1 модуль. ҰЛттық сананы қалыптастыру контекстіндегі тұЛҒа психологиясы



бет38/57
Дата09.02.2023
өлшемі0,67 Mb.
#66462
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   57
Байланысты:
Жана лекциялар

Біздің дәрістің тақырыбы:Тұлғаның коммуникативті дағдылары және коммуникация модельдерін талдау.
Дәрістің жоспары:
1.Қарым-қатынас және комуникация ұғымдарының арақатынасын талқылау арқылы тұлғаның рухани даму негіздерін қалыптастыру;
2.Тұлға құрылымындағы коммункация модельдерін негіздеп, коммуникациядағы мінез-құлық типтерін көрсету арқылы рухани дамуды жетілдіру;
3.Коммуникация дағдылары мен модельдері негізінде тұлғалық дамуға әсер ететін психотехнологияларды үйрену, тәжірибелер жинақтау.
Дәрістің мақсаты: Басқару субъектілері мен объектілерінің арасында тиімді ақпараттар алмасуды қамтамасыз ету негізінде танымдық, әлеуметтік және эмоциялық ақпараттар алмасу процесінде жағымды (позитивті) тұлға аралық қатынастарды қалыптастыру.
Дәріс бойынша оқыту нәтижелері:
1-ОН: Қарым-қатынас, коммуникация, комуникация модельдері коммуникация дағдылары ұғымдарын зерттеу негізінде қарым-қатынасты жағымды (позитивті) және рационалды басқаруды қалыптастыру;
2-ОН: Қарым-қатынас психологиясының негізгі зерттеулерін талқылау арқылы коммуникация процесін, коммуникация дағдылары мен модельдерін түсіндіру;
3-ОН: Қарым-қатынастың психологиялық сипатын аша отырып, коммуникацияны талдау негізінде коммуникация дағдылары мен коммуникативті мінез-құлық модельдерін сәтті қолдана алдуың тәсілдерін игеруге психотехнологияларды қолдану;
4-ОН: Коммуникациядағы мінез-құлық модельдерін психологиялық талдау арқылы өзіндік сананы дамыту үшін коммуникация дағдыларын қалыптастыру әдістерін қолдану;
5-ОН: Қарым-қатынас психологиясының теориялық-практикалық негізінде тұлғалық дамудың жағымды (позитивті) аспектілерін дамытуға арналған коммуникациядағы мінез-құлық модельдерінің психологиялық бағдарламаларды құрастыру.


І. Қарым-қатынас процесін ғылыми зерттеу барысында коммуникация ұғымы туралы зерттеулер шет елде бұрыннан қалыптасқан, біздің өмірімізге, тұрмысымызға коммуникация кештеп келген термин. Әрине тұрмыстық дәрежеде қарым-қатынас және коммуникация деп аталатын екі термин синоним сөздер сиякты кабылданады, ажыратпай қабылдай береміз. Тіпті көптеген бұрынғы психологиялық әдебиеттерде екі термин синоним ретінде берілді. Алайда қазіргі дамып жатқан мынау ұтқыр, динамикалы заманда бәрі өзгеріп отыратыны заңды құбылыс.
Қарым-қатынас және коммуникация ұғымдары ғылыми кеңістікте олар өзара байланысты терминдер, бір-бірін толықтыратын түсініктер бола отырып, коммуникация басқаша, қарым-қатынас басқаша түсіндірілетін және әрқайсысының өз ерекшеліктері бар екі түрлі феномен екенін осы дәріс негізінде көз жеткізе аласыз.
Шет елдік ағылшын тілді лингвистикалық әдебиеттерде коммуникацияны жазба және ауызша сөз сигналдар формасында адамдардың ойларымен, ақпараттармен алмасу процесі деп айтылып, кәдімгі қарым-қатынас сиякты түсіндіріледі және бір қарағанда солай ойлап каламыз.
Енді ғылыми тереңдей берсек олардың екі түрлі процесс екенін қабылдауға болады және қазіргі жаңа заманауи уақытта әлемде осы коммуникация сөзі қарым-қатынас сөзіне қарағанда өте көп қолданылады, қысқасын айтсак бренд сөзге айналып кеткен.
Ең бастысы коммуникация индивидуалды ақпараттар мен қоғамдық мәнді ақпараттардың арасындағы делдал ретінде функция атқарады. Келесі жағдайға негізінен екпін жасалады, яғни ақпараттарды берудің индивидуалды процесін бұқаралық және персоналды мәні бар әлеуметтік мәнді процесске ауыстыратын мехнизмге ие.
Бұл күндері әлеуметтану және психологиялық әдебиеттерде коммуникация мен қарым-қатынас қиылысқан (пересекающие) түсініктер және олар синонимді ұғымдар емес деп нақты талданады. Мұнда коммункация терминін ең алдыменен байланыс (связь) құралы, материалды және рухани әлемді байланыстыратын байланыс құралы ретінде, қоғамдағы ақпараттарды беру мен алмастыру процесі, адамдардың бір-біріне ақпараттар беру мен алмасу әрекеті деп түсіндіреді.
Коммуникация және қарым-қатынас процесі әрі ортақ, әрі айырмашылығы бар белгілерге ие. Олардың ортақ белгілері ақпараттарды беру мен алмастыру процестері бойынша арақатысты. Ал айырмашылықты беретін белгілері осы ұғымдардың мазмұнының көлемінің айырмашылықтарымен шарттандырылады (кең мағына да және тар мағынада да), ол немен байланысты, негізгісі олар әртүрлі ғылымдарда қолданылады және бірінші жоспарға бұл ұғымдардың әртүрлі аспектілерін алдыға шығарады.
Қарым-қатынас процесі ол тұлғааралық процесс, ал коммуникация қоғамда ақпараттық алмасулар. Міне басты айырмашылық осында. Олардың анықтамалары арқылы тағы да айырмашылықтарды нақты көреміз. Қарым-қатынас-адамдардың арасындағы өзара әрекет, соның барысында тұлға аралық қатынас қалыптасады, дамытылады, туындайды. Қарым-қатынас ойлардың, сезімдердің, бастан өткен әсерленулердің алмасуларын ұйғарады.
Қарым-қатынас ол да әсер ету, пікірілер алмасу. Міне осы жерден аз да болса олардың өзара байланысын, бірақ екі түрлі түсінік екенін байқауға болады.
Коммуникация (латын сөзі communication – жалпы етіп жасаймын, байланыстырамын) – ол әлеуметтік процесс, осы процеске кіргізілген адамдардың көзқарастарында, пікірлерінде, бағалауларында өзгерістерге қол жеткізетін, жасайтын құрал ретінде әлеуметтік байланыстарды орнатуға немесе жаңартуға әкелетін әлеуметтік процесс деп қарастырылады.
Коммуникацияның мақсаты: басқару жүйесінде (ұйымдар, корпорациялар) адамдардың бір-бірімен тиімді ақпараттарды алмасуды қамтамасыз ету. Ақпараттармен алмасу процесінде тұлғааралық қатынастарды жетілдіру. Ақпараттық каналдар жасау, оның мақсаты топтардың және жеке бір адамдардың арасында ақпараттарды алмасу үшін жасалады. Коммуникация ақпараттық ағындарды реттеу және рационализациялау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет