39.Шаң дәрежесі бойынша өндірістік учаскелерді жіктеуді көрсетіңіз және оларды сипаттаңыз. Өндірістік шаң - әртүрлі өндірістік процесстер кезінде пайда болып, ауада ұзақ уақыт бола алатын жұқа дисперсті бөлшектер.
Шаң аэрозоль – яғни дисперсті жүйе, дисперсті фаза – қатты бөлшектер, ал дисперсионды орта – ауа.Өндірістік шаңды әртүрлі белгілеріне қарап жіктейді: шығу тегіне байланысты, жасалу, пайда болу әдісіне, адам ағзасына әсер етуіне, дисперстілігінің дәрежесіне байланысты, фракциялық және химиялық құрамына, электрлік және магниттік қасиетіне, өрт және жарылыс қауіптілігіне т.б. байланысты.Жасалу әдісіне байланысты: дезинтеграция, конденсация шаңы деп бөлінеді.
Дезинтеграция шаңы - ұсақтау, ұнтақтау, ұрғырау, кесу тағы басқа механикалық процесстер кезінде пайда болады. Олар полидисперстілігімен сипатталады, шаң бөлшектерінің формасы пішіні дұрыс емес яғни біркелкі емес болады.Конденсация шаңы – балқытылған массаларды (металл, әйнек, тұздар, ерітінділер т.б.) салқындатқанда олардың буларының конденсациялануы нәтижесінде пайда болады. Шаңның бөлшектері дөңгелек, овальді формалы болады. Олар жоғары дисперстілігімен сипатталады.
Дисперстілігіне байланысты:
көзге көрінетін шаң – мөлшері 10 мкм жоғары;
микроскопиялық – мөлшері 0,25-10мккм;
ультрамикроскопиялық – мөлшері 0,25 мкм-ден аз болып бөлінеді.Радиоактивті шаң – радиоактивтілік қасиеті бар – газды дисперсті орта мен қатты дисперсті фазасы бар аэродисперсті жүйе. Шығу тегіне байланысты радиоактивті аэрозольдер – табиғи, жасанды болып бөлінеді. Уран, торий т.б. радиоактивті кендерді алу кезінде табиғи радиоактивті аэрозольдер пайда болады мөлшерлері 0,001-10 мкм. Жасанды радиоактивті аэрозольдер – ядролық жарылыс, атом өндірісіндегі технологиялық және апаттық қалдықтар шығару кезінде пайда болады. Теріге түскенде сәулелік күйіктер пайда болады. Нашар еритін радиоактивті аэрозольдер өкпеде, лимфа түйіндерінде ұзақ уақыт болып сәулелендіреді, зақымдайды. Тез еритіндері қанға өтіп, басқа ткандерді іштен зақымдайды. Ұзақ сақталатын изотоптар өте қауіпті олар ағзада өмір бойы болып зақымдайды