1 модуль. ҰЛттық сананы қалыптастыру контекстіндегі тұЛҒа психологиясы



бет9/57
Дата14.10.2023
өлшемі0,67 Mb.
#113761
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   57
Байланысты:
Дәріс тезистері

Гормондар

Эмо
ция

Негізгі қызметі

Пайда болу шарты

Окситоцин

Қуа
ныш

Қанағат сезімі, үрей мен қорқынышты төмендету, сенім мен сабырлық. Бөгде адамдарды жақтырмау, мәдени нәсілдік (расалық) сезімдерді күшейтеді.

Достық қол алысу, құшақтасу, массаж, жақын адамды кездестіру.
Тағам арасында банан мен авокадо жегенде пайда болады.

Серотонин

Қуа
ныш

Көңіл-күйдің көтерілуі, бұлшық еттер тонусының жоғарылауы.

Бұл гормон күн астында (ультрафиолет) пайда болады, және көмірсуларға (углеводтарға) бай тағамдарда болады – тәтті нан, шоколад, банан, түрлі тәттілер.

Мелатонин

Күр
сіну

Ұйқысыздық, депрессивті күйлер

Серотониннің негізінде күннің қараңғы мезгілінде пайда болады.

Дофамин

Жалпы эмоциялық қозу

Ішкі қозғалтқыш күш, көңіл-күйді көтеріп, нақты бір іске дайындау.

Болашақта алатын сый туралы ойлар барысында пайда болады

Эндорфин

Қуа
ныш

Тыныш ұйқы, ауруды басу, стресстің салдарын төмендету, жалпы ляззат сезіміне батыру.

Спорт, шоколад, күлкі, ақша, өнер, күн сәулесі (ультрафиолет), секс.

Адреналин

Қорқыныш

Жүрек қағысын жылдамдату, ішек бұлшық еттерін босатып, көз жанарын ұлғайту, стресске бейімделу.

Қауіпті жағдайлар, түрлі мотивация (жазалау мен қолпаштау) әсері

Норадреналин

Ашу

Қан тамырларын кішірейтіп, қан қысымын көтереді, ойлау қабілетін жылдамдатып, іс-әрекетке дайындайды.

Спорт, ұрыс, өмірге қауіпті жағдайлар, жағымсыз иістер, аштық, шаршау, түрлі жағымсыз жағдайлар.

Егер адам ұзақ уақыт жағымсыз эмоциялар әсерінде жүретін болса, оның ағзасында сол эмоцияға байланысты түрлі аурулар пайда болуы мүмкін. Мысалы, үрейшіл, уайымшыл адамның асқазаны ауыруы мүмкін. Тез ашуланғыш адамдарда жоғары қан қысымы (гипертония) пайда болып, жүрек аурулары қозады.


Көп мұңайып, депрессияға берілгіш адамдардың басы ауырып, ұйқысы бұзылып, буындар аурулары болуы мүмкін. Сондықтан, әр сәтті сезінетін эмоциямызға және көңіл-күйімізге мән беріп, өз-өзіміз үшін жауапкершілік ала білуіміз өте маңызды әрі пайдалы.
ІІ. Осыған байланысты ХХ-шы ғасырдың 90-шы жылдары психологияда эмоциялық интеллект термині пайда болды. Питер Сэловей мен Джон Мэйер алғашқы болып эмоциялық интеллектінің бірінші үлгісін ұсынды.
Аталған авторлар эмоциялық интеллект деп «өзінің жəне өзгенің сезімдері мен эмоцияларын байқай білу, оларды ажырату жəне осы ақпаратты ойлау мен іс-əрекетте қолдану» деп түсіндірді. П. Сэловей мен Дж. Мэйердің үлгісі негізінде Д. Гоулманның аса танымал үлгісі жасап шығарылды.
Оның 1995 жылы шыққан «Эмоциялық интеллект» атты еңбегі кітап сатылымында бірінші орындарға шығып, аталған мəселенің ғылыми жəне көпшілікке арналған əдебиеттерде осы күнге дейін қызу талқылануына түрткі берді.
Сонымен қатар, эмоциялық интеллектінің аса танымал үлгілеріне Р.Бар-Онның тұжырымдамасын жатқызуға болады.
Р.Бар-Онның ЭИ теориясы бес компоненттерден тұрады:
1. Өзін тану: өз эмоцияларын ұғыну, өзіне деген сенімділік, өзін-өзі құрметтеу, өзін-өзі өзектілендіру, тәуелсіз болу.
2. Тұлғааралық қарым-қатынас дағдылары: эмпатия, тұлғааралық өзара қатынастар, әлеуметтік жауапкершілік. 
3. Бейімделуге қабілеттілік: мәселені шешу, шынайылықпен байланыс, икемділік.
4. Стрестік ситуацияларды басқару: стреске тұрақтылық, импульсивтілікті қадағалау. 
5. Басым көңіл-күй: бақыт, оптимизм.
ІІІ.Эмоциялық интеллект – күнделікті өмірімізге, мысалы күнделікті жүріс-тұрысымызға, өзге адамдармен дұрыс қарым-қатынас орнатуға қажет. Егер адамда эмоционалды интеллект деңгейі жоғары болса, онда ол өзінің және өзге адамдардың эмоциялық күйін тани біледі, адамдарды өзіне жақын тартып, баурап алады.
Эмоцияларды түсіну – өзге адамдармен дұрыс қатынаста болуға, қызметте үлкен табыстарға қол жеткізуге және толыққанды өмір сүруге мол мүмкіндік береді.
Белгілі профессор Константинос Петридес – эмоционалды интеллекті зерттеп жүрген ғалым. Ол «Эмоционалды интеллекттің белгілері» атты кітап жазған.
Сол кітапта EQ-ді тануға арналған бірнеше әдіс ұсынған. Оның айтуынша, ең алдымен, өзіңізге «Мен кіммін?» деген сұрақ қоясыз. Содан кейін ғана «Нені сезіп тұрмын?» деп сұрауды жалғастырасыз.
Тәсілдің мәні – адам өзін түсініп, эмоцияларын тануы керек. Осыдан кейін айналасындағылардың сезімін талдап үйрену қажет.
Өз сезімдеріңізді түсініп, талдай білгіңіз келсе, эмоциялар күнделігін арнаңыз. Ондай күнделікті жүргізу мысалы төмендегі кестеде берілген.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет