1 модуль. ҰЛттық сананы қалыптастыру контекстіндегі тұЛҒа психологиясы


ІІ. Енді мінез-құлық модельдеріне тоқталамыз. Модель (француз сөзі, үлгі



бет49/57
Дата15.11.2023
өлшемі0,67 Mb.
#123603
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   57
Байланысты:
Дәріс тезистері Психология 2023ж.

ІІ. Енді мінез-құлық модельдеріне тоқталамыз.
Модель (француз сөзі, үлгі)– әрине мінез-құлық моделдерін таңдау адам әрекетін стандарттау дегенді білдірмейді, себебі адамның тірі темпераментін, айрықша ойлауларын, тұрмыстық әдеттерін жоқ қылу мүмкін емес.
Қоғамдағы адамның мінез-құлық типтеріне тоқталамыз, психологияда жалпы 3 типті көрсетеді: агрессивті, енжар және ассертивті. Адам бұл мінез-құлық типтерін қалауы бойынша өзгертіп отырады. Негізінен адамда осы 3 типтің біреуі басымырақ болады, қиындықтардан өтуге, конфликтіні шешуге көмектеседі.
Агрессивті мінез-құлық – басқа адамның құқығын бұзып, мақсатқа жету жолында адам таңдаған мінез-құлық. Агрессивті адам өз идеяларын, тілектерін басқаларға жапсыра береді, олардың қызығуларын ескермейді. Агрессивті мінез-құлық адамнан өте үлкен эмоциялық күштер мен энергияларды талап етеді. Агрессивті мінез-құлық кімдерге тән, барлық қадағалауды өз қолына алғысы келетін адамдарға тән, басқа адамдарға деген қатынасы негативті болатын адамдарда болады.
Әдетте ондай адамдар өздеріне сенімсіз, әлсіз руханилық, басқа адамдарды пайдаланып өзі сол адамдардың фонында жақсы көрініп қалуды, сенімді сияқты болып көрінуге мақсат қоятындар.
Енжар мінез-құлық-адам өз қызығуларын құрбан етіп, өзінің құқығын басқалардың бұзуына жол береді. Енжар адам көпшілік алдында өз ойларын, сезімдерін, эмоцияларын, сенімділікті көрсетпейді. Ол үнемі кешірім сұрай береді, ақталады, әрі оларды өте ақырын және сенімсіз айтады. Басқалардың қызығуларын өзінікіне қарағанда жоғары қояды. Олар құрбан болатын, әлсіз адамдардың рөлін орындайды.
Агрессивті адам сияқты бұлар да өздеріне сенімсіз адамдар, агрессиялы адамдардан айрымашылығы сол, енжар адам өз әрекеті үшін жауапкершілік алмайды. Басқа адамдар сол үшін шешім қабылдауға жол береді, тіпті ол шешім зиян келтірсе де үндемейді.
Неге адамдарда енжар мінез-құлық болады, себебі оларда өмірлік қиындықтарды жеңуге деген ішкі қорқыныштар болады, көпшіліктен бөлініп көрінуге және жауапкершілік алуға қорқады. Енжар мінез-құлықтың мақсаты кез-келген конфликтіні басталмай жатып оның алдын алу, басқа адамдарға жауапкершілікті артып өз өмірін жеңілдету.
Ассертивті (ағылшынша, сенімділік, өз айтқанын істету) мінез-құлық – өз ойларын, эмоцияларын тура және сенімді көрсету. Өзіне сенімді адамдарда болады, агрессивті мінез-құлық пен енжар мінез-құлықтың арасындағы «алтын» ортасы.
Ассертивті адам өз құқығын нақты қорғай алады, өмірлік қиындықтарды конфликтіге бармай шеше алады. Ол өзіне не керек екенін біледі, ойын ашық айтады, қажет жағдайда басқа адамға оп-оңай бас тартуды көрсете алады. Ассертивті адам өз пікірлерін және басқалардың да пікірлерін құрметтейді, сонымен бірге ол басқалардан, олардың пікірлерінен тәуелді емес.
Модель ұғымы әрине мінез-құлық модельдерін таңдау адам әрекетін стандарттау дегенді білдірмейді, себебі адамның тірі темпераментін, айрықша ойлауларын, тұрмыстық әдеттерін жоқ қылу мүмкін емес.
Сонымен модель ол бірыңғай тұтастық болып табылады. Егерде модельдің құрамындағы элементтер бұзылса, бір-біріне қайшы келсе ол тұтастық бұзылады, мысалы, қайғылы жағдайды ойсыз қалжыңмен, мысқылмен (ирониямен) айтса. Ең маңыздысы көптеген мінез-құлық стратегияларын көрсететін қарым-қатынаста, әр адамның өзіне деген қатынасы анық байқалады, себебі өзіндік бағалауға қатысты көптеген қиындықтар туындайды. Мінез-құлық моделдерін адам не саналы немесе еркінен тыс таңдауы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет