1 модуль. ҰЛттық сананы қалыптастыру контекстіндегі тұЛҒа психологиясы



бет22/57
Дата14.10.2023
өлшемі0,67 Mb.
#113761
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   57
Байланысты:
Дәріс тезистері

Құндылық бағдары дегеніміз –адамның әлеуметтік ортада мінез-құлқы мен әлеуметтік іс-әрекетін психологиялық реттеуді қамтамасыз ететін тұлғадағы қасиет.Құндылықтар туралы алғашқы түсінік ежелгі грек ғалымы Сократтан бастау алады. Сократ үшін құндылық «адамның өмірді бағалауы» екен. Ал Аристотель «жақсылық», «игілік» ұғымдарын жағымды мінез-құлықты, рухани құндылықты бейнелеуде қолданды.
Құбылысты, затты жағымды бағалау адам үшін құнды игілікті түсінуге негізделген. «Ізгілік» сөзі салыстырмалы мағынада белгілі бір жағдайдағы адам үшін жақсылық, пайдалы нәрсе деп түсіндіріледі. Рухани адамгершілікке тәрбиелейтін ғылым ретінде этика белгілеген. Аристотельдің пайымдауында этиканың мақсаты – таным емес, ізгілікке үйрету.
Этикалық зерттеулер рухани-адамгершілік дегеннің не екендігін білу үшін емес, осы рухани-адамгершілікке жетудің жолдарын үйрету үшін қажет, олай болмағанда бұл ғылымның пайдасы болмас еді» - дейді.
ІІ. Адамды адамның қабылдауы мен түсінуінің механизмдеріне: идентификация, эмпатия, рефлексия, аттракция, атрибуцияны жатқызуға болады Идентификация, қазақша «теңестіру», «ұқсастыру» ұғымдарына жақын, яғни өзіңді басқа адаммен теңестіру, өзіңді сол адамның орнына қою. Идентификацияда басқа адамның құндылықтар нормасы, мінез-құлқы, талғамдары мен дағдылары игеріледі.
Әсіресе, жеткіншектік кезеңде оның мәні зор. Көптеген зерттеулерде идентификацияның оған жақын ұғым эмпатиямен тығыз байланысты екені анықталған.
Идентификация дегеніміз – бұл басқа адамды сол субьектінің өзінің ерекшеліктеріне саналы немесе санасыз ұқсастыру арқылы түсіну тәсілі.
Қарым-қатынас жағдайында адамдар өзін сол адамның орнына қою әрекеті негізінде басқа адамның ішкі қалпы, ой ниеті, мотивтері мен сезімдері туралы болжамдар жасайды.
Эмпатияны басқа адамды сезіну, оның тебіреністеріне бой ұсына білу деп анықтауға болады, оның эмоциялық жағы басым, егер идентификацияда басқаның «мәселесі (проблемасы)» «ойланылса», эмпатияда «сезініледі». Екеуінде де басқаның орнына қоя білу көрінеді, бірақ бастапқысында өзін партнермен теңестіру механизмі, ал соңғысында басқамен теңестіру қажет емес, өз пікірі болуы мүмкін, дегенмен басқаның мәселесін (проблемасын) сезіну іске асырылады.
Эмпатия – басқаның қуаныш-сүйініштерін дұрыс сезіне білу қасиеті. Осы екі жағдайда да, арадағы қарым-қатынастың іске асырылуы, үшінші жағдайдағы партнердің «мені» түсінуіне байланысты. Басқаша айтқанда, бір-бірін түсіну рефлекия құбылысымен күрделенеді. Әлеуметтік психологияда рефлексия – қарым-қатынасқа түсушінің басқа адам оны қалай қабылдайтынын түсінуі. Ол басқаша қабылдау мен түсінуі ғана емес, басқа «мені» қалай түсінетінін білу, ерекше бір-бірін бейнелеу, яғни «мен» басқаларға қалай көрінемін.
Қарым-қатынас субьектісіне басқа адамды дерексіз жағынан ғана түсіну маңызды емес, сонымен қатар онымен қарым-қатынасқа түскен индивидтің оның өзін қалай қабылдап, түсініп тұрғаны да маңызды. Субьектінің қарым-қатынас серіктесінің оны қалай қабылдайтынын түсіну рефлексия деп аталады. Рефлексия басқа адамды қабылдау құрамына жатады.
Сонымен, адамды адамның қабылдауын екі еселенген айналы бейнеленуге ұқсастыруға болады. Адам басқа адамды бейнелегенде, өзін де сол басқаның қабылдау айнасында бейнелейді. Қарым-қатынас процестерінде идентификация мен рефлексия бірігіп әрекет етеді. Егер де әрбір адам басқа адамдар туралы ғылыми негізделген толық хабарлармен қамтамасыз етілген болса, онда ол олармен өзара әрекет ету жолын қатесіз құрастырған болар еді.
Қабылданатын адамға деген эмоциялық көзқарастардың пайда болу механизмдерін анықтаумен байланысты зерттеу аймағы – аттракция деп аталады. Аттракция, бір жағынан, қабылдаушы үшін басқа адамның тартымдылығының қалыптасу процесі, екіншіден, осы процесс өнімі, яғни көзқарастардың біршама сапасы.
Қарым-қатынастың перцептивті жағын зерттегенде осыны ескерген жөн, себебі, бір жағынан, адамдар арасында бір-бірін ұнатушылық, достық сезімдері немесе, керісінше, жақтырмау сезімдерінің қалыптасуы, екіншіден, бұл құбылыстың қарым-қатынастағы маңызы қандай деген мәселелер туындайды.
Аттракцияны бір адамның екінші адамға деген әлеуметтік бағдары және сол жағдайда эмоциялық компоненті басым деп қарастыруға болады.
Аттракцияның түрлі деңгейлері анықталған: ұнатушылық, достық, сүйіспеншілік. Кеңестік әлеуметтік психологияда аттракция көп зерттелінбеген. Қазіргі кезде топтық іс-әрекетте аттракцияны зерттеу қолға алына бастады.
ІІІ. Тұлғааралық қатынастарда адамдардың бір-бірін қабылдауында зерттеу саласы болып табылатын түрлі «эффектілерді» де есепке алу қажет. Үш түрлі «эффектілер» көбірек зерттелген: ореол эффектісі (ореол – құрмет, даңқ), жаңа мен алғашқылық эффектісі және стереотип эффектісі (таптаурын).
«Құрмет эффектісінде» қабылдаушыға алдын-ала қабылданатын адам туралы арнаулы бағдар беріледі, белгілі қасиеттер телінеді: ол адам туралы алынған мәлімет алдын-ала жасалынған бейненің үстіне салынады. Бұрын жасалынған бейне «құрмет» рөлін атқарып, нақты қасиеттерді көріп, дұрыс қабылдауға кедергі жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет