфориттің мол қоры Қаратауда (Қазақстан), боксит кені Торғай даласында (Қазақстан), Краснояр өлкесінде, Үндістанда, Мъянмада, Индонезияда, алмаздың ірі кен орны – Саха-Якутияда.
Азия Cолтүстік жарты шардың барлық климаттық белдеулерін алып жатыр. Көп жерінде, әсіресе ішкі аудандарда, континенттік климат басым. Оңтүстігі мен шығысында климат муссонды. Батыс, Орта, Орталық Азия жазықтарына шөл және шөлейт климат тән. Биік тау қыраттары мен тау бастарын суық шөл климаты алып жатыр. Малакка түбегі мен Үлкен Зонд аралдарының климаты экваторлық. Қыста ең төмен температура солтүстік-шығыс Сібірде байқалады. Верхоян жотасы мен Оймяконда қаңтар айының орташа температурасы –50ӘС, кейде ең төмен температура –70ӘС-қа дейін жетеді. Экваторлық өңірде қаңтардың орташа температурасы 25ӘС-қа дейін өседі. Жазғы температура ендікке байланысты өзгеріп отырады. Шілденің орташа температурасы тундраның оңтүстік шекарасында 10ӘС, ал 55Ә – 60Ә солтүстік ендіктерде 20ӘС, тропиктік, экваторлық белдеулерде 25 – 28ӘС-қа дейін жетеді. Азияның оңтүстік, оңтүстік-шығыс шеткі аймақтары өте ылғалды келеді. Гималайдың оңтүстік етегіндегі Черрапунджи өңірінде жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 12665 мм (Жер шарындағы ең ылғалды аудан). Экваторлық белдеуде жылына 2000 мм жауын-шашын түседі. Субэкваторлық белдеудегі таудың ық жақ беткейлерінде ылғал мөлшері күрт азайып, 1000 мм-ден аспайды. Ал климаты субтропикті және қоңыржай теңізді аймақтарда 600 – 1000 мм, Сібірдің басым көпшілік жерінде 300 – 500 мм, тундрада 150 – 200 мм, Алдыңғы, Орта және Орталық Азия шөлдерінде 100 – 150 мм, кей жерлерде одан да аз болады.
Кавказ, Памир, Тянь-Шань, Гималай, Қарақорым, Гиндукуш, т.б. тауларда мұздықтар таралған (жалпы ауданы 120 мың км2). Мұздықтар өзендердің толығуына аса маңызды орын алады. Құрлықтың ішкі суларының 60%-ы сыртқы, 40%-ы ішкі тұйық алапқа орналасқан. Солтүстік мұзды мұхитқа Объ, Енисей, Лена, Яна, Индигирка, Колыма, Тынық мұхитқа Амур, Хуанхе (Сары өзен), Янцзы (Көгілдір өзен), Меконг, Үнді мұхитына Брахмапутра, Ганг, Инд, Шатт-әл-Араб өзендері құяды. Ішкі тұйық алаптағы өзендердің ең ірілері: Еділ, Кура, Әмудария, Жайық, Сырдария, Іле. Экваторлық белдеудегі өзендердің суы жыл бойы мол болады. Шығыс және Оңтүстік Азия өзендері теңіздік жаңбырға байланысты бүкіл жаз бойы тасиды. Жерортатеңіздік Батыс Азия өзендерінің суы қыста молаяды. Ішкі тұйық алаптың биік тау басындағы қар мен мұздан бастау алатын өзендер жазда қатты тасиды. Құрлықтың ірі өзендері жол қатынасына және жер суаруға ежелгі заманнан бері пайдаланылып келеді. Азияда көл көп. Ең ірілері – Каспий мен Арал теңіздері. Тектоникалық ойыстарда Байкал, Зайсан, Ыстықкөл, Өлі теңіз, Хубсугул, Кукунор, Алтынкөл орналасқан. Биік таулы аймақтарда мұздық әрекетінен пайда болған ұсақ көлдер бар. Жанартау әрекетіне байланысты көлдер Камчаткада және Тынық мұхит жағалауындағы аралдарда, карст көлдері Загрос таулары мен Орталық Азия таулы қыраттарында, термокарст көлдері Сібірде көп. Шөлді белдемдегі көлдер әдетте тұзды болып келеді.
Өсімдігі алуан түрлі, құрамында реликтер мен эндемиктер көп. Солтүстік мұзды мұхит жағалауында арктикалық, мүкті-қыналы тундра тараған. Солтүстік Азияда орман өте кең алқапты қамтиды, оның көп жерін тайга (батысында шырша, майқарағай, самырсын, шығысында балқарағай мен қарағай өседі) алып жатыр. Қиыр Шығыстың аралас және жалпақ жапырақты ормандары өсімдік түріне бай. Орман белдемінен оңтүстікке қарай орманды дала белдемдері (Батыс Сібірдің оңтүстігі, Солтүстік Монғолия, Байкал сырты, Солтүстік-шығыс Қытай) өтеді. Орта және Орталық Азияда шөл өсімдігі басым. Тибет пен Памирдегі тау басын суық шөл алып жатады. Субтропиктік шөл, шөлейт және құрғақ дала өсімдігі Иран, Кіші Азия таулы қыраттарында, Месопотамияның солтүстік бөлігінде өседі. Месопотамияның оңтүстігі мен Араб түбегі тропиктік шөлге жатады. Субтропиктік белдеудің батыс жағына қарай, Кіші Азиядағы теңіз жағалауында негізінен маквис және мәңгі жасыл еменнен тұратын жерортатеңіздік өсімдіктер өседі. Тынық мұхит жағалауында қоңыржай белдеудің ормандары субтропиктік орманға ауысады (мәңгі жасыл ағаштар – магнолия, лавр, емен, камфора, тунг ағашы, кипарис, т.б.). Малакка түбегі мен Малай топаралында мәңгі жасыл ылғалды тропиктік қалың орман (гилея) өседі. Оның тауларындағы өсімдіктер биіктік белдеулерін құрайды. Солтүстік Азияда тау тайгасы мен тау тундрасы, Орта және Орталық Азияда тау даласы мен шөлі, Оңтүстік Азияда тропиктік тау орманы басым.
Тундрада жануарлардың түрі аз. Орман белдемінде сүтқоректілерден: бұлан, бұлғын, қоңыр аю, сілеусін, тиін, борша тышқан, сасық күзен; құстардан: саңырау құр, тоқылдақ, бұлдырық, шырша торғай, жапалақ, т.б. мекендейді. Құрлықтың шығысы жануарлар түріне өте бай. Мұнда тайганың, жалпақ жапырақты орманның және субтропиктік аймақтың жануарлары өмір сүреді. Дала мен шөл жануарлары Кіші, Алдыңғы, Орта және Орталық Азияда, Солтүстік-батыс Үндістанда тараған. Әсіресе кемірушілердің түрі көп. Батыс жағын жерорта-теңіздік жануарлардан: қабылан, гепард, қорқау қасқыр, жайра, т.б. мекендейді. Өзен бойы тоғайларында жолбарыс, Солтүстік-батыс Үндістанда арыстан сақталған. Құрлықтың субэкваторлық және экваторлық ендіктерінде Үнді-Малай жануарлары (піл, орангутан, гиббон, макака, лемур, тупайя, тапир, мүйізтұмсық, жолбарыс, аю, қабылан, т.б.) басым. Құстардың түрі көп. Жорғалаушылардан алып ешкіемер, қолтырауын, өте улы көзілдірікті жылан, питон (ұзындығы 8 – 10 м) көп тараған.
Құрлық аумағының солтүстігін Ресей мемлекеті алып жатыр. Ал батысын Кипр, Түркияның негізгі бөлігі, Иран, Ауғанстан, Сирия, Ливан, Израиль, Иордания, Ирак, Кувейт, Сауд Арабиясы, Бахрейн, Катар, Біріккен Араб Әмірлігі (БАӘ), Оман, Йемен Араб Республикасы (ЙАР), Йемен Халық Демократиялық Республикасы (ЙХДР) сияқты Таяу және Орта Шығыс Азия мемлекеттері құрайды. Оңтүстік Азия мемлекеттеріне Пәкстан, Үндістан, Бангладеш, Шри-Ланка, Бутан, Непал, Мальдив Республикасы; Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттеріне Мъянма, Таиланд, Малайзия, Сингапур, Лаос, Камбоджа, Вьетнам, Филиппин, Индонезия, Бруней, Шығыс Тимор; Орталық Азия мемлекеттеріне Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Тәжікстан, МХР енеді. Шығыс Азияны ҚХР, КХДР, Оңтүстік Корея, Жапония мемлекеттері құрайды.
Жалауларымен бірге аймақтар мен территориялар аты
Аумағы
(km²)
Халық саны
(1 July 2002est.)
Жұрт тығыздығы
(per km²)
Астаналары
Орталық Азия:
Қазақстан
2,346,927
16,972,893
5.7
Астана
Қырғызстан
198,500
4,822,166
24.3
Бішкек
Тәжікстан
143,100
6,719,567
47.0
Душанбе
Түрікменстан
488,100
4,688,963
9.6
Ашхабад
Өзбекстан
447,400
25,563,441
57.1
Ташкент
Шығыс Азия:
Қытай
9,584,492
1,384,303,705
134.0
Бейжің
Гонконг
1,092
7,303,334
6,688.0
Виктория-Сити
Жапония
377,835
126,974,628
336.1
Токио
Макао
25
461,833
18,473.3
—
Моңғолия
1,565,000
2,694,432
1.7
Ұлан-Батыр
Солтүстік Корея
120,540
22,224,195
184.4
Пхеньян
Оңтүстік Корея
98,480
48,324,000
490.7
Сеул
Тайвань
35,980
22,548,009
626.7
Тайпей
Солтүстік Африка:
Мысыр
980,869
80,335,036
21.7
Каир
Солтүстік Азия:
Ресей
13,115,200
139,129,729
3.0
Мәскеу
Оңтүстік-шығыс Азия:
Бруней
5,770
350,898
60.8
Бандар Сери Бегауан
Камбоджия
181,040
12,775,324
70.6
Пномпен
Шығыс Тимор
15,007
952,618
63.5
Дили
Индонезия
1,419,588
227,026,560
159.9
Джакарта
Лаос
236,800
5,777,180
24.4
Vientiane
Малайзия
329,750
27,662,365
68.7
Куала Лумпур
Мьянма (Бирма)
678,500
42,238,224
62.3
Naypyidaw
Филиппиндер
300,000
84,525,639
281.8
Манила
Сингапур
704
4,483,900
6,369.0
Сингапур
Таиланд
514,000
62,354,402
121.3
Бангкок
Вьетнам
331,690
87,375,000
246.1
Ханой
Оңтүстік Азия:
Ауғанстан
647,500
27,755,775
42.9
Кабул
Бангладеш
144,000
133,376,684
926.2
Дака
Бутан
47,000
672,425
14.3
Thimphu
Үндістан
3,167,590
1,045,845,226
318.2
Нью Дели
Иран
1,648,195
70,472,846
42
Тегеран
Мальдивтер
300
320,165
1,067.2
Мале
Непал
140,800
25,873,917
183.8
Катманду
Пәкістан
803,940
147,663,429
183.7
Исламабад
Шри-Ланка
65,610
19,576,783
298.4
Коломбо
Оңтүстік-батыс Азия:
Армения
29,800
3,330,099
111.7
Ереван
Әзірбайжан
46,870
3,845,127
82.0
Баку
Бахрейн
665
656,397
987.1
Манама
Кипр
9,250
775,927
83.9
Никосия
Газа
363
1,203,591
3,315.7
Газа
Грузия
20,460
2,032,004
99.3
Тбилиси
Ирак
437,072
24,001,816
54.9
Бағдад
Израиль
20,770
6,029,529
290.3
Құддыс
Иордан
92,300
5,307,470
57.5
Амман
Кувейт
17,820
2,111,561
118.5
Кувейт
Ливия
10,452
3,677,780
353.6
Бейрут
Оман
212,460
2,713,462
12.8
Мускат
Катар
11,437
793,341
69.4
Доха
Сауд Арабиясы
1,960,582
23,513,330
12.0
Рияд
Сирия
185,180
17,155,814
92.6
Дамаск
Түркия
756,768
67,308,928
76.5
Анкара
Біріккен Араб Әмірліктері
82,880
2,445,989
29.5
Абу Даби
Батыс жағалауы
5,860
2,303,660
393.1
—
Йемен
527,970
18,701,257
35.4
Сана
Total
43,810,582
3,902,404,193
89.07
2.2.Азия мемлекеттері мәліметтер қорының жұмысын іске асыру
Азия мемлекеттері мәліметтер қорын құру үшін:
Пуск Программы Мicrosoft Offise Microsoft Access қадамдарын орындаймыз. «Новая база данных» батырмасын шертеміз, сонда экран бетінде Microsoft Access-тің терезесі пайда болады.
1-сурет. Microsoft Access экран беті
Вид Конструктор командасын орындап, кестенің атын «Орталық Азия» деп сақтаймыз. Экран бетіндегі «Баған аты» деген жерге мәліметтердің атын жазамыз. Мысалы, мемлекет аты, астанасы, аумағы т.с.с. Ал «Мәліметтер типі» деген бағанға сол енгізген мәліметтердің типін енгіземіз. Мәліметтер типін енгізгеннен соң оны міндетті түрде сақтаймыз.
2-сурет. Енгізілген мәліметтердің типін беру
«Орталық Азия» деп аталатын кестені шертіп, мәліметтер енгіземіз және сақтаймыз.
Басты менюден Создание Форма командаларын орындаймыз және экран бетінде «Орталық Азия» кестесінің формасы пайда болады.
3-сурет. Создание
Форма командаларын орындау сызбасы
4-сурет. Форма көрінісі
Сол сияқты Шығыс Азия, Оңтүстік-шығыс Азия, Оңтүстік Азия, Оңтүстік-батыс Азия елдері туралы мәліметтер енгізіп, олардың формаларын құрамыз.
Енді орындалған мәліметтерді жинақтап кнопканы басу арқылы көрсетейік. Ол үшін:
Басты менюден Работа с базами данных диспетчер кнопочных форм командаларын орындаймыз.
5-сурет. Кнопкамен жұмыс істеу.
Экранда Диспетчер кнопочных форм терезесі пайда болады. Ол жерден Изменить батырмасын басып кнопка формасының бетіне ат береміз және Создать батырмасын басамыз.
6-сурет. Кнопкалық формаға атау беру.
Создать батырмасын басқаннан кейін Диспетчер кнопочных форм терезесіндегі
Текст деген жерге Орталық Азия
Команда деген жерге Открыть форма для изменение нұсқасын таңдаймыз
Кнопочная форма деген қатарға Орталық Азия деген форманы таңдап ОК батырмасын басамыз.
7-сурет. Кнопкалық форманың элементтерін өзгерту.
Сол сияқты осы операцияларды Шығыс Азия, Оңтүстік-шығыс Азия, Оңтүстік Азия, Оңтүстік-батыс Азия елдеріне де қайталап, соңында Закрыть батырмасын басамыз.
Экранда мемлекет туралы мәлімет деген Кнопкалық форма пайда болады.
8-сурет. Кнопкалық форма.
10-сурет. «Азия құрлығындағы мемлекеттер» мәліметтер қорының формасы.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазіргі таңда мәліметтер базасын басқару жүйелерінің түрлері өте көп. Олардың әрбіреуінің түрлі объектілермен жұмыс істеу ерекшеліктеріне, қолданушыға ұсынатын қызмет түрінің өзгешелігіне қарамастан, оларда ортақ ұғымдар кешені қалыптасқан. Курстық жұмыс Microsoft Access мәліметтер базасын басқару жүйесінде жазылған.
Курстық жұмыстың тақырыбы-«Азия құрлығындағы мемлекеттер» мәліметтер қорын құру. Курстық жұмыс екі бөлімнен тұрады.
1. Мәліметтер қоры және мәліметтер қорын басқару жүйесі.
2. «Азия құрлығындағы мемлекеттер» мәліметтер қорын құру.
Бірінші бөлімде Access мәліметтер қорын басқару жүйесіне қысқаша түсінік берілген.
Екінші бөлімде мәліметтер қоры, олармен жұмыс істеу, кесте құру, форма құру, кнопка жасау тәсілдері көрсетілген.
Курстық жұмысты қорытындылай келе, Access мәліметтер қорының теориялық материалдарын толық меңгеруде, мәліметтер қорымен жұмыс істеудекөмекші құрал ретінде пайдалануға болады.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Симонович С.В. Специальная информатика. М.:издат.центр «Академия» 2000.
Камардинов О. « Информатика ». Алматы, 1994ж.
Байжұманов. « Информатика ».Астана, 2004ж.
Балапанов. « Информатикадан 30 сабақ ».
5. Виктор Пасько «Access2000» Киев 1999 ж
Ларионов Б.А. «Информатика и ВТ» 1992 ж.
Харитонова И. «Самоучитель Access» 2001 ж.
В.Н.Кирнос «Информатика Базовый курс» Көкшетау, 2004 ж
С.Симонович «Информатика Базовый курс» 2004 ж
А.В.Могилев, Н.И.Пак, Е.К.Хеннер «Практикум по информатике» 2000ж.