Байланысты: 1 модуль бойынша ба ылау ткізуге арнал ан с ра тар
Факсимильдік сигналдар. Оқу барысында біздің көзіміз жолдарды қарап шыққанда, солдан оңға қарай жылжып отырады, сонан соң басқа жолға барысып, осы құбылыс беттің соңына дейін қайталанып отырады. Басқаша айтқанда барлық қатар элементтерін рет-ретімен қарап шығалық. Мәтіндік бейнені оқу барысында қатар аралық жайма болады десекте болады. Нақ осы әдіс бойынша қазіргі таңда заманауи факсимльдік аппаратураларды қолданылады, олар әртүрлі қашықтыққа әртүрлі жылжымайтын бейнелерді, (құжаттар, сызулар, суреттер, бейнесуреттер) таратуға арналған. Бұл үшін, жарық көзі және оптикалық линзалар жүйесі арқылы жарықты дақты 0,2х0,2мм пішіндегі таратылатын бейнені жарықтандыратындай етіп орналастырады.Бұл жарықтық дақ, алдымен бірінші жол бойымен қозғалады, сонан соң басқасына беріледі, осылайша ең соңғы жолға дейін қайталанып отырады. Жарық, әрбір элементарлы алаңда бейнеленген сайын, фотоэлементке түседі және оны ток тізбегіне алып барады. Бұл тоқтың шамасы бейнеленген жарықтың жарықтылығына, ал соңғысы-алаңды жарықтандыруға байланысты болады. Сонымен, бейнеде жарық дағының ауысуларында бір элементарлы алаңнан басқа фотоэлементтің тоқ тізбегінде алақша жарықтығы пропорционалды болып ауысады; сонда біз бейненің нақты электрлік көшірмесін аламыз.
Теледидар сигналдары. Кез келген қозғалмалы фотосурет бұл, әр 40 м/с сайын бір қозғалмайтынсуреттін екіншісімен ауысуы (1 с-та 25 кадр). Кодрлау ауысу уақыты кезінде барлық қозғалмайтын суреттерді қарап үлгеру керек, ол жарты миллион қарапайым алаңдарды немесе сурет элементтерді барлығы (625 жол, бір жолында 833 элементтен) қамтиды. Яғни суреттің әрбір элементіне берілген 40 м/с уақыттың бір жарты миллиондаған бөліктің ішінде қарап шығу керек. Бәріне белгілі, ешқандай механикалық құрылғы жарықтық дақты және фотоэлементті осындай жылдамдықта тасымалдай алмайды. Жарықталатын нүктені осындай бас айланарлықтай жылдамдықта қозғалтуға не себеп болады? Электронды сәуле.
Түсті теледидар жүйесінде таратылатын сурет жарық сүзгілерінің көмегімен үш бір түсті суретке бөлінеді қызыл, жасыл және көк. Қызыл, жасыл және көк сәулелердің әрқайсысыс өзінің теледидарлы тұтқасына түседі. Қабылдағыш құрылғыда үш түрлі суреттің қосылуынан таратылатын түсті бейне пайда болады.
Сонымен, теледидарлы сигналдың спектрі 50 Гц-тен 6,5 Мгц-ке дейін жайлады.
Телеграфтық сигналдар және деректерді тарату сигналы. Қаралып отырған хабарлар мен сигналдар үздіксіз болып табылады. Ал телеграф хабарлары мен сигналдары және деректерді тарату дискреттіге жатады.
Телеграфтық хабарларды және мәліметтерді электрлік сигналға түрлендіру құрылғылары хабардың әрбір таңбасын (әріп,сан) анықталған. Импульстер комбинациясын және бірдей ұзақтықтағы кідірістер көрсетеді. Импульс түрлендіргіш құрылғының шығындығы тоққа сәйкес келу керек. (мысалы телеграфтық аппарат), үзіліс-тоқтың жоқтығы телеграфияда кесте-әріптерге, сандарға және басқа импульстық комбинациялы таңбаларға байланысты, телеграфты кодасы деп аталады. Егер импульсты 1 деп кідірісті 0 деп белгілесек және халықаралық телеграфты коданы МКТ 2–ні қолдансақ, онда мысалы, А таңбасын 11000 деп, В таңбасын 10011 деп жазуға болады.
Мәлеметтерді тарату үшін күрделі кодалар қолданылады. Олар бөгеуілдерден пайда болған қателерді тауып, жөндеуден жүзеге асырады.
Телеграфия және мәліметтерді тарату сигналдарын хабарламаға түрлендіретін құрылғы қабылданған импульстер комбинациясы бойынша және паузаларды қайта қалпына келтіреді.
Кодта кестесіне сәйкес хабарлама белгілері және оларды басатын құрылғы немесе дисплей экранына шығарады.
Телеграфия және мәліметтерді тарату сигналдары тіктөртбұрышты импульстер тізбегі түрінде болады.