1. Мемлекеттік жоспарлау сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тетігі ретінде


Мемлекеттік қызметшілердің этикасы және мінез-құлық ережесі. Мемлекеттік қызметшінің имиджі



бет2/4
Дата03.11.2022
өлшемі29,01 Kb.
#47238
1   2   3   4
Байланысты:
Практикалық сабақ 4

2. Мемлекеттік қызметшілердің этикасы және мінез-құлық ережесі. Мемлекеттік қызметшінің имиджі
Этика және мемлекеттік қызметтегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1.Мемлекеттік қызметшілердің этикасы және мінез-құлық ережесі
Мемлекеттік қызметті атқару қоғам мен мемлекет тарапынан білдірілген ерекше сенім болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің адамгершілігіне, этикасы мен моральдық бейнесіне жоғары талаптар қояды.
Қоғам мемлекеттік қызметші жүзеге асыратын кәсіби қызметіне өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін жұмсайды, қоғамға әділ әрі қалтқысыз қызмет етеді деп есептейді.
Осы Ережелер Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілері сақтауға міндетті жалпы жұрт қабылдаған этика нормалары мен мемлекеттік қызметтің ерекшеліктерінен туындайтын негізгі мінез-құлық ережелерін белгілейді.
Әрбір мемлекеттік қызметші осы Ережелердің сақталуы үшін барлық қажетті шараларды қолдануға міндетті. <*>
Ескерту. 4-ші абзацпен толықтырылды - ҚР Президентінің 2002.05.07. N 866 жарлығымен.
1. Мемлекеттік қызметшілер өз қызметінде:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын бұлжытпай жүргізуге;
2) Республика азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын бұзуға орайлас әрекеттерге жол бермеуге;
3) мемлекеттік қызмет принциптері мен жоғары адамгершілік құндылықтарын ұстануға;
4) мемлекеттік қызметшінің антын сақтауға;
5) мемлекеттік және еңбек тәртібін сақтауға;
6) басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан этика нормаларын бұзу фактілеріне жол бермеуге және тыйым салуға тиіс.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2002.05.07. N 866 жарлығымен.
2. Мемлекеттің өкілі ретіндегі мемлекеттік қызметшінің парызы мен міндеттері:
1) Республиканың Конституциясы мен заңдарын бұлжытпай сақтау;
2) мемлекет мүдделерін қорғау;
3) Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық татулықты нығайтуға жәрдемдесу;
4) өзінің қызметтік міндеттерін әділ әрі қалтқысыз атқару;
5) заңмен белгіленген өзі қабылдаған шектеулерді сақтау;
6) қызметтік міндеттерін атқару үстінде өзіне мәлім болған мемлекеттік құпияларды және өзге де заңмен қорғалатын құпияларды жария етпеу;
7) мемлекеттік қызметшінің жеке өзіне қатысты мәселелерде шешімдер қабылдауға жауапты адамдардың қызметіне араласпау;
8) республиканың беделін түсіретін, сондай-ақ мемлекеттік органдардың қалыпты жұмыс істеуі мен мемлекеттік қызметшілердің қызметтік міндеттерін орындауына кедергі келтіретін міндеттемелерді алмау, іс-әрекетке, сөз сөйлеу мен пікір айтуға жол бермеу;
9) сеніп тапсырылған мемлекеттік мүлікті ұқыпты және үнемді пайдалану, қызметтік құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету;
10) кәсіби және мәдени деңгейін ұдайы арттырып отыру;
11) сыбайлас жемқорлық көріністеріне тосқауыл қою болып табылады.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің
2002.05.07. N 866 жарлығымен.
3. Азаматтармен және заңды тұлғалармен қарым-қатынастарда мемлекеттік қызметшілер:
1) басқа адамдардың ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге;
2) олардың өтініштерін қарау кезінде төрешілдікпен сөзбұйдаға салу көріністеріне жол бермеуге, олар бойынша заңда белгіленген мерзімде қажетті шаралар қолдануға;
3) мемлекеттік биліктің беделін, азаматтардың мемлекет институттарына сенімін нығайтуға ықпал етуге; <*>
4) азаматтар мен заңды тұлғалардың Конституцияда кепілдік берілген құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін сақтау мен қорғауды қамтамасыз етуге;
5) мемлекеттік тіл мен Қазақстан халқының өзге тілдеріне, оның әр алуан әдет-ғұрыптары мен дәстүрлеріне құрметпен қарауға;
6) қарапайымдылық танытуға, өзінің лауазымдық жағдайын баса көрсетпеуге; <*>
7) сынағаны үшін қудалауға жол бермеуге, сынға төзімділікпен қарауға, оң сын-ескертпелерді өзінің кәсіби қызметін жақсарту үшін пайдалануға; <*>
8) негізсіз айыптауларға жол бермеуге; <*>
9) сыпайы және әдепті болуға, бағынысты қызметкерлердің жеке басының қадір-қасиеттерін сыйлауға, оларға әділ және сыпайы қарауға міндетті.<*>
Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің
2002.05.07. N 866 жарлығымен.
4. Бағыныстылары бар мемлекеттік қызметшілер:
1) өзіне бағынысты қызметкерлердің міндеттері мен қызметтік өкілеттіктерінің көлемін олардың атқаратын лауазымдарына сәйкес дәл айқындауға;
2) бағынысты қызметкерлерді құқыққа қайшы іс-қылықтар немесе жалпы жұрт қабылдаған этика нормаларымен үйлеспейтін іс-қылықтар жасауға мәжбүр етпеуге. <*>
3) бағынысты қызметкерлердің осы Ережелермен таныстырылуы мен олардың орындалуын қамтамасыз етуге міндетті.<*>
Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің
2002.05.07. N 866 жарлығымен.
5. Осы Ережелерде көзделген талаптарды бұзғаны үшін мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік қызмет туралы заңдарға сәйкес тәртіптік жазалар қолданылуы мүмкін.
Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің
2002.05.07. N 866 жарлығымен.
6. Барлық деңгейдегі әкімдер, осы Ережелерде көзделген қызмет этикасы нормаларын сақтаумен қоса:
1) қарапайымдылық танытуға және өзінің жеке өмірінде теріс қоғамдық пікір туғызатын іс-әрекеттерге жол бермеуге;
2) жергілікті атқарушы органдарда кадрларды жерлестік және жеке өзіне берілгендік белгілері бойынша іріктеу мен орналастыру жағдайларына жол бермеуге;
3) кәсіпкерлік қызметке негізсіз араласу фактілеріне және жекелеген шаруашылық жүргізуші субъектілердің мүдделерін сүйемелдеу жағдайларына жол бермеуге міндетті.
Ескерту. 6-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 2002.05.07. N 866 жарлығымен.
Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қойылады. Қоғам, мемлекеттік қызметші өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін өзі жүзеге асыратын кәсіби қызметіне жұмсайды, өзінің Отаны-Қазақстан Республикасына қалтқысыз әрі адал қызмет етеді деп сенім білдіреді. Мемлекеттік қызметшілер өз қызметінде Қазақстан Республикасының Президенті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатын жақтауға және оны дәйекті түрде жүзеге асыруға тиіс. Қоғам адамдардың қауымдастығы болғаннан кейін мұнда адамдар бір-бірімен қарым-қатынас жасай отырып, әр ортада белгілі бір этиканы сақтайды.
Этика дегеніміз - тәртіпті сақтау ережелері. Ол қоғамда белгілі бір нормаларға сай өмір сүретін қағидалардың жалпы жиынтығы. Ал бұл нормалар адамдардың мораль және адамгершілік қасиеттерінің болуымен тығыз байланысты. Мораль және адамгершілік туралы ілім этика (әдеп) болып табылады. Сондықтан этикет этика ілімінің негізінде қалыптасқан,яғни адамгершілік құндылықтарды сақтай отырып, адамдардың бір-біріне нұқсан келтірмейтін қоғамда тәртіп сақтау ережелері қалыптасты. Белгілі бір тәртіпсіз өмір сүру мүмкін емес, себебі егер қоғамда белгілі бір этика сақталмайтын болса адамдардың арасында қатынас хаосқа айналып кетуі мүмкін. Сондықтан әр қоғамда адамдардың тәртібін адами тұрғыда бақылайтын, теріс қылықтарды азайтатын белгілі бір нормалар жиынтығы құрылған. Мысалы үлкендерге құрмет көрсету ,қоғамдық орындарда тәртіпті сақтау, және т.б., Этиканы сақтау өмірдің әр саласында әр түрлі. Этиканы қызмет бабында сақтау өте маңызды мәнге ие болып табылады, оның ішінде мемлекеттік қызметшілердің этикасы басты назар аудартады. Мемлекеттік қызметкер әр түрлі қоғам мүшелерінің өкілдерімен жұмыс істейтіндіктен аса үлкен дайындықпен қызмет атқару тиіс. Қызмет орнында өзін-өзі ұстай білу, сыртқы бейнесі мен киім үлгісі тәртіпке сай болуын қадағалау, қимыл-әрекеттерін әңгіме кезінде қолдана білу, анық әрі түсінікті жүйелі түрде сөйлей білу сияқты барлығы қызметкердің кәсіби этикалық құндылықтарына және жалпы қабылданған этика жүйелеріне жатады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылдың 29 желтоқсандағы № 153 «ҚР мемлекеттік әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығымен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) бекітілген. Бұл Әдеп Кодексі мемлекеттік қызметшілердің қызметте және күнделікті өмірде жүріс-тұрыстарының стандарттарын бекітті. Соның негізінде енді мемлекеттік органдарда этика бойынша арнайы уәкілдер белгілі жұмыстар атқарады. Әдеп кодексінің жаңа реакциясына сәйкес Әдеп жөнінде уәкіл енгізілген. Әдеп жөніндегі уәкіл сондай-ақ, өзі жұмыс істейтін мемлекеттік органда мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтарымен заңды мүдделері бұзылған жағдайларда оларды қорғау және қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдап, басқа да функцияларды жүзеге асырады.
Еліміздің ертеңі, бүгінгі мемлекеттік қызметшілердің адамдық парасаты мен ар ождан және кәсібилігіне байланысты болғандықтан, «Біздің міндет-халыққа қызмет» -деп Елбасы белгілеп берген ұран аясында елге деген адалдықтың ақ туын абыроймен ұстануымыз қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет