«Психологиялық денсаулық» терминін И.В.Дубровина енгізген, психологиялық денсаулықты психикалық денсаулықтың психологиялық аспектісі ретінде, яғни тұлғаның рухани дамуымен көрінуіне байланысты түсіндіреді.
Психологиялық денсаулықтың құрылымы:аксиологиялық;инструменталдық;қажеттілік-мотивациялық.
Аксиологиялық – адамның өзінің және өзгелердің құндылығын ұғынуы (өзін қабылдауы және жынысына, жасына, мәдени ерекшелігіне қарамастан өзгені де қабылдай алуы).
Инструменталдық – рефлексияны өзін-өзі тану құралы ретінде өзінің жан дүниесін және өзгелермен қатынасын ұғыну қабілеті ретінде игеруі. (өзінің және өзгелердің эмоционалдық жағдайын, мінез-құлқының ерекшелігін ұғынуы).
Қажеттілік-мотивациялық – өзіндік дамуды қажетсіну (өзін дамытуға деген жауапкершілікті сезіне білу).
ІІ. Психологиялық қолдау көрсету формасын айқындау үшін норма және психологиялық денсаулық көрсеткішін қарастыруымыз қажет. Норма адамның қоршаған ортаға бейімделуімен және оны өз қажеттілігіне сәйкес бейімдей алу іскерлігімен айқындалады.
Осы жоғарыдағы норма ұғымының анықтамасына сәйкес психологиялық денсаулық деңгейі былай айқындалады:
-жоғары деңгейі –ортаға тұрақты бейімделе алуы, стрестік жағдаяттардан шыға алуы, қоршаған әлемге белсенді, шығармашылық қатынасының болуы;
-орташа деңгей – бейімделу алдын-алу, қоғамға (социумге) бейімделе алуы, үрейленудің басым болуы;
-төменгі деңгей – бейімделеалмаушылық, мінез-құлықтың ассимилятивтік стилі өз қажеттілігі мен мүмкіншілігіне залал тудыра отырып қоршаған ортаға бейімделуге тырысуы, мінез-құлықтың аккомодативтік стилі – өзгелерді бағындыруға тырысуы.
Психологиялық саулық критерийлері:
-психикалық тепе-теңдік;
-психиканың өзгермелі ортаға тез бейімделу мүмкіндігі;
-айналаны дұрыс қабылдау және оған сәйкес саналы әрекет жасау;
-мақсаткерлік, жұмысқа қабілеттілік, белсенділік; толыққанды отбасылық өмір, олар үшін жауапкершілік;
-өзіне сенімділік, реніштерге берілмеу, жеке даралық;
-мінез-құлықтың тәуелсіздігі мен табиғилығы; әзіл сезімі, мейірімді қатынас, өзін дұрыс бағалау.
Бүкіләлемдік денсаулық қорғау ұйымының пайымдауынша, психика саулығы дегеніміз адам ақыл-ойының, физикалық және эмоционалдық дамуының толыққанды жетілуіне ықпал етуші күй болып табылады.
Адам психикасының саулығын білдіретін нормалар мен ауытқуларының (аномалиялардың) көрсеткіштерін анықтау – аса күрделі мәселелердің бірі. Мәдени-әлеуметтік дәстүрлердің норма көрсеткіштері болып есептелетін жағдай тарихи түрде қалыптасып қалған.
Бірдей психикалық көрініс барлығына ортақ норма ұғымына қатысты қалыпты да, ауытқыған (аномальды) да болып саналуы мүмкін. Қазіргі заманғы ғылым психика саулығын медициналық және психологиялық көрсеткіштер қосындысы, сондай-ақ әлеуметтік нормалар мен құндылықтар арқылы анықтайды.
Адам психикасының саулығын білдіретін үш деңгейді көрсетуге болады:
психофизиологиясының саулық деңгейі (орталық жүйке жүйесінің қызметімен, жағдайымен анықталады);
жеке психологиясының саулық деңгейі (психикалық іс-әрекітінің жағдайымен, қызметімен анықталады);
тұлғасының саулық деңгейі (адам қажеттіліктері мен әлеуметтік орта талаптары, мүмкіншіліктері арасындағы қатынаспен анықталады).
ІІІ. Адам психикасының әрбір деңгейінде норма мен ауытқулар (аномалиялар) көрсеткіштерінің өзіндік медициналық-психологиялық және әлеуметтік құндылықтар жүйесі болатыны анық.
Жағымсыз өзгерістердің әсері бірінші деңгейде де, екінші деңгейде де, үшінші деңгейде де орын алуы мүмкін. Адам психикасының саулығын сақтау мен жетілдіру негізі салауатты өмір салты болып саналады: ойлау мен еңбек ету әрекеттерінің тиімді күнтәртібі, ішкі жан дүниесіндегі психикалық күйлердің тепе теңдігі.
Өз эмоцияларын қадағалауды және болымсыз іс-әрекеттерге қарсы тұруды қалыптастыру керек.ХХ ғасырдағы психологияантропологиямен, нейробиологиямен, нейрохимиямен, кибернетикамен, лингвистикамен байланысын зерттеу нәтижесінде ғылымдар терминологиясында психика саулығы ұғымына анықтама берілген.
Психологиялық денсаулық – бұл адамның ішкі психикалық күйлерін реттей алуы.А. Маслоу бойынша:Психологиялық денсаулық ғана емес, әл-ауқатын субъективті сезімімен адамды толтырады, ол өзі, дұрыс шынайы және нақты болып табылады. Салауатты адам шындықты және жоғары ақиқатты көре алады.