1. Мемлекеттік құқықтық құбылыстар туралы негізі ұғымдар Мемлекеттің түсінігі және оның ерекшеліктері



бет42/63
Дата07.05.2023
өлшемі114,9 Kb.
#90801
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   63
Байланысты:
Лекциялар, ҚжЖҚМН-22

4. Еңбек даулары. Еңбек даулары дегеніміз - «Еңбек туралы» заңға сәйкес жүзеге асырылатын, бұрын қызметкер болған және жұмыс беруші арасындағы келіспеушіліктерге байланысты туындайтын даулар.
Жеке еңбек дауларын келісім комиссиялары және соттар қарайды. Жеке еңбек дауларын шешу мақсатында арнайы комисся құрылады, егер ол онымен шешілмесе сот арқылы жүзеге асырылады. Жеке еңбек дауларын қарау жөніндегі органдарға жүгіну үшін мынадай мерзімдер белгіленеді:
- жұмысқа қайта алу туралы даулары бойынша - жұмыс берушінің еңбек шартын бұзу туралы актісінің көшірмесі табыс етілген күннен бастап үш ай ішінде;
- Басқа еңбек даулары бойынша - қызметкер немесе жұмыс беруші өз құқығының бұзылғаны туралы білген немесе білуге тиісті күннен бастап 1 жыл ішінде жүзеге асырылады.
Еңбек дауларына байланысты қызметкер белгіленген мерзім ішінде аудандық және облыстық маңызы бар қалалардағы соттарға арыз бере алады. Егер қызметкер арызы жұмыстан шығу себебіне байланысты сотқа жүгіну мерзімінен асып кетсе, онда ол істің ескіру мерзіміне жатады.
Жеке еңбек даулары:
- Сот тәртібімен;
- Ерекше тәртіппен шешіледі.
Егер қызметкердің жеке еңбек дауы туралы мәселесімен сотқа жүгінгенде сот комиссиялары бұл істің шешімі заңды тұрғыдан шығарылған десе, сот бұл істі қозғаудан бас тартуы туралы ұйғарым шығарылады.


Т-10. Қазақстан Республикасының әлеуметтік қамсыздандыру құқығы

  1. Әлеуметтік қамтамасыз ету құқығының түсінігі, пәні және қағидалары

  2. Әлеуметтік қаматамасыз ету құқығының институттары

  3. Зейнетақылар

  4. Жәрдемақылар және өтемақылар



1. Әлеуметтік қамтамасыз ету құқығының түсінігі, пәні және қағидалары. Әлеуметтік қамтамасыз ету құқығы дегеніміз - нормалары әртүрлі нысанда әлеуметтік қамтамасыз етуге мұқтаж азаматтарды материалдық жағынан қамтамасыз етумен байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды, сонымен қатар, олармен тығыз байланысты процедуралық және процессуалдық сипаттағы қатынастарды реттейтін құқық саласы.
Әлеуметтік қамтамасыз ету құқығының пәні болып азаматтарды зейнетақылармен, жәрдемақылармен, өтемақылармен қамтамасыз етумен, сонымен қатар, процедуралық және құқық қорғаушылық сипаттағы қызмет көрсетумен байланысты қоғамдық қатынастар табылады.
Әлеуметтік қамтамасыз ету құқығының қағидалары - осы құқық саласының нормаларының мазмұны мен дамуын көрсететін негізгі, басшылыққа алынатын ережелер. Олар:
- әлеуметтік қамтамасыз етудің жалпыға ортақтығы және қол жететіндігі;
- әлеуметтік қамтамасыз етудің түрлерінің жан-жақтылығы және көп түрлілігі;
- әлеуметтік қамтамасыз ету елдің қалыптасқан экономика деңгейіне сәйкес мөлшерде беріледі;
- әлеуметтік қамтамасыз етуді әлеуметтік мәнге ие жағдайлардың негзінде түрлерге бөлу.
- әлеуметтік қамтамасыз ету осы үшін арналған қаражат есебінен жүзеге асырылады.
Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы құқықтық қатынастарды құқық нормалары негізінде туындайтын, ақша төлемдерін төлеуге, қызмет, жеңілдіктер көрсетуге қатысты, мемлекеттік органдар, жинақтаушы зейнетақы қорлары мен оларға құқылы жеке тұлғалардың арасында туындайтын қатынастар ретінде сипаттауға болады. Оларды төмендегідей түрлерге бөлуге болады:
- азаматтарды ақшалай нысанда қамтамасыз етуге қатысты құқықтық қатынастар;
- азаматтарға заттай нысанда көмек көрсетуді қамтамасыз етуге қатысты құқықтық қатынастар;
- процедуралық немесе процессуалдық сипаттағы көмектер көрсету бойынша құқықтық қатынастар.
Әлеуметтік қамтамасыз ету саласындағы қатынастар бір жағынан - азаматтың, екінші жағынан мемлекеттік органның арасында туындайды, кей жағдайда отбасы мен мемлекеттің арасында (мысалы, асыраушысынан айырылған жағдайда) туындауы мүмкін.
Әлеуметтік қамтамасыз ету саласындағы құқық субъектіліктің келесі ерекшеліктері бар:
- кәмелетке толмағандардың материалдық әлеуметтік қамтамасыз етушілік қатынас субъектісі бола алуы;
- әрекетке қабілетсіз адамдар мен мүгедектердің әлеуметтік қамтамасыз етушілік қатынастар субъектісі бола алуы.
Әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты құқықтық қатынастардың материалдық емес игіліктері немесе объектілері ретінде әлеуметтік қамсыздандыруда заңды мәнге ие фактілерді санауға болады. Заңдар бұлармен әлеуметтік қамсыздандырудың қандай да бір түріне құқықты, сонымен қатар шын мәнінде немесе жалған бұзылған, осы себепті қорғалатын құқықты байланыстырады.
Материалдық емес игіліктерге мыналар жатады:
- процедуралық құқықтық қатынас объектілері; бұл - мемлекеттік органдардың әлеуметтік органдардың әлеуметтік қамсыздандырудың нақты бір түрін тағайындау туралы шешім қабылдауына қатысты әрекеттері;
- процедуралық құқықтық қатынас объектілері; бұл - жоғары тұрған органдардың азаматтың заңдарда белгіленген мөлшерде әлеуметтік қамсыздандырудың нақты бір түріне қатысты бұзылған құқығын қалпына келтіру жөніндегі шешім қабылдауымен байланысты әрекеттері.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет