Сонымен біз дәрісімізді қорытындылай келе келесі ойларды түйіндейміз: 1-қортынды: Стресс дегеніміз–негативті эмоцияларға, қатты зорлануға адамның организмінің жауап берген реакциясы, яғни адамның негізгі қажеттіліктерді қанағаттандыру барысында оған қауіп қатер төнгенде туындайтын жоғарғы психикалық, физикалық жүктеменің зорығуы.
Сізге ең маңыздысы, стрессті адамның субъективті күйлерімен шатыстырмаңыз, олар қатты шаршау – дем алыстың болмауынан туындайтын зорланған күйіміз, монотондылықты бастан кешіру; сіз жасап жатқан әрекеттің шамадан тыс енжар болуы, фрустрация және қатты қанығу-қанағаттандырылмаған күй.
2-қортынды: Стресс-менеджмент дегеніміз, өмірлік мақсатты, құндылықтарды, ішкі бағдарлануларды және мінез-құлықтық стереотиптерді ұғынумен байланысты болатын біздің ішкі әлемдегі жұмысымыз, уақытты басқарумен де байланысты болады.
3-қорытынды: Адамдағы өзіндік реттелуді басқаратын факторлар сырттан келетін реттелінетін жүйелерге әсер етпейді, ол соның өзінде туындайды. Қазіргі жаңа заманауи өмір, қарқынды жүктемелер, тығыз ақпараттық ағындар, әлеуметтік байланыстардың кеңеюі адамнан өз күйлерін өзі реттей алуды қажет етеді.
Бүгінгі кездесуді Сервантестің керемет сөзімен аяқтағым келеді: «Жағымды керемет жымиюмен көрінген әдептілік, сыпайылық, көрегендік өте қымбат бағаланбайды және ол арзан тұрмайды».
5-МОДУЛЬ. ТҰЛҒАНЫҢ ЖЕКЕ ДАРА-ТИПОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ ТҰЛҒАЛЫҚ ДАМУДАҒЫ РӨЛІ
5-ДӘРІС.ТҰЛҒА ҚҰРЫЛЫМЫНДАҒЫ ТЕМПЕРАМЕНТ, МІНЕЗ ЖӘНЕ ҚАБІЛЕТ Біздің дәрістің тақырыбы: Тұлға құрылымындағы темперамент, мінез және қабілет.
Дәрістің мақсаты:Темперамент, мінез және қабілеттің ұғымдарыныңпсихологиялық теорияларын, олардың сипаттамасын, тұлғалық дамуда өзіндік мінез бітістерін, қабілеттің даму деңгейлерін талдау арқылы, тұлғаның жеке (индивидуалды)-типологиялық ерекшеліктерінің рөлін студенттерде қалыптастыру.