1. Мінез ұғымы, анықтамасы


Мінезді диагностикалауға арналған әдістемелер



бет2/4
Дата25.04.2023
өлшемі20,76 Kb.
#86497
1   2   3   4
Байланысты:
13-апта

2.Мінезді диагностикалауға арналған әдістемелер.
Психологиялық диагностика психологияның бір саласы, ол теориялық пән бола тура бір уақытта адамның психикалық дамуының диагнозын зерттейді.Психологиялық диагностика туралы өзарамәдени айырмашылықтарға тоқталып өтсек: онда, американдықтар диагностика көзін адамдарға және олардың мәселелерін шешуге көмек беретін процесс ретінде қарастырады.
Ол үшін, бұны құрайтын төрт процесті бөліп көрсетеді:
- ақпараты (информацияны) жинақтау;
- ақпараты қорытындылау (интерпретациялау);
- ақпаратты жалпылау;
- мәселені шешу мүмкіндігі;
«Психологиялық диагностика» терминін алғаш рет ХХғ. 20 жылдарында пайда болып алғашқыда медициналық ғылымда (психатрияда: Г. Роршах «Психологиялық диагностика», 1921ж),содан кейінен индивидтің немесе кіші топтың психологиялық күйін анықтауды сипаттайтын психологиялық түсінік ретінде қолданыла бастады.
Дәлірек айтқанда, Психодиагностика (психо... және diagnostikos - айырып тануға қабілетті) - адамның психикалық қасиеті мен күйін ғылыми дәлелді тәсілдер арқылы сандық сипатта бағалайтын және нақты сапалық тұрғыдан талдайтын, сөйтіп адам психологиясының көрінісі туралы дұрыс болжамдық
мәлімет беретін ізденіс аумағы.Психологиялық диагностика тек қана жалпы
заңдылықтарды бекітіп, сипаттап қоймай, жағымсыз сәттерді жоюға да нақты көмек көрсетеді. Психологиялық диагностика адам психикасының ерекшеліктері туралы информация жинақтауға бағытталған. Қазіргі психологиялық диагностика психологиялық пән ретінде жеке психологиялық және жеке психофизиологиялық адам ерекшеліктерін зерттеуді, анықтау
әдістерін өңдейді. Психодиагностика дегенде психологиялық практика облысы, яғни әртүрлі сапаларды (психикалық, психофизиологиялық ерекшеліктер, жеке бас белгілері) анықтаудағы психолог жұмысын есепке алады.
Психологиялық диагностика психологиялық пән ретінде жалпы психологиялық зерттеулермен практика звеносын біріктіру қызметін атқарады. Оның теориялық негізі психологиялық ғылымдардың сәйкес облыстарымен
байланыстылығында. (жалпы, дифференциалды, жас ерекшелік, медициналық т.б.). Әдістемелік құралдары ретінде жеке психологиялық ерекшеліктерді анықтау, өңдеу жолдарын және алынған мәліметтерді интерпретациялау үшін нақты тәсілдерді қолдану қажет.
Психологиялық диагностиканы тұтастай алғанда төрт компоненттердің бірілігі ретінде көрсетуге болады:
1. процедураларды өлшеу теориясы немесе психометрия;
2. психикалық даму және айналадағы әлеуметтік айырмашылықтар т.б. индивуалды айырмашылықтардың теориялық жағынан көрінуі;
3. диагностикалық процедуралар;
4. диагностика процестері;
Қазірігі таңда психологиялық диагностиканың үш деңгейін бөлуге болады, яғни интегральды тұрғысынан алғанда:
1. феноменологиялық (тұрмыстық) мінез-құлқын өзгертетін әсерлер, себептер, даму процесі т.б. адамдардың өзіңдік индивуалды айырмашылықтырын көрсетеді. Бұл деңгей дұрыс мағындағы ой немесе тұрмыстық қабылау. Ол зерттеуді интерпретациялау, нұсқауды қалыптастыру және диагностикалық
процедуралар т.б. барысында өте қажет;
2. концептуальды деңгей, теория мен конструктіні, әртүрлі психологиялық концепцияларда еңгізеді;
3. модельді, психикалық өмірдің тууына мүмкіндік туғызады(біріншіден, математикалық жағынан).
Мәнді айырмашылықтарына қарамастан, олар бірі бірімен тығыз байланысты. Себебі: мінез-құлықты түсінуге немесе қалыптастыруға бағытталғандықтан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет