1. Мезгіл мәнді тұрақты тіркестердің мағыналық ерекшеліктері // Қазақ тілі мен әдебиеті.№5/2010. Б. 61-69



Дата20.09.2023
өлшемі27,12 Kb.
#109313

1. Мезгіл мәнді тұрақты тіркестердің мағыналық ерекшеліктері
// Қазақ тілі мен әдебиеті.№5/2010. –Б. 61-69
Мезгіл мәнді тұрақты тіркестердің мағыналық ерекшеліктері
 Іс-әрекеттің, амалдың, қимыл-қозғалыстың мезгілін анықтау жолдары қазақ тілінде әр түрліболып келеді. Бірақ олардың кез-келгені халық тұрмысымен, оның өмір сүру тәсілдеріменқабысып жатады. Қазақ тілінде мезгілді білдірудің қалыптасқан тұрақты көрсеткіштері бар.Мезгілдік ұғымды білдіретін тұрақты тіркестердің өзін былайша топтастыруға болады:1) Табиғат құбылыстарын, ауа райын білдіретін тұрақты тіркестер:
қар кете,
 
сең жүре,қарашаның суығында
(1986 жылы Алматы қаласында болған қазақ жастарының желтоқсаноқиғасына байланысты тілімізде
86-ның ызғарында,
 
желтоқсан желі, желтоқсан ызғарында
деген тіркестер еніп, тұрақты қолданысқа кірді),
жер қарада, қара суықта, сең сөгіле, мұз қата
,т.б. Бұл тіркестердің көбі жыл сайын белгілі бір мерзімде қайталанып келіп отыратынқұбылыстар болғандықтан, қимыл, әрекет мерзімін көрсетеді.2) Шаруашылық, кәсіптің жыл сайын бір мезгілде қайталанып отыратын түрлерін білдіру арқылықалыптасқан тұрақты тіркестер:
қой қоздағанда, мал төлдегенде, егін науқанында, сабан тойда, мақта терімде, жиын-терім кезінде,
т.б. Күнделікті шаруашылық кәсіпке байланысты дақалыптасқан тұрақты тіркестер мезгілді нақты көрсете алады:
 мал өргенде, қозы ағытарда,
 
 малөрістен қайтқанда, бие байларда, мал қоралана
, т.б. Тілімізде «қойшының қызы қой келгенде істігеді» дейтін мақалдың бірінші мағынасы жұмыстың ең бір қауырт кезінде өзге шаруаны қоятұрып, негізгісін аяқтауға меңзесе, екінші мағынасы уақыттың (қойдың өрістен келуі – кешкімезгілдің баламасы) әр сәтінің өзіндік атқарылуға тиісті жұмыстарының барлығында. Табиғатпен,мал шаруашылығымен етене байланысты халқымыз үшін мезгілді білдірудің осындайқалыптасқан үлгілері өте көп. Мұндай тәсіл көп халықтың тілінде де бар. Қандай халық болса да,мезгілді өзінің күн көріс кәсібіне байланысты айқындап белгілеп отырған.3) Уақытқа тән айырым белгі, қасиет, сын-сипат арқылы пайда болған тұрақты тіркестер:
көзбайланбай тұрғанда, таң сәріде, апақ-сапақта
,
сібірлеп таң атқанда, түс ауа, бесін ауғанда,ымырт жабылғанда
, т.б.4) Қимыл арқылы мезгілдік ұғымды білдіріп, сөйлемде мезгіл пысықтауыш болатын мынадайтұрақты тіркестер бар:
көзді ашып-жұмғанша, қас пен көздің арасында, қас қаққанша, қалтеткенде, ет пісірім, шай қайнатым, бір
 
бие сауым,
т.б. Осы келтірілген тұрақты тіркестердіңкөбісінің мезгілдік мән алып, мезгілдік қатынаста жұмсалуын нақты мағыналы сөздіңабстракцияға айналуы деп түсіну керек, яғни конкреттіліктен абстракцияға айналу процесі жүрген.Әуел баста қимылды, табиғат құбылыстарын, кезеңге тән сын, сипатты, көлем мен объектінібілдіретін тіркестер қолданылу процесінде өздерінің конкретті мағыналарынан ажырап,абстрактілі ұғым, мезгілді білдіруге көшкен. Бұндай қолданыстар мезгілді білдірудің халықтілінде бұрыннан қалыптасқан амал екендігіне дәлел бола алады.Қазақ тіліндегі уақыт, мезгіл өлшемдерін білдіретін тұрақты тіркестерді саралап қарасақ, көпмәліметтер назарды аударады. Бұрындары ата-бабаларымыз уақытты сағатпен өлшемей-ақ,секунд, минут, сағат өлшемдерін шамалап, дәл болжай білген. Мысалы, секунд – 
демніңарасында,
 
қас қаққанша, ауыз жиып алғанша, қас пен көздің арасында
деген сияқты образдытіркестермен берілген. Көрнекті ғалым Ә.Қайдар фразеологизмдерге қатысты еңбегінде тұрақтытіркестердің мағыналық сипатын ажыратып, қолданыстағы ерекшеліктеріне тоқталады:
«Көзді ашып-жұмғанша»
– здесь быстротечность событий ассоциируется с быстрымдвижением глаз – моментальным их открытием и закрытием, что приравнивается к долямсекунды. Естественно, это аллегорическое представление, присущее приемам народнойметронимии времени, однако оно, абстрагировавшись от первичной своей основа (движениеглаз), употребляется обобщенно и выражает понятия «быстро», «скоро», «незаметно»,«моментально», «в мгновение ока» и др.Фразеологизм имеет довольно широкое употребление в языке и, как образная характеристикавремени и процесса его протекания, чаще встречается в своей номинативной (основной) форме.Мыс: көзді ашып-жұмғанша, жылдам хабар алғызды». [1, 179] Академик-ғалым ашыпкөрсеткендей, мезгіл мәнді тұрақты тіркестер уақыттың өтуі мен белгісіне қатысты бейнеліқолданысқа ие болып, тілдің поэтикалы сипаты мен экспрессивті қуатын әсерлей түседі. Сол1
секілді, әсірелеу мақсатымен де қолданылатын кейбір тұрақты тіркестер болған оқиға, амал,әрекеттің жылдамдығын танытуға ықпал етеді:
 Басы жастыққа тиісімен
қор ете қалды,
аяқастында
таппай қалу,
 Шу дегеннен
көрінер сұлу артық (Абай),
 хабар құлағына тиісімен
, жылдамжиналу т.б.Болымсыздық жұрнағы арқылы жасалған тұрақты тіркестер де мезгілдік мағына беріп, іс-әрекет, оқиғаға баға беруші көзқарас қалыптастырады:
кірмей жатып
, төр менікі деу,
бесіктенбелі шықпай жатып
қағыну,
аузынан ана сүті кеппей жатып
бұзылу,
асатпай жатып
, құлдықдеу, т.б. Бұл фразеологизмдер де шартты түрде жылдам, тез болған, болатын әрекет, қимыл,оқиғалардың мезгілдік қатынасын танытады.5)Аспан денелерінің қозғалысын жіті бақылап, қадағалаудың арқасында ата-бабаларымызтәулік, апта, ай, жыл мерзімдеріндегі уақыттық өлшемді дәл, нақты болжап білген. Әсіресе таңныңату көрінісіне байланысты қалыптасқан тіркестер сағаттың мөлшерін дұрыс білдіре алған:
таңатпай, ел тұрмай, таң қараңғысында, таң
 
білінер-білінбесте, таң сыз бергенде, бозторғайшырылдағанда, таңғы намазда, таң
 
құлан иектенгенде, таң бозынан, елең-алаңда
, т.б. Аталғантұрақты тіркестердің кейбірі нақтылы іс-әрекетпен байланысты мезгілді танытса, кейбірі бейнелі,образды сипаттағы сөздік қолданыстар негізінде қалыптасқан:
құлан иектеніп атқанда, арайлапатқанда, асықпай атқанда, таңғы тәтті ұйқыда,
т.б.
 
6) Ал енді таң аппақ боп атқаннан кейінгі уақыт мерзімі күннің қимыл-қозғалысы арқылыөлшенеді:
күн шығар алдында, күн шыға, күн арқан бойы көтерілгенде, күн найза бойыкөтерілгенде, сәске түсте, тапа-тал түсте, шаңқай түсте, күн тас төбеге келгенде, түс ауа,түс еңкейе, күн ұясына бата, күн бата,
т.б. Бұлардың бәрі таң атқаннан кеш батқанға дейінгімерзімді білдірсе, келесі топ кешкіліктен түнге дейінгі уақыт арасын қамтиды:
кеш түсе, ақшамжамырай, екі кештің арасында, ел орынға отыра, көз байлана, қас қарая, қызыл іңірде, жетіқараңғы түнде, ел шырт ұйқыда жатқанда, ел ұйқыға кеткенде,
т.б. Келтірілгенфразеологизмдердің дені физикалық уақыттың мезгілін дәл бермегенмен, жалпы тұрмыстағыуақыт ағымын жік-жікке бөліп, біршама дұрыс танытуымен де ерекшеленеді. Осылардыңбіразын академик Ә.Қайдардың пікірімен толығырақ түсіндіре кетейік:
«Ел аяғы басылғанда»
- фразеологизм, относящийся к разряду бытовых, образовался наоснове народного измерения времени. Этот период суток соответствовал, в зависимости отвремени года, 7-8 часам вечера, сумеркам. После этого периода наступает время -
ел орынғаотырғанда
- соответствущее 8-9 часам вечера. Так казахи определяли свое время и временныепромежутки в течение суток, когда они не пользовались настенными или ручными часами.[1,113]Тілімізде «түн баласына көз ілмеу» деген тұрақты тіркес бар. Бұл
түн ұйқысын төрт бөлу
фразеологизміне синоним бола алмайды.
Түн ұйқысын
 
төрт бөлу
тіркесінде
ұйықтау
, алайда олұйқының тым мазасыз, шала-шарпы болуына, бір кедергілерге байланысты дұрыс ұйықтамауынамеңзеу бар да,
түн баласына көз ілмеу
тіркесінде мүлдем
ұйықтамау
, ұйықтауға әлдебір бөгеттіңбарлығына тұспал бар. Бұл тіркес
атар таңды көзбен атқару
фразеологизміне синоним болады.Осындағы
түн баласы
– ерекше тілдік қолданыс. Өйткені, түн және бала - өзара шартты тіркесім,синкретті амал, яғни мағыналары алыс, бір-біріне тіркеспейтін сөздерді әсерлі ету мақсатыментіркестіру – тілімізде кездестін тілдік әдіс.Тіліміздегі мезгіл мағынасын білдіретін тұрақты тіркестермен қатар, авторлық қолданыстағыокказионал фразеологизмдердің, суреттеу тәсілімен берілетін көркемдік мезгілдердің шығарматілін әрлендіру мақсатында жұмсалу мүмкіндігі өте көп. Мысалы: «Осы кезде:
ай Алтайдың аржағында бір жамбастап жүзген шақта, бергі бетте ұйықтаған қара мысықтай қорқынышпенқарауытқан дел-сал суық мезетте,
үркер төбеден әлдеқашан
 
ауып
 , енді көп ұзамай
таң жұлдызы туар, сәресі ішер сәтте
 , ұйқы мен ояудың, өлі мен тірінің екі ортасында
шөкелепотырған Аманның қасына он жасар Бала келді». (О.Бөкей. Сайтан көпір) Алынған үзіндідефизикалық уақыттың өлшеміне ыңғайлас келетін
үркер төбеден ауғанда, таң жұлдызы
 
туарда,сәресі ішер сәтте
дейтін халықтық тұрақты тіркестерге қоса, көркемдік мезгіл жасауға қызметететін авторлық
...айдың бір жамбастап
 
жүзген шағы, ...қорқынышпен қарауытқан дел-сал мезеті
және физикалық уақыттың да, көркемдік уақыттың да мерзіміне емес, адамның жан-дүниесіндегі, бітім-болмысындағы, қалып-тұлғасындағы белгілі бір мезгілдің белгісін білдіретін
ұйқы мен ояудың, өлі мен тірінің екі ортасында
дейтін тұрақты тіркестер, бәрі-бәрі ұжымдасакеле, екі кейіпкердің кездесу уақытын білдіруге «атсалысып тұр».
Ортасы
көмекші есімі негізінен2

көлемдік, кеңістік ұғымды берсе де, жатыс септігін қабылдап, мезгілдік қызметте жұмсала алады.Бұндай қолданыста олар іс-әрекеттің болып жатқан мезгіл-мерзімінің тұтас уақытын емес, белгілікезеңін ғана қамтиды. Мұндай еселене келген мезгілдік көрсеткіштерді түрлі тілдік тәсілдерменжеткізу – шығарманың экспрессивтік-эмоционалдық бояуын қалыңдатып, мағыналық әсерінкүшейтеді.Тәуліктегі уақыт мерзімі жік-жікке бөлінгенде, жыл мезгілдері де маусымға, әр кезеңгежіктеліп отырған. Мысалы, көктем
 – қар еріп жатқанда, сең жүргенде, көктем шыға, ұзынсарыда, жуанның жіңішеріп,
 
жіңішкенің үзілер кезінде,
 
құралайдың желінде,
жаз – 
ел жайлауғакөшкенде, жер аяғы
 
кеңігенде,
 
жаз ортасында, қырық күн шілдеде, жаздың аптап ыстығында,
күз – 
орақ кезінде, сабантойда, күзек алып жатқанда, күздің қара суығында,
қыс – 
соғым сойыпжатқанда, ақ қар, көк мұзда, ел қыстауға қонғанда
, т.б. Аталған тұрақты тіркестердің бәрі дежыл мезгілдеріне қатысты қолданылып, айлар мен уақыттық циклдың баламасы ретінде қазірге дежалғасып келеді. Әсіресе, көркем әдебиетте, образды, бейнелі ой қажет етілетін шығармашылықжұмыста, бұхаралық-ақпарат құралдарының мәтіндерінде де жиі қолданылатын тілдік элемент ретінде бұндай мезгіл мәнді тіркестер өміршең болып қала бермек. Бұлардан басқа тағы бір топтыадам жасына қатысты поэтикалы мазмұндағы мезгіл мәнді тіркестер құрайды. Оларға:
балалықшағында, ес жиып, етек жапқанда, бір мүшелге толғанда, мектеп қабырғасында жүргенде,кәмелетке толғанда, оң мен солын танығанда, ат жалын тартып мінген шақта, орда бұзаржасында, қырықтың қырқасында, ердің жасында, самайын ақ шалғанда, алпыстың
 
асқарында,сексеннің сеңгірінде
деген сияқты метафоралы, айшықты тіркестер жатады. Бұлардың ішіндеадамның өмір сүру кезеңіндегі түрліше сатылардың параллельді құбылыстардың белгісіне сүйенеотырып, ауыспалы мағынада қолданылуы – көркем шығармаларда жиі пайдаланылатын тәсіл.Мысалы, сары ауыз шағында (балалығы тарқамаған кезде), жер ортасына келгенде (жігіт ағасыболған кез), базары тарқағанда (қарттықтың белгісі), зауал шағында, т.б. тіркестерперифразаланған тұрақты тіркестердің қатарына жатады. Перифраза дегеніміз – көркем сөзмәдениетiнiң күрделi дамуын, бейнелi тiркестiң поэтикалық табиғатын көрсететін тәсіл.Перифраза – қандай да бiр ұғымды өз денотатынан тыс, басқашалап, бiрнеше суреттерменсипаттау әдiсi, яғни қандай да болмасын, заттың, құбылыстың, мезгілдің, іс-әрекеттің бірбелгісіне, қасиетіне қатысты суреттеліп, өз аты аталмай, оны басқаша етiп атап, суреттептүсiндiру әдiсi. Мысалы, адам өмiрiн
ұзақ көш
деп атаса, мұнда адам өмiрiнiң көш сияқтыжылжу, iлгерi басу, күннен күн, жылдан-жыл өткiзу тәрiздi белгiсiн
көш
сөзiмен көрсетiп,суреттеп, өзге сөздермен атап тұр. «Перифраз құбылысын тануда көзқарастар бiркелкi емес.Бiреулер белгiлi бiр ұғымды әдеттегi (тiлдегi қолданыстағы) бар атаудан өзгеше сөздермен (несөзбен) аталғанның бәрiн перифраз деп таныса, ендi бiр зерттеушiлер мұнда екiншi атаудың(орысша "вторичная номинация") арнайы жасалу жолы (амалы) барын көрсетедi, ол амал бiрнәрсенi (затты, құбылысты, iс-әрекеттi, абстракт ұғымды), оның бiр белгiсiн көрсетiп, яғниастарлы айтқанда, сол белгiнi танытатын сөздi келтiрiп, суреттеп атауды жүзеге асырады» [2,67]деп түсіндіреді белгілі ғалым Р.Сыздық. Біз перифразаланған тұрақты тіркестер депкелтіргенімізде белгілі бір ұғымның астарлы, суретті белгісіне байланысты алынған қолданысынназарда ұстадық. Осы тұста тағы да ғалым Ә.Қайдардың анықтамасын бере кеткеніміз жөн:
«Зауал шақ»
– фразеологизм, восходит к выражению, входящему в группу народныйметронимии, где определяет промежуток времени – сумерки, период, когда солнце заходит загоризонт и постепенно наступает темнота. Фразеологизм построен на основе сравнения вечерноговремени суток с периодом жизни человека, его преклонным возрастом». [1,160] Академик-ғалымбұл жерде фразеологизмдердің параллель құбылыстарды салыстырудан шыққан перифразалықнегізін ашып көрсетеді.Бұлардан басқа да көптеген мезгіл мәнді тұрақты тіркестер заманның, айтулы кезеңдердіңерекше тарихи-әлеуметтік жағдайларына байланысты шыққандығымен де ерекшеленеді. Тарихикезеңдердің белгісін танытатын
нәубет жылдары, ақтабан шұбырындыда, ашаршылықжылдары, зобалаң тұста, қуғын-сүргін жылдары, алаш қозғалысы кезінде, ұлы төңкерісте,сталиндік қырғында, тоқырау жылдарында, қайта құру тұсында, «құрғақ заң» тұсында, тыңигеру жылдары, тәуелсіздік алғанда, астана ауысқанда,
т.б. тіркестер нақты жылдардың, белгілікезеңдердің мезгілдік ұғымын білдіреді. «Құбылыс пен өзгерістің, қозғалыс пен әрекеттің, т.б.процестердің бірінен соң бірі болуы арқылы мезгіл айқындалады. Тіл мезгілді әртүрлі жолменайқындайды. Мезгілді білдіретін сөздер мен сөз тіркестері осы объективті құбылыстың көріну3

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет