1 модуль. ҰЛттық сананы қалыптастыру контекстіндегі тұЛҒа психологиясы


https://www.internetworldstats.com/emarketing.htm сайтынан алынды



бет45/57
Дата15.11.2023
өлшемі0,67 Mb.
#123603
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   57
Байланысты:
Дәріс тезистері Психология 2023ж.

https://www.internetworldstats.com/emarketing.htm сайтынан алынды



Мерзімі

Қолданушылар саны

Əлем халқының саны %

Ақпарат көзі

1995 ж. желтоқсан

16 миллион

0,4 %

IDC

2005 ж. желтоқсан

1 018 миллион

15,7 %

Əлемдік интернет-статистика

2015 ж. желтоқсан

3,366 миллион

46,4 %

Əлемдік интернет-статистика

2017 ж. желтоқсан

4 156 миллион

54,4 %

Əлемдік интернет-статистика

2018 ж. маусым

4 208 миллион

55,1 %

Əлемдік интернет-статистика

Егер 1995 жылдың желтоқсанында əлемдегі халықтың 0,4 % интернетті пайдаланған, яғни 16 миллион пайдаланушы, 2018 жылдың маусым айындағы деректер бойынша бұл көрсеткіш 55 %, яғни 4 миллиард 208 миллион пайдаланушы интернетке қосылды.


Қазіргі таңда, сандық (цифрлық) технологиялар өміріміздің ажырамас бір бөлігіне айналды. «Электронды, виртуалды қарым-қатынас», «киберкоммуникация» терминдері кеңінен таралуда. Бұл қарым-қатынас түрі интерактивті, әлеуметтік желілер және чаттар арқасында реалды уақыт режимінде онлайн өтеді. Виртуалды қарым-қатынастың басты ерекшеліктері:

  • Шектеулі сенсорлық байланыс. Интернет-технологиялар арқылы жүзеге асырылатын қоммуникацияда шынайы өмірдегі көзқарас, дауыс ырғағы, ым-ишара секілді сенсорлық байланыс тапшылығы бар.

  • Физикалық дененің болмауы, яғни адмдар өзінің шынайы келбетін көрсетпей, аноним болып қарым-қатынас орната беруі мүмкін. Осы орайда «киберМен» («киберидентичность») мәселесі туындайды. «КиберМен» альтернативасы – никнейм («nickname» ), аватар, юзерпик («userpicture») болып табылады. Виртуалды әлемде адам өзінің тұлға сипаттамасын өзі таңдай алады, қалаған рөл, жас, әлеуметтік дәреже, жыныс таңдай алады.

  • Коммуникацияның тіл ерекшелігі. Виртуалды қарым-қатынастың басым көпшілігі жазбаша болғандықтан, өзіндік компьютерлік сленг дамиды: қысқартылған сөздер, акронимдер, шет тілінен алынған терминдер.

  • Эмоцияларды көрсету ерекшелігі. Виртуалды әлемде эмоциялар мен ым-ишара смайлдар мен эмотикондар арқылы беріледі. Адамның жүзінде пайда болған күлкі мен чатқа жіберілген смайл арасында бірнеше секунд уақыт қалады, яғни эмоциялар кейінгі эффектпен қабылданады. Сонымен қатар, виртуалды қарым-қатынаста адамдар шынайы емес, қалаған эмоцияны көрсете алады. Бұл «бетперде» арқылы тілдесуге тағы бір жеңілдік туғызады.

  • Кеңістік пен уақыт ерекшелігі. Виртуалды қарым-қатынаста уақыт пен кеңістік қатынас шексіз. Адам онлайн байланыста уақыттың дәл қазіргі сәтінде өмір сүреді де, офлайн байланыс хаттан-хатқа дейінгі уақытта болады. Бұл жерде кеңістік заңдылықтары еш әсер етпейді.

ІІІ. Сонымен, виртуалды қарым-қатынас адамға үлкен кеңшілік жасайды. Киберәлемде адамдар өзінің шынайы немесе ойлап тапқан қатым-қатынас кедергілерін (түр-келбеті кемшілігі, тіл дефектілері, мінез, мүгедектік (инвалидтілік), психикалық ауытқулар) жоққа шығарып, әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыра алады.
Мұндай жағдай қосымша сенімділік беріп, ішкі өзін-өзі таныту мотивін жүзеге асырады.
Осылайша, виртуалды қарым-қатынас ақпараттық, коммуникативті, терапиялық, мәдени қызметтер атқарып, адамның психологиялық келбетін өзгертті.
Сандық (Цифрлық) технологияларды қолдану адамның ес, зейін, ойлау қабілеттерін өзгертті. Л.С.Выготский ойлап тапқан «жақын даму аймағындағы» ересек адамның рөлін цифрлық технологиялар басуы әбден мүмкін, себебі бала өзі жасай алмаған істі цифрлық технологиялар көмегімен орындай алатыны ақиқат.
Қазір адамдардың шынайы өмірінің басым бөлігі виртуалды әлемде өтіп жатыр: іскерлік қарым-қатынастар, банктік операциялар, интернет сауда саттық, оқу және т.б.
Бұл шынайы өмірдегі әлеуметтену процессіне жағымсыз әсер етуі мүмкін. 2000 жылдың басында дүниеге келген балаларды – Z ұрпағы деп атайды және олар интернет технологиялар заманының балалары болып табылады.
Оларды интернеттен айырса, олар ауырып, тұншығып, кеңістіктегі бағдарын жоғалтып алуы мүмкін, себебі интернет оларды әлеммен байланыстырып отыр. Осыған орай, іскерлік қарым-қатынастар сандық (цифрлық) технологияларды қолдану мүмкіндігі арқасында, шекара, уақыт және кеңістік ұғымдарын шетке ысырып, жаһандану, жылдамдық, еркіндік, қолжетімділік ұғымдарын алға қойып, жаңа кибер іскер орталық құруда.
Ал Сіз:

  1. Тәулігіне неше сағат интернетте отырасыз?

  2. Әлеуметтік желідегі достар саны нешеу және олардың қаншасымен хабарласып, байланыста отырасыз?

  3. Интернет ойындарға құмарлық танытасыз ба?

  4. Интернетсіз өмір сіз үшін мүмкін бе?

Өз жауаптарыңызды объективті талдаңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет