1204-нұсқа 2-мәтін
Ел жайлаудан кайтты. Шоғыр-шоғыр қалың мал жай қозғалады. Беталысы - қоңырқай көкжиек. Ат үстіндегі кісілердің әңгімесі сол жайлы. ¥зын кекілді, кербез күреңнің үстінде шалқая отырған қарт сөзді маза бермей келе жатқан бөгелектерге бұрды. -Дегенмен бөгелектер ат жалынан асқан жоқ, биылғы қыс жайлы болар, - деп еді, шоқша сақалды қарт қостай жөнелді. -Иә, өрмекшінің торы да бұталардың төменгі сабағына керіліпті. Бұл да жақсылықтың нышаны... -Енді жылқы шайнақ тастай ма, тастамай ма, соны қадағалау керек, - деп қостады әкем, - Жеген шөбін илеп тастаса, онда шөптің уытты болғаны. Қыстың жұғымсыз белгісі осыдан байқалады. Көш тау етегіне еңкейгенде қыз-бозбалалар сылдырап аққан бұлаққа бұрылды. Сол тұста қарақат, мойыл мөлдіреп, қызыл сары долана моншақтай тізіліп тұр. Таңқурай мен бүлдірген уылжиды. Біз бұлақ жақтан дүркірей шауып жотаға шыққанымызда ымырт үйірілген еді. Күздің кешкі қоңыр самалы маңдайды шымырлатады. Қураған шөптің, отырықшы ауылдың өзгеше иісі танауды жыбырлатады. Жол үстінде келе жатқан біз Үркердің туғанын көріп, қуандық. Өйткені атамдар сол жұлдызға қарап маусымның сипатын болжайды. Түнге қарай қой күзеттік, ұйықтамадық. Таң алдында жарқырап туған Шолпанды көрдік. Әдеттегіден биіктеп, шақырайып тұрса, қыс қатты болады дейді. Күзеуге келген соң, күзем қырқылды. Жүн сабап, киіз басу басталды. -Ауылда бұл думанды әрекет. Әйелдер әңдетіп отырып сабаумен жүн сабайды. Біз: «Қой басты, қой басты», - деп киіз тебеміз. Сол кезде төбеден тыраулап тырналар өтеді. Қыздар: «Келесі көктемге дейін сау болыңдар!» — деп, қайтқан құстарға қол бұлғайды. Біз жайдақ атқа міне салып, бір белді асырып салып қайтамыз. Бел астындағы егіс даласынан тракторлар тізбегі көрінеді. Ел ырысы - алтын дәннің алдағы қамын жасап жүр. Күз маусымы қарқынды еңбекпен, думанды қызықпен өтіп жатыр.
1.Мәтіннің түйінді ойы
2.Мәтінге сай мақал-мәтел
3.Шоқша сақалды қартқа тән қасиет A. Мейірбандық B. Ырымшылдық C. Сезімталдық D. Алғырлық E. Еңбекқорлық
4.Қыстың жайлылығы жайлы қарттың болжамы A. Бөгелектердің ат жалынан асып кеткендігі B. Үркердің әлі тумауы C. Жылқының шайнақ тастағаны D. Шолпанның биіктеп, шақырайып тұруы E. Өрмекші торының бұталардан төмен керілуі
5.Қыстың жұғымсыз белгісі A. Шолпанның жарық туғаны B. Өрмекшілердің тор құрғаны C. Үркердің тууы D. Шөптің нәрлі болғаны E. Жылқы жеген шөбін илеп тастағаны
6.Мәтінде суреттелетін әрекет A. Жайлаудағы киіз басу B. Көктемдегі егіс даласы C. Күзеудегі тірлік D. Жайлаудағы той-думан E. Жайлаудағы әрекет
3-мәтін Ең алғашқы шаңғы
Ең алғашқы шаңғы жылқы қабырғасы мен терісінен жасалған. Шаңғының отаны - Алтай. Мұны сол өлкеде жүргізілген археологиялық қазбалар дәлелдейді. Бұл өлкедегі жартастарға қашалған ескі суреттер де қазақ даласында шаңғының болғанын аңғартады. Осыдан 10 мың жыл бұрын Алтай тауын мекендеген казақтың арғы тайпасының аяғында шанғының екі түрі болған. Бірі жылқының қабырғасынан жасалған, тері таспалы сүйек шаңғы болса, екіншісі - самырсыннан жасалып, жылқы, бұғы терісімен қаптапған тері шаңғы. Алтай — таулы, қыратты, қысы ұзақ, қарлы аймақ. Бұл өлкені мекендеген халық үшін шаңғы спорт түрі ғана емес, қатынасу кұралы болған. Қалың қар адам түгілі, жан-жануарлардың емін-еркін жүруіне кедергі. Сондықтан Алтайды мекендеген халықтың шаңғыны пайдаланғаны айдан анық. Қазақ шаңғысының бірінші түрі жылқы қабырғасынан жасалған. Жылқы қабырғасы - жылтыр, басы қайқы, ұзындығы бір метрдей жалпақ сүйек. Дайын шаңғы. Қар бетінде кедергісіз сырғанайды. Алтайды мекендеген арғы ата-бабаларымыз қабырға шаңғыға малдың терісінен жасалған таспа тағып, аяққа байлап сырғанайтын болыпты. «Сүйек шаңғы жеңіл болғанымен, сүр, қасат қар болмаса, жас көбікке қолайсыз. Сондықтан оны қар қатқан кезде, қара суықта ғана пайдаланатын болған», - дейді ғалымдар. Қабырға шаңғының кең қолданылмау себебі - сол. Шаңғының екінші түрі - тері шаңғы. Яғни бұл жас самырсыннан жонылып, жылқы мен бұғының пұшпақ терісімен қапталған. Төрт түліктің ішінде жылқы терісі жүні тықыр, сидам және төзімді келеді. Шаңғының осы екінші түрі археологиялық қазбаларда жақсы сақталған. Өйткені жылқы терісінен жасалған шаңғыны Алтай тауын мекендеген халық жаппай қолданыпты. Тері шаңғының бүгінгі шанғыдан айырмашылығы - енді, ағашы қалың. Енді болатыны - қарға батпайды, ал ағашының қалындығы тау жолына шыдамды.
7.Мәтінге қатысты дұрыс тұжырым(-дар) 1.Жартастарға қашалған ескі суреттер қазақ даласында шаңғының болғандығын дәлелдейді. 2.Археологиялық қазбаларда шаңғының екі түрі де сақталған. 3.Тері шаңғы кепкен ағаштан жонылып, жылқы мен бұғының терісімен қапталады.
A. Тек үшінші B. Бірінші мен екінші C. Тек бірінші D. Тек екінші E. Екінші мен үшінші
8.Шаңғыны ойлап табуға негіз болған A. Аймақтағы халықтың тұрмысы B. Жылқы малының көп болуы C. Жыл он екі ай қыс болуы D. Мал шаруашылығымен айналысу E. Өңірдегі табиғаттың ерекшелігі
9.Ең алғашқы шаңғының Алтайда пайда болғанына дәлел A.Сол өлкеде жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары. B.Халық үшін шаңғының қатынасу қүралы болғандығы. C.Көне жазбалардағы мәліметтер. D.Алтай қазақтарының мал шаруашылығымен айналысқаны. E. Қар астынан табылған шаңғы жасау құралдары.
10.Мәтін мазмұнына сай мақал-мәтел А)Адамнан айла артылмас. В)Қыс қысыларсың, жаз жазыларсың. С)Қарағайда қырық бұтақ, Біреуі ғана қамшыға сап. D)Еңбек түбі - зейнет. Е)Сақырлаған аязда сары қамыс панала.
11.Шаңғының бірінші түрін пайдалану қолайсыз болған A. Қара суықта B. Қатқан қарда C. Қасат қарда D. Сүр қарда E. Жаңа түскен қарда
12.Мәтінде жауабы жоқ сұрақ A. Қазақ шаңғысының бірінші түрі неден жасалған? B. Шаңғы жасауда жылқының терісін таңдау себебі неде? C. Қабырға шаңғының кең қолданылмау себебі неде? D. Ағаш шаңғы қай ағаштан жасалған? E. Қабырға шаңғы неліктен кең қолданылған?